Жұмыс №5 Жобаларды салу

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

№15 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.

 

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

 

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

 

 

Астана 2014ж

 

 

1. Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.

2. Мақсаты:.

3. Оқу мақсаты: Студентті шартты рефлексті құрастыру әдістеріне және шартсыз бен шартты орталықтардың аралығындағы уақытша байланыстың түзілу жолдарын талдауға үйрету. «Жол сүрлеу» жүретін орталықтардың орналасуы мен шартты-рефлекторлық байланыстың негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті жайында түсінік.Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер). Олардың организмнің бейімделу іс-әрекеті үшін маңызы, жіктелуі.

2. Жүре пайда болған тәртіп- мінез- құлық. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде.

3. Балада шартты- рефлекторлық іс-әрекеттің пайда болуы.

4. Шартты рефлекстің пайда болу және көріну заңдылықтары. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. Шартты рефлекстердің жіктелуі.

5.Шартты рефлекстер пайда болуының физиологиялық механизмдері, олардың құрылыстық- қызметтік негізі (И.П. Павлов, П.К. Анохин).

6.Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.

7. Динамикалық стереотип, оның физиологиялық маңызы, еңбек дағдыларына үйренудегі және оларға ие болудағы маңызы.

8.Қызметтік жүйелер тұрғысынан қарағандағы біртұтас мінез-құлықтық актінің архитектурасы. (П.К. Анохин).

9. Шартты рефлекторлық іс-әрекеттің тежелуі. Қыртыстық тежелудің түрлері.

10.Тежелудің қыртыстағы талдауға және шартты-рефлекторлық іс-әрекетке қатысы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Егеуқұйрықтарда белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру.

2. Тәжірибелік жануарларда тәртіптік реакцияларды зерттеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