Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары

Саясат сөзі (гректің polis – мемлекет, politika – мемлекет істерін жүргізу) жалпыұғымдық түсінікте класстар, ұлттар және басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды қамтитын мемлекеттік қызмет саласы болады. Қоғамның саяси өмірінің ядросы болып басқару ортасы мүддесіндегі билікке күресте, оны пайдалану мен ұстап тұруға күреске қатысуы табылады. Аталған ұғыммен сондай-ақ мемлекет істерін басқаруға, мемлекеттік қызметтің мақсатын, мәселелерін, функцияларын, әдістері мен нысандарын анықтауға қатысуын қамтиды.

Мемлекеттік саясат – көпшекті ұғым, өзінің мәні бойынша мемлекеттің өзі мен қоғамның терең процесстері мен жағдайын бейнелейді. Әсер ету масштабы бойынша мемлекеттік саясат барлық қоғамды, оның өмірлікқызметінің негізгі салаларын қамтиды. Ол соңғы есептегі экономикалық, саяси, әрбір адамның рухани және басқа құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын іске асыруын және жасап шығаруын болжайды.

Мемлекеттік басқару тәжірибесі (мақсатты бағытталған процесс ретінде) саяси режимде – мемлекет сипаттамасының маңызды қасиеттері мен шектерінде көрініс табады. Саяси режим түсінігі басқару ортасы тарапынан мемлекеттік биліктің тәжірибелі жүзеге асырылу әдістерімен, құралдарымен, әдістері жиынтығымен, ең бастысы мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасымен байланыстырамыз. Бұл орайда айта кететін жай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесінде саяси мемлекеттік қызметшілер тобының бөлініп шығатындығын ескеру керек, ол қызмет түрі – саяси-анықтаушы сипатқа ие және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда жауапты болады. Заңдармен саяси мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Реестрі, сондай-ақ берілген мемлекеттік қызметшілер категориясына шараларды қолдану тәртібі бекітілген. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге келетін болсақ, олардың қызметі мемлекеттік басқарудың саяси мақсаттарын тәжірибелі жүзеге асырылатын басқару қызметін ұйымдастырумен тікелей байланысты.

Мемлекеттік басқарудың мақсаттары басқарылатын объектілердің болашақтағы кескінін бейнелейді. Бұл жолды сөзсіз басқару мақсатын құрастырумен және құралдарын іздеумен байланысты субъективті сипаттың белгілі-бір қиындықтары болады.

Болашақтағы актілердің тек қана объектілердің идеалды жағдайы, оны нақты айтуға болмайды. Сондықтан да мемлекеттік басқарудың мақсаттары болжамдау сипатына ие. Осыған байланысты басқару субъектілерінің қойылған мақсаттарын нақтылауға жауапркершілігі мен рөлі, саяси мақсаттары мен міндеттерді және қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын жүйелейтін және жасап шығаратын тұлғалардың кәсіпқойлық деңгейінің рөлі өседі.

Стратегиялық мақсатпен қамтылған перспективаларға жету олардың ұзақ мерзімді басымдықтағы мақсаттары мен жолдарын іске асыруды нақты құрумен байланысты Президенттің Қазақстан халқына жолдауында мынадай мақсаттар мен ұзақ мерзімді басымдықтардың жетеуі көрсетілген:

1. Ұлттық қауіпсіздік. Бұл жерде мақсат Қазақстанның тәуелсіз, аумақтық

тұтастығын сақтауда егеменді мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның консолидациясы. Бұл жағдайда

ішкісаяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтау мен бекіту мақсаты

қойылады, бұл Қазақстанға алдағы және соңғы 10 жыл ішінде ұлттық

стратегияның өмірін құруға мүмкіндік береді.

3. Шетел инвестицияларының жоғары деңгейімен және шекті салымдарымен

ашық нарықтық экономикаға қаланған экономикалық өсу. Бұл жердегі

мақсат экономикалық өсудің шынайы, нақтылы және өспелі ырғағына жету.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы және сәтілігі. Қойылған мақсаты – қазақстандықтардың барлығының өмір сүру жағдайларының денсаулығын, білім алуын және экологиялық ортасын әрдайым жақсартып отыру.

5. Энергетикалық ресурстар. Бұл бағыттағы мақсат – экспорттағы мұнай мен газды өндірудің тез, жылдам жүргізу жолымен республиканың энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Кірістерді алу халық өмірінің жақсаруына және экономикалық өсудің нақтылануына әрекет етеді.

6. Инфроқұрылым, әсіресе транспорт және байланыс. Мақсаты – ұлтық қауіпсіздіктің, саяси тұрақтылық пен экономикалық өсудің бекітілуіне әсер ету үшін осы экономикалық секторларды дамыту.

7. Кәсіпқой мемлекет. Қойылатын мақсат – басымдық мақсаттарына жетудегі халық өкілдері ретінде қабілетті және өз ісіне берілген республиканың мемлекеттік қызметкерінің тиімді және қазіргі заманға са корпусын құру.

