Ндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны

V. Экономикалық бөлім.

Қоғамдағы өндіріс шығындары деп - әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Шығын - қоғамдық және өндіріс шығыны болып бөлінеді.

Қоғымдық шығынға өнім түріне немесе қоғам өндірісіндегі өнімге толық Жұмсалған шығынды айтады.Оған : еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстарды жэне қосымша өнімнің құны, білім беру, денсаулық, қорғаныс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс т.б. қоғамдық мұқтаждарына жұмсалған шығындар жатады.

Өндіріс шығынына: еңбекақы,түрлі төлемдер, материалды ресурстар құны және жыл бойғы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатысқан техникалар, машиналар, құрал-жабдық, үйлер, ғимараттар т.б. материалдық ресурстар - айналым қоры (жағар-жанар май, отын, химикаттар т.б. құралдар құны) кіреді.

Барлық салаларда өнімнің өзіндік құны жанды еңбек, өткендегі не болмаса мүліктенген еңбек шығындары болып бөлінеді.Өткендегі мүліктенген еңбек шығындары дегеніміз өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары. Жанды еңбек шығындары дегеніміз - жұмысшылардың белгілі бір өнімді өндіруге нақтылы жұмсаған шығынды айтады. Мысалы, өнеркәсіпте керекті мүліктенген еңбек шығынына: түрлі станоктар, техникалар, машиналар, жағар -жанар май, химикаттар т.б. шығындар кірсе, жанды еңбек шығынына: әрбір технологиялық өндірістің жұмыстарына жататын, мысалы: шикізатты қабылдаудан бастап,өнім бұйымдарын шығаруға дейінгі шығындары кіреді.

Сонымен, мүліктенген және жанды өндірістік еңбек шығындарының біріккен жиынтығы - қоғамның өндіріс шығынын құрайды. Өз кезегімен өндірістің қоғамдық шығыны тауардың құнын құрайды.

Тауардың өзіндік құнын тауар құнының бір бөлігі деуге болады. Ол құн төмендегідей үш бөлімнен тұрады: баға=С+Ү+М, мұнда: С - өндірісте тұтынған,еңбек арқылы өндіріс факторларының өнімге айналған түрінің құны;Ү - өнімнің қажетті еңбек арқылы ( өзіміз үшін ) келген бөлігінің құны; М - өнімнің үстеме еңбек арқылы ( қоғам үшін ) келген бөлімнің құны.

Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір бірлігіне бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Өнеркәсіпте өзіндік құн динамикасы көп ретте өнделетін шикізаттын сапасына, өндіріс технологиясының қазіргі талапқа сай деңгейіне байланысты.

Әр жерден дайындалған тіпті бір типтес шикізаттарды, материалдарды өндеуге бірдей шыққан шығынның өзіндеде қортындысы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда өзіндік құнның мөлшері де әртүлі болады, яғни жұмсалған шығынға сәйкес келмейді. Ол өндіріс салаларының бағытына, өндірісті ұйымдастыруына, шикізат, материалдар сапасына, еңбек ресурстарын дұрыс басқару және мамандардың қабілетіне тікелей байланысты болып келеді.

Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері.

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорыннын шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар - бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3-ке бөлінеді:

• өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

• өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шы­ғындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

• өндірістің әлеуметтік – мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудьң мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

Өндірістік шығындардың жіктелуі

Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1. Экономикалық элементтер   2. Өзіндік құнның статьялары 3.Технологиялық процестерге қатыстылығы 4. Құрамы 5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі 6. Өндірістік процестегі рөлі 7. Мақсатқа сәйкес жұмсау 8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі 9. Өнімнің көлеміне қатысы 10. Шығу мерзімділігі 11. Дайын өнімге қатысы Шығындардың экономикалық элементтері Өзіндік құнның калькуляция статьялары Негізгі, қосымша Бірэлементтік, кешенділік Тікелей, жанама   Өндірістік, өндірістен тыс Өндірістік, өндірістен емес Жоспарлы, жоспарсыз Тұрақты, ауыспалы Күнделікті, бір жоғы Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары

 

Ауыспалы шығындар — бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына төуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар.

Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресуротарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен - өзі түсінікті). Сыртқы шығындар - бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухталтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурс­тарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

 

Шығындардың жіктелуі.

Кәсіпорын шығындары - өндіріске енгізетін факторларды алуға жұмсалатын шығындар; ресурс өнімдерін өндіруге және өткізуге қолданылатын ақшалай көрініс.

Айқын (бухгалтерлік) шығындар - кәсіпорынның қолданылатын ресурстарға төлемі (шикізат, материал, отын, энергия алуға, еңбекақы төлеуге, өтелімге жұмсалатын шығын, көлік, сақтандыру және басқа да кәсіпорын ақшалай формада төлейтін алығыстары); нарық бағасымен алынған өндіріс факторларының нақты шығындары.

Айқын емес шығындар - өндірісте кәсіпорын иесіне тиесілі (жер, орын, жеке еңбегі және т.б.) ресурстарды пайдаланудағы көрсетілетін шығындар, кәсіпорын бұл шығындарды төлеу міндетін алады, бірақ анық ақшалай формада емес.

Экономикальщ шығындар (бухгалтерлік және айқын емес шығындар жиынтығы) - ресурстарды пайдаланудың («жіберілген мүмкіндіктер шығыны») баламалы жолымен байланысты шығындар. Ол ресурстарды пайдаланудың баламалы нұсқаларының барлық ұтымдысын пайдаланған кезде пайда болатын құндылық болып табылады.

Өзгермелі шығындар - шығарылатын өнімнің көлемі тікелей үйлесімді өзгеретін және щығарылым құрылымына тәуелді болатын шығындар.

Тұрақты шығындар - қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлеміңен және құрылымына тәуелсіз шығыстар.

Тікелей шығындар - нақты бір өнім түрін өндірумен байланысты экономикалық бір текті шығыстар.

Жанама шығындар - өнімнің бірнеше түрін дайындаумен немесе оны өңдеудің түрлі кезендерімен байланысты болғандықтан жекелеген бұйымдарды тікелей тиісті белгісіне қарай есептеугс болмайтын шығындар.

Негізгі шығындар өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты шығындар.

Жөнелтпе (жүкқұжат) шығындары - өндірісті ұйымдастыру, басқару және кызмет көрсету бойынша белгілі бір жұмыс жағдайларының әсерінен (пайда) болатын өнімді дайындаудың технологиялык процестерімен тікелей байланысты емес (байланыссыз) шығыстар.

Смета - болжалды нәтижеге жету үшін қажетті жұмсайтын

түрі мен орны бойынша шығындар мөлшерін анықтайтын ақша өлшеуішімен көрінетін жоспар.

Икемді смета - іскер белсенділіктің түрлі деңгейінде есептеумен дайындалғаи және өндірістік шығарылым деңгейіндегі өзгерістерге бейімделген болжалды шығын сметасы.

Калькуляциялау - шығын түрлерін тікелей сол шығын жеткізушілеріне жатқызу процесі ал калькуляция - нақты бір өнім түрін өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу.

Калькуляциялық бірлік – калькуляциялау объектісінің өлшеуіші.

Өндіруге және калькулнциклауға жұмсалатын шығындарды есептеу - бұл құжаттамаларды кабылдау және өндірістік шығындар көрінісінің жиынтығы. Оларды былай топтауға болады:

а) шығынды есептеу объектілері бойынша - процестіқ, бөлістік, тапсырыстық;

ә) шығынды есептеу толыктығы бойынша - толық өзіндік құнын калькуляциялау,толық емес өзіндік құнын калькуляциялау;

б) шығынды есептеу және бақылау жеделдігі бойынша - нақты және нормативті шығындар есебі.