Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі

“Қағида” ұғымы (латынның – бастау, негізгі деген сөзінен шыққан) адамның негізгі тәртіп ережесі, бастапқы, басшы, идея дегенді білдіреді. Қағида өзіне мемлекеттік басқарудың мәндік қасиеттерін таңдайды, және соның құрамынан бөлініп шығады. Осыған сәкес мемлекеттік басқару қағидасы мемлекеттік басқару жүйесі құрылымдық элементтерінің ішкі келісімі мен мәнін білдіретін, негізгі басшылық бастамасы болады. Мемлекеттік басқарудың мәні мен жіктелуі бір жағынан ҚР-ның әлеуметтік –экономикалық және саяси бамуының жалпы заңдылықтарын, екінші жағынан - мемлекеттік басқарушылық саладағы объективтік процесске негізделеді.

Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде қағида заңдарда белгіленіп, бекітілуі тиіс. Тек осындай кесде ғана олар басқарушылық тәжірибе үшін міндетті заңды мәнге ие болады.

Басқарудың құықтық (міндетті) қағидалары басқарушылық жағдайдағы заңдылықта жүзеге асқан болып табылады. Бұған дәлел ретінде ҚР Конституциясының 1-бабының 2-ші тармағында бекітілген:

қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық

бүкіл халық игілігі үшін экономикалық өркендеу

қазақстандық патриатизм

Республикалық референдум немесе Парламенттегі дауыс беруді қоса, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қағидалары мысал бола алады. Ары қарай, Конституцияның 2- тарауы “Адам және азамат” бөлімінде (33 бап) басшылықтағы идея азаматтардың мемлекетті басқару істеріне қатысу құқығына, мемлекеттік қызметке кіруге теңдей құқық және тағы басқалары негізделген.

Мемлекеттік басқару қағидаларының жетекші рөлін төмендегі негізгі позицияларда айқындауға болады:

қағидалар басқару тәжірибесі үшін арнайы болжам ретінде қызмет етеді, немесе олар заңдық актілерде бекітілген және басқарушылық қатынастарның қатысушыларының тәртібін мемлекеттік құрылыстың, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызмет ұйымдарының реформалауынаң басқарушы идеяларына сәйкес бағыттайды;

қағидалар басқарушылық қатыныстардықұқықытық реттеу үшін алғашқы негіз болып табылады. Бұл ретте қағидалар құқықтық нысанда мемлекеттік басқарушылардың мәні мен мазмұнын айқындайды, сондай-ақ заң шығарушыларды жаңат заңдарды қабылдау мен шығару кезінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру мәселесі бойынша осы басқарушы идеялардың іске асырылу механизмін көздеуін болжайды.

қағидалар мемлекеттік басқарудың құқықтық дағдысына тұрақталық береді. Бұл әсіресе ҚР-да нарықтық қатынастарды құру мәселесінде өте маңызды. Қоғамдық істерді басқару саласындағы басқарушылық идеялары заңдарда бекіте отырып мемлекет осылайша өзінің бүкіл мемлекеттік басқару механизмі үшін алғашқы құқықтық негіз құруды, сонымен қатар басқарудың қоғам өміріндегі жеке салаларын құруды қамтамасыз етеді (экономика, әлеуметтік және әкімшілік саяси құрылыс саласын);

басқару қағыдаларымемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне, кәсіпорындар мекемелер ұйым азаматтары мен ұжымдарына тәрбиелік әсерін тигізеді. Басқарушылық қатынастарда тараптар әрекеттегі заңдардың мағынасын анықтай отырып және нормативтік құқықтық актілердегі мемлекеттік басқару қағидаларын игере отырып, сонда көрсетілген тәртіп ережелеріне ерікті түрде бағынады.

Басқару теориясы мен мемлекеттік тәжірибеде дамуға ие болған аталған қағидалардың қасиеттері мемлекеттік басқару механизмінің фундаментальдық негізін құрайды.

Мемлекеттік басқару қағидалары өзінің мазмұны бойынша, әрекет ету саласы бойынша, мақсатты бағыты бойынша, байланыс сипаты мен басқару тәжірибесіндегі көрініс нысаны бойынша әрекеті.

Бүкіл қоғам үшін әсер ететін негізгі қағидалар ҚР Конституциясында бекітілген. Олар мемлекеттік басқарудың әлеуметтік саяси мәнін бүтіндей анықтайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару қағидалары конституциялық (негізгі) және салалық болып бөлінеді. Аталған екі топ қағидалары бүтіндей бір жүйені құрайды, олар өзара тығыз байланысты және бір-бірімен бүтіндей, сонымен қатар көрсетілген топтардың ішінде де әрекет етеді.