Мемлекеттік басқару мақсатының жүйесі басқару объектілерінің қасиетті ерекшелігі мен табиғатында шынайы болуы тиіс және өзінде аталған объектілердің даму қажеттіліктерінің құрылымын құруы тиіс.

.2. Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы.

Жалпыфилософиялық мағынада функция (латынның function – іске асыру, орындау дегенді білдіреді). Қандай да бір объектінің аталған қатынастар жүйесінде көрінетін сыртқы қасиеттер болып қарастырылады. Мемлекеттану ғылымында бұл ұғым өзінің мазмұнымен толықтырылады және әртүрлі мағыналы түстерге ие. Мемлекет функциясы оның мәнін білдіреді және әлеуметтік жүйеде көрініс табады. Басқару функциялары мемлекет функцияларынан ажырамас болады және соңғыларын жүзеге асыруда ұйымдастырушылық нысанын білдіреді; мемлекеттік органдардың функциялары ведомствалық объектілерге басқарушылық әсер етудің нақты түрлерімен байланысты.

Қамтылған және қамтылмаған көзқарастардың анализі басқару функцияларының проблемасын шешуге белсеніс ізденіс жақтары туралы куә болады, жалпы теоретикалық ізденістерге негізделе отырып, келесі қағидаларды анықтауға болады:

а) функцияны қоғамдық процесстерді басқару бойынша қызметтің мазмұнындағы элементі ретінде қарастыру;

б) басқару функциясының басқару саласы ерекшеліктерінің қасиетімен өзара байланысы;

в) функцияларды іске асыру механизмі, яғни функцияның, оның қамтамасыз ету құралдарымен байланысын нығайту.

Мемлекеттік басқару функциясына келетін болсақ, олар мемлекет функциясымен тығыз байланысқан және әдістерін айқындайды, сондай-ақ соңғыларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысанын бейнелейді. Басқару функциясы объективті категория болып табылады және нақты органдарға әрекет етеді, олардың жалпылығы басқарушылық қызметтің мәнінен келіп шығады, олар әлеуметтік басқару жүйесінің барлық звеноларына тән болып келеді. Мемлекеттік басқару функциясы басқарушылық қызмет мазмұнында типтік бағыт болады, мемлекеттік әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсерінің белгілі бір түрі ретінде әрекет етеді. Олар бүкіл мемлекеттік аппарат құрылымында өндіріледі және нақты мазмұнымен толықтырылады.

Ұйымдастыру – мемлекеттік басқару субъектілерінің құқықтық мәртебесін және құрылымдық нұсқауларды қамтиды; қоғамдық жүйеде басқарылатын объектілердің құрылуы мен құқықтық мәртебесін анықтауды; мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілері арасындағы өзара байланысты бекітуді қамтиды.

Жоспарлау – жұмысты орындау мерзімі мен аяқтау нысанын; нәтижесін, тәртібін көздейтін іс-шаралар жүйесінің алдын-ала ескерілуін қамтиды. Осыған орай жеке іс-шаралардың орындалуына жауаптылар көрсетіледі. Американдық ғалымдар “жоспарлау – бұл не істеу керек, қашан және кім жасау керектігі туралы алдын-ала қабылданған шешімдер; жоспарлау біздің өткен жағдайларымызбен және біздің болашақтағы жететін көпір арасына жол салады”. Болжамдау арнайы ғылыми ізденістер негізінде қоғам дамуының болжамын жасап шығаруын өзінің құрамына алады. Болжау (гректің prognosis – алдын-ала көру, пайымдау дегенді білдіреді, әлеуметтік жүйенің нақты жағдайын, олардың болашақтағы жеке звеноларын пайымдау, жобалы қарастыруды білдіреді (жаратылыстағы жағдаяттар), сондай-ақ олардың белгілі бір уақытта пайда болуын болжамдау және олардың мақсатты және тәжірибелі қызмет процесіндегі жағдайын алдын-ала ескеру.

Бағдарламалау (проектирование) – бір немесе бірнеше мемлекеттік басқару мақсатын іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесін құрастыру процесі болады. Бағдарлама (гректің Programma – нұсқау, хабарландыру) белгілі бір жұмыстарды орындаудың тәжірибелік әрекеттерінің жоспары мен мазмұнын қамтиды.

Кадрлық қамтамасыз ету – мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды бөлу мен тиімді пайдаланумен байланысты сұрақтар жиынтығындағы шешімдерді қамтиды, мемлекеттік органдарға және ведомствалық ұйымдарға кадрлерді іріктеуге қойылатын арнайы талаптар туралы айтылып отыр.

Реттеу – қоғамдық қатынастарды тәртіптендіруге бағытталған адамдар мен олардың ұжымдарын қажетті алып жүру шекараларын анықтайды.

Бақылау – басқару функциясы ретінде мемлекеттік аппараттың барлық звеноларының аппаратының қызметіне бекітіледі. Бақылау ведомстволық объектілердің жағдайы туралы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалардың жұмысы туралы объективті ақпараттарды алумен байланысты.