Мақсаты: Сахна арқылы ұлттық тәрбие беру

Дәріс мазмұны:

1. Эпостық шығармаларды сахнада лайықты көрсету жолдары

2. Батырлық жырларды оқыту кезінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары

Эпостық шығармалар (батырлық, ғашықтық жырлар) эстетикалық ерекшеліктеріне қарай, театрлық сахналардан және экрандардан орын алады. «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу», драмасы, «Махаббат дастан» кинофильмі, «Ер Тарғын» операсы, «Қамбар батыр» балеті, «Қара Қыпшақ Қобыланды» дармасы және экранға түсірілген «Қыз Жібек» кинофильмі эпостық шығармалар көркемдігін көркейте беретін мәңгі, құнды мұралар екендігі дәлел бола алады.

Эпостық шығармаларды мектеп сахнасында көрсету-ойланып- толғануды, шеберлік пен білімді, өнерді талап ететін күрделі проблема.

Эпостық шығармаларды мектеп сахнасында көрсету- оқу- тәрбие жұмыстары үшін, өте қажет нәрсе. Өйткені эпостық шығармалардың оқу- тәрбиелік мәні ерекше орындалады. Эпостық шығармаларды мекиеп сахнасында көрсету үшін не істеу керек:Ол үшін, сол эпостық шығармаларды (батырлық жырлар мен ғашықтық жырларды) мектеп жағдайына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ықшамдап, ыңғайлап, дайындай білу керек.Эпостық шығармаларды мектеп сахнасында лайықтау оңай жұмыс емес.Эпостық шығармаларды оқушыларға мектеп сахнасында көрсету үшін, ең әуелі мектеп сахнасының мүмкіндіктері ескеріледі.

Мектеп сахнасында эпостық шығармаларды үлкен фонада көрсетуге мүмкіндік жоқ, сондықтан оларды сахнада көрсетудің мына төмендегіше түрлерін қолдану керек:1.Эпостық шығарманың үзінділерін жатқа, көркемдеп орындау. 2. Эпостық шығармалардың диалогы мол үзінділерін рөлдерге бөліп жаттап, декорация құрып, эпизодтық көрініс ретінде көрсету.3.Эпостық шығармалардың үзінділерін белгілі бір тақырыпқа іріктеп жаттап,көркемдеп орындау (әдеби монтаж). 4.Эпостық шығарманың ықшамдалған инсценировкасын сахнада қою. 5. Қуыршақ театры арқылы эпостық шығарманың толық инсценировкасын көрсету.

Мектеп сахнасында «Қобыланды батыр» жырынан «Тайбурылдың шабысын», «Қазан мен Қобыландының айқасын», «Құртқаның зарын», «Ер Тарғын» жырынан «Ақжүністің Қарт Қожаққа айтқанын», «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» жырынан «Баянның қоштасуын» т.б. оқушылардың жатқа көркемдеп айтуын ұйымдастыруға болады. «Қобыланды батыр» жырынан Қобыландының қызылбастарға қарсы аттануын, «Ер Тарғын» жырынан «Тарғын, Ақжүніс, Қарт Қожақ» үшеуінің кездесуін, «Қозы- Көрпеш- Баян Сұлу» жырынан Қарабай мен Сарыбайдың достасуынан басталатын диалогы мол үзіндіні сахнада ойнау үшін рөлдерге бөліп жаттап, жеке үзінділерді кейін декорациялы сахнада актерлік дайындықпен көркемдеп көрсету керек.

Мектеп сахнасында эпостық шығармалардың эстетикалық , этикалық, тарихи мәнін тереңірек көрсету үшін тақырыптық инсценировканы қуыршақ театры арқылы көрсету мектептерде қолайлы.Мектепте эпостық шығармалардың инсценировкаларын толық түрінде және үзінді қуыршақ театры арқылы көркемдеп көрсетудің тәрбиелік, ұйымдастырушылық мәні зор.

Әдеби көрме.Әрбір батырлық жыр, оқылып болған соң, сол эпостың мазмұны мен тақырыбына байланысты, әдеби көрме ұйымдастырылады. Әдеби көрме оқушылар салған иллюстрациялық суреттер, эпостың тексіне лайықтап атақты суретшілердің салған сурет көшірмелері, макеттер, таблицалар, альбомдар, экспонаттар, галлереялық құрамы, оқушылардың жақсы- жақсы жазба жұмыстары, т.б. заттар көрсетіледі де, әуелі түсіндірмелі, соңынан қорытынды әңгіме өткізіледі.

Әдеби газет.Әдебиет үйірмесінің газеті батырлық жырлар бойынша өтілетін әрбір кештің алдында, сол кештің тақырыбына байланысты шығарылады.Әдеби газеттің көркем және мазмұнды шығуына оқытушы тікелей басшылық етеді.Әдеби кеште газаттің көркем, мазмұнды шығуына атсалысқан оқушыларды ынталандырып бағалайды.

Инсценировка. Батырлық жырларда драматизм басым екендігін білеміз.Эпостық шығармалар инсценировка жасауға өте қолайлы. Инсценировка ұйымдастыруда мұғалім мектептің драма үйірмесімен, артистермен байланыс жасайды.

Пікірлесу. Оқытушы жырды оқыту кезінде бұрынғы оқиғаларды қазіргі оқиғалармен, бұрынғы ерліктерді қазіргі ерліктермен, бұрынғы эпос пен қазіргі эпостарды салыстыра талдайтын, жырдағы жеке кейіпкерлер туралы пікірлерді талдайтын пікірлесу ұйымдастырылады.

Оқушылар конференциясы.Әсіресе, сыныптан тыс оқылатын эпостық шығармалар (Қамбар батыр, т.б.) бойынша оқушылар конференциясы өткізіледі. Оқушылар конференциясының тақырыбы, жоспары күні және бұрын хабарланып, баяндамашылар мен сөйлеушілер дайындығы ұйымдастырылады.

Экскурсия. Жергілікті жағдайға байланысты эпостық шығармаларда аталған географиялық деректерге, тарихи орындарға, театрға, музейге оқушылардың экскурсиясы ұйымдастырылады.

Дәріс