Мемлекеттік басқарушылардың конституциялық (негізгі) қағидалары

Мемлкеттік басқарудың конституциялық (негізгі) қағидалары:

- мемлекеттік билік пен басқару билігі;

- заңдылық;

- мемлекет мүддесі алдындағы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы (приоритет);

- мемлекеттік басқаруды қатысуға азаматтардың тең құқықтығы;

- мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариалылықтың есебі;

- аумақтық – саласық; мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімділігі;

- халықаралық іскерлік болып табылады.

Мемлекеттік билік пен басқару билігі қағидасы – мемлекеттің ұйымдық – саяси мәні мен оның бағыныштылық әсерінің қоғамдық жүйеге әсерін білдіреді. Ол соған сәйкес мемлекеттік органдар тарапынан қажетті құралдар қолдануының арнайы нысанында айқындалады. Бұл жағдайда билік өзін мемлекеттік басқару, мемлекет сипаттамасының ажырамас компоненті ретінде көрсетеді. Мемлекеттік билік бүтін, бірегей екенін ерекше көрсетуіміз қажет. Ол Конституция мен Заңдар негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ конституциялық қағида бүтіндей мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөледі.

Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың ҚР-ның әрекеттегі заңдары мен конституциясын, басқа тұлғалардың құқықтыры, бостандықтары мен ар-намысы қабыр-қасиеттерін силауын талап етуін білдіреді. Заң мен сот алдында барлығы тең.

Ешкімге өзінің пайда болу жағдайы, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасы, тұрғылықты жері және т.б. жағдайларға байланысты ешқандай диекреминацияға жол берілмейді. (ҚР Кон. 14-бап).

Мемлекеттік басқару саласында заңдылық қағидасының сақталуы бүкіл мемлекеттік тәжірибе мен бүтіндей қоғамдық өмір негізделетін заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Аталған қағиданың талаптары басқару актілерін шығарумен қатар, оларды қолдану барысында да жүргізіледі.

Азаматтардың мемлекет мүддесі алдындағы құқықтыры, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдық ету қағидасы – азаматтардың мемлекуеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларға қатынасы бойынша өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысындағы азаматтардың көбінесе басымдылық жағдайын білдіреді. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан өзін демокралиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариалай отырып, адам өмірі, құқығы мен бостандықтарын жоғары құндылығы, байлығы деп есептейді. Мемлекет әркімге тумысынан берілетін конституциялық құқықтыры мен бостандықтарын мойындайды және олар обсалютті, қол сұғылмайтын болып табылады. Мемлекет заңдар мен басқада құқықтық нормативтік актілердің қолдануы мен мазмұнын белгілейді.

Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысудың тең құқықтығы. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес ҚР азаматтары мемлекетті басқару істеріне қатысуға тікелей және сонымен қатар өздерінің өкілдері арқылы, жеке, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке дара және ұжымдық жолдаулар жіберуге құқығы бар.

Сондай-ақ азаматтар өздерінің қабілеттері мен кәсіпқойлық дайындықтарымен мемлекеттік қызметке кіруге тең құқылы болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер қызметіне үміткерлерге қойылатын талаптар қызметтік міндеттер сипатына қарай тек заңға сәйкес белгіленеді.

Мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариалылық есебі қағидасы басқару органдарының және ондағы лауазымды тұлғалардың қоғамдық пікір мен қызмет тәжірибесінің тіркелуін, есеп жүргізу міндеттілігін талап етуде, ол әр түрлә нысанда болуы мүмкін (мыс: басқару органдары қызметі туралы сын материалдары, тікелей басқару органдарына бағыталған ғылыми нұсқаулар немесе ұсыныстар түріндегі мөр (печать)). ҚР Конституциясында (5 бап) мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жалпы кегіздері анықталған. Жекеше қоғамдық бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, мемлекеттік органдардың қызметінің қоғамдық бірлестіктерге жүктеуіне сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер қызметін мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді.

Жариалылық мемлекеттік органдар қызметі туралы БАҚ мен басқада басылымдарда үлкен қоғамдық ақпараттарды білдіреді. Жариалылықты мысалы ретінде мемлекеттік қызметтің бос әкімшілік қызмет орындарына конкурс жариалау бола алады. Сонымен қатар жариалылық қағидасы өзіне сәйкес мемлекеттік органдардың арнайы өкілеттіктерін есепке ала отырып белгілі бір шектеулерге де ие болады.

Жекеше (вчастности), прокуратура органдары қызметіндегі жариалылық тек азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын қорғау мен мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдардың талаптарына қайшы келмейтін жағдайда ғана жол беріледі (ҚР «Прокуратура туралы» 21.12.1995ж. №2709 Заңы, 3-бап, 5-тармақ).

Мемлекеттік басқару құрылымдық негізін аумақтық-салалық қағида бейнелейді. Бұл қағиданың мәні мемлекеттік басқару органдарының қызметі мен құрылысында аумақтық және салақық бастаулардықорганикалық дірігуімен құралады. Көрсетілген бастулардың тіркелуі мемлекеттік басқару органдары құзіретінде бекітіледі. Аумақтық басқару құзіреттері белгілі бір территорияға қатаң таратылатын басқару органдарының қызметінде іске асады. (аудан, қала, облыс, республика). Бұл жағдайда басқару соған сәйкес территорияда орналасқан объектіге қатысты жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді тіркесі мемлекеттік басқару аппаратының барлық деңгейі мен буындарына басқару органдарының қызметі мен өкілеттіклерін қайта бөлу үшін негіз болып табылады. Қаралып отырған қағида мемлекеттік аппараттың құру тәртібін, нысаны мен әдістерін анықтайды.

ҚР-ның Президенті мемлекеттік басшысы болып табылады, оны жоғары лауазымды тұлға ретінде мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүйелеуі мен билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігі қамтамасыз етеді.

Президент Конституцияда көзделген тәртіппен атқарушылық органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Үкіметті құрады. Мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру.