Электр тізбектерінің параметрлері. Вольт-амперлік сипаттамалар, ЭҚК және ток көздері

Тұрақты ток электр тізбектері. Электр тізбектерінің негізгі ұғымдары.

Электромагниттік процестері кернеулік және ток түсініктерінің көмегімен сипатталатын, элекр тогын жүргізуге арналған қондырғылар жиынын электр тізбегі деп атайды. Жалпы жағдайда, электр тізбегі ток көзі мен қабылдағышты байланыстыратын электр энергиясының көзі мен қабылдағыштардан және аралық бөлімдерден ( өткізгіш сымдардан, аппараттардан) тұрады. Электр тізбегіндегі элекктромагниттік процестерді «ток», «кернеу», «э.қ.к», «кедергі» («өткізгіштік»), «индуктивтілік», «сыйымдылық» түсініктерінің көмегімен сипаттауға болады. Электр энергиясының көзі ретінде гальвани элекменттері, аккумуляторлар, жылулық элементтер, генераторлар және басқа да қондырғылар алынады. Оларда химиялық, молекула кинетикалық, жылулық, механикалық немесе энергияның басқа түрінің электр энергиясына айналу процестері жүріп жатады. Жоғарыда айтылған ток көздерімен салыстырғанда, энергияның ешқандай түрі өзгермейтін, энергия көзіне қабылдағыш антенна да жатады. Электр энергиясының көздері өздерінің мәндері және бағыттарымен, сол сияқты ішкі кедергілерінің мәндерімен де сипатталады. Электр энергиясының қабылдағышы немесе жүктемесі деп, электр энергиясын жарық, жылу, мехникалық және т.б.энергияға айналдыратын электр шамдарының, электр қыздырушы құралдарының, электр двигательдерінің және басқа да қондырғылардың қызметін айтады. Жүктемеге кеңістікке электромагниттік толқындарды шығарып, тарататын антенна да жатады. Электр тізбектерін есептеулер, оларда жүретін процестерді зерттеулер, әр түрлі жорамалдауларға және электрлік тізбектердің нақты объектілерін бірқалыптар идеялизациялауға негізделеді. Демек, электрлік тізбектер теориясында элементтертүсінігіне көбіне электротехникалық қондырғылардың құрамды бөліктері емес, олардың идеялизацияланған үлгілері алынады да, оларға белгілі бір электрлік және магниттік қасиеттер тағылады, соның нәтижесінде, олар нақты қондырғыларда пайда болатын құбылыстардың жиынтығын жуықтап бейнелейді. Электрлік тізбектер жүйесінде элементтерді активтік және пассивтік деп бөледі. Активтік элементтерге жататын электр эоектр энергиясының көздері кернеу көздері және ток көздері. Электр тізбегінің пассивтік элементтеріне кедергі, индуктивтік және сыйымдылық жатады. Соған сәйкес активті және пассивті тізбектер болады.

Электр тізбектерінің параметрлері. Вольт-амперлік сипаттамалар, ЭҚК және ток көздері.

Параметрлері.:Ток, кернеу, э.қ.к, кедергі.

Өткізгіш ортадағы электр тогыдеп, электр зарядтарының бағытталған қозғалысын айтады. Металдардағы және вакуумдық приборларда электр тогы дегеніміз – теріс зарядталған бөлшектердің қозғалысы болса, ал электролидтерде оң және теріс зарядталған бөлшектердің қозғалыстары болады.

Ток дегеніміз сан жағынан қарастырылып отырған өткізгіштің көлденең қимасы арқылы тасымалданатын зарядты бөлшектердің, электр мөлшерінің уақыт аралығы нөлге ұмтылғандағы шамасының, сол уақыт аралығына қатынасына тең шама.

Кедергі – тізбектің идеал элементін айтады. Оны жуықтап алғанда резистормен ауыстыруға болады ( « резистор» соңғы жылдарда техникалық әдебиетте « кедергі» терминінің орнына кеңінен қолданылып жүрген ұғым). Кедергіде, яғни резисторда электр энергиясының жылуға айналуы қайтымсыз прцесс түрінде өтеді. Кедергі r әрпімен белгіленеді, сол сияқты ол тізбектің элементіндегі кернеудің токқа қатынасына тең болып, оның сандық шамасын бағалайды., демек

R = u/i

Көзі бар тізбектің бөлігі үшін оның вольт – амперлік сипаттамасын құруға болады.

Тізбектей қосылған тұрақты Е – э.қ.к –і көзі және r – кедергісі бар тармақ көрсетілген. Тармақ арқылы жүретін i – тогының шамасы және таңбасы жалпы жағдайда берілген э.к.қ көзінен ғана емес, электр тізбегінің басқа да бөлігінің 1 және 2 қысқыщтарына қосылған көздерінен де тәуелді болады.

Э. Қ.к – пен токтың көрсетілген бағыттарында, 2 – ші қысқыштағы потенциал 1 – ші қысқыштағы потенцалға қарағанда, э.қ.к – нен r – кедергісі арқылы i – тогі жүргенде түсетін кернеуді алып тастағандағы шығатын шамаға жоғары болады:

U = u21 = E – ri

Cондықтан осы теңдеу вольт – амперлік сипаттама тұрғызылады, оны сыртқы сипаттама деп атайды.