Тұрақты ток электр тізбектері. Екі түйін әдісі

Көп жағдайда екі түйіннен тұратын схемалар кездеседі. Мұндай схемаларда түйіндік потенциалдар тәсілінің жеке түрі екі түйін тәсілімен есептелінеді. Электр тізбегін есептеу үшін екі түйін тәсілін қолдану дегеніміз – екі түйін арасындағы кернеуді табу. Мысалы, схемада барлық токты табу керек болсын. Екі түйіннің арасындағы Uab кернеуді табайық: U ab = ΣEkgk / Egk

Ek gk таңбалары жоғарыдағы түйіндік потенциалдар тәсіліндегідей қабылданады. Кернеуі табылғаннан кейін, барлық тармақтағы токты анықтаймыз.

Берілген схеманың екінші және төртінші тармақтарындағы Е2 және Е4 жоқ, яғни Е2 = 0: I2 және I4 токтар есептеуде теріс таңбалы болған, яғни алынған бағытты кері бағытқа өзгерту керек.

Электр тезбектерін есептеу кезінде схемада кедергісі жоқ тек қана таза ЭҚК – і бар тармақтар да кездеседі.

Тұрақты ток электр тізбектері. Активті екіполюстік әдісі.

Тікбұрышпен белгіленген, бөліп алған тармаққа қатысты, схеманынң барлық бөлігін екіполюстік деп атайды. Сонымен, біз екіполюстікті бұл өзініңекі шығыстық қысқыштармен белгіленген тармаққа жалғанатын, схеманың жалпыланған аты деп түсінеміз. Егер екіполюстікке э.қ.к – і немесе ток көзі болса, онда оны активтік деп атайды.

Синусоидалды ток электр тізбектері. Синусоидалды ЭҚК-ны алу.

Периодты айнымалы токтың әсер етуші мәні (әсер тогы) дегеніміз оның период аралығындағы орташа квадраттық мәні:

(2)

Бұл формуланың екі жағын квадраттап және -актив кедергі болатындай шамаларына көбейтіп

аламыз.

Бұл теңдік әсер етуші периодты ток мәні бойынша актив кедергі болғандағы период аралығында берілген айнымалы токпен бірдей энергия мөлшерін бөліп шығаратын тұрақты токка тең екендігін көрсетеді.

(2) формулаға сәйкес қатынастар кернеу мен ЭҚК үшін де дұрыс болады:

Сонымен қатар бұл қатынастар кез-келген периодты айнымалы токтар мен кернеу, ЭҚК үшін дұрыс.Синусоида заңымен өзгеретін айнымалы ток үшін оның әсер етуші мәнінің амплитудаға m тәуелділігін табуға болады. деп алсақ

Осы өрнекті (2) формулаға қойып

аламыз.

Осындай қатынастар синусоидалық кернеу мен ЭҚК үшін де дұрыс:

; .

период аралығындағы.

Периодты айнымалы токтың орташа мәні ор мына формуламен анықталады:

Токтың оң және теріс жартытолқындарының аумағы өзара тең болғандықтан синусоидалық ток үшін период аралығындағы орташа мәні нөлге тең. Сондықтан синусоидалық токтың орташа мәнін токтың оң жартытолқынының уақытымен, яғни жарты период аралығымен анықтайды

(4-сурет):

Токтың бұл мәні орташа түзетілген мән деп аталады.

Суретте көрсетілгендей, синусоидалық токтың орташа мәні негізгі болатын і тогының қисығымен шектелген төртбұрыштың биіктігімен анықталады.Осындай қатынастардыкернеу мен ЭҚК-нің орташа мәндері үшін де жазуға болады.

, .