Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру

Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, жоспарлау, талдау және қабылдауда мемлекет тәжірибесінде өзіне сай реті бар. Барлық жұмыс осы актілерді жобасын дайындауды жоспарлаудан басталады. Нормативті құқықтық актілердің жобасын дайындау жоспары ағымдағы және перспективалық болып бөлінеді. Ағымдағы жоспарлар 1 жылға түзіледі, ал перспективалық одан көп мерзімге жасалады. Мұның ішінде перспективалық жоспарда ең маңызды нормативтік құқықтық актілерін енгізу және оларды дайындау 1 жылдан ұзақ уақытқа созылады.

Нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспарында мына нәрселер болуы қажет: актінің аты, оның түрі, көлемі және реттелуі, оны дайындау мерзімі, осы жоспарды дайындауда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапты болуы кіреді. Бұл жерде нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспары жасалады және егер, заңға қайшы келмейтін болса, осы актілерді қабылдауға жауапты мемлекеттік органмен бекітіледі. Нормативтік актілердің жобасын дайындау кезінде әдеттегідей мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сонымен қатар мүдделі тұлғалардың ұсыныстары да есептеледі.

Актілердің жобасын дайындау жоспарларын жасау мен бәкіту үшін мемлекеттік орган осы актілерді дайындау басқа да жоспарлар мен көрсеткіштерді де пайдалануы мүмкін.

Норативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындаудың реті мен түрін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Актілердің жобаларын дайындау құрылым бөлімшелерін, Президент Әкімшілігі, Үкімет, Жоғары сот, Республиканың Бас Прокуратурасы, орталық атқарушы органдар, Үкіметтің құрамына енбейтін және Қазақстан Республикасы Президентінің белгілеуімен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет басшысына актілер жобасын екі тілде: орыс және қазақ тілінде заң техникасы мен іс жүргізу тәртібіне сай жүргізіледі. Актілерді нөмерлеу Президенттің құзырына байланысты сол мерзімге сай жүргізіледі. Президент актілерінің түбіртегі мен оған қатысты материалдар Президент Әкімшілігінің өзіне сәйкес құрылымдық бөлімшелерінед сақталады және заңдарда белгіленген мерзім біткеннен кейін республиканың Пезидент Архивіне жіберіледі. Бұл орайда белгіленген Президент актілерінің жобасын дайындау тәртібіне және оларды мемлекет басшысының қарауына ұсынуға бақылау жасауды Президент Әкімшілігінің басшысы жүзеге асырады.

Үкімет құрамына кіретін, сондай-ақ құрамына кірмейтін органдардың, оратлық атқарушы және Қазақстан Республикасының басқа да орталық органдарының сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің 25 қыркүйек 2002 жылғы Ν142 бұйрығымен бекітілген оратылық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құққтық актілерін дайындау, рәсімдеу мен келісу Инструкциясымен анықталады.

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары өкілетті органдардың өз ұсыныстарымен немесе егер ол заң актілерінде басқаша келісілмеген болса, жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырысымен жасалады. Барлық басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен тұлғалар нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс енгізуге және ол актілердің жобаларын талқылауға өкілетті органдарға өткізуге құқылы. Бұл жағдайда өкілетті органдар оларды мақсатты қажетті емес деп жасап шығару не қабылдау үшін негіз ретінде қабылдауы мүмкін.

Егер заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарының ұсынысымен дайындалған болса, ол жобаның иесі болып Парламент депутаттары табылады.

Азаматтардың құқығы мен бостандығына немесе кәсіпкерлік құқықты реттеуге қатысты жалпыға міндетті мәнге ие нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша міндетті заңды экспертизаны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі жүргізеді.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды өкілетті органдар өзінің құзырындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүктейді не келісілген негіздерде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жеке ғалымға не оның ұжымдарына, сонымен қатар егер, заңдарда басқаша көзделмесе, осы мақсатқа бөлінген бюджеттік және бюджеттік емес қаражатты пайдаланумен шетел ұжымдарына дайындауға тапсырыс бере алады. Сонымен қатар өкілетті орган жобаны альтернативті дайындауды бірнеше мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісілген негізде дайындауды тапсыра алады, сондай-ақ конкурс арқылы ғылыми мекемелер мен ғалымдарға тапсыра алады.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар келісу процедурасынан бас тарта алмайды. Егер нормативтік құқықтық актінің жобасы олардың келісуіне жіберілген болса, онда олар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындап немесе ол жобаны жасаған органға кемшіліктері туралы хабарлауы тиіс. Бұл жұмыс егер, заңдерда одан қысқа мерзім көрсетілмеген болса, ол жобаны алған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде жасауы қажет.

Акт жобаларына ескертелер мен ұсыныстар берілген соң, қажет болған жағдайда сол жобаны жасаған мемлекеттік органмен толықтырылады, ал жұмысшы тобы өз тарапынан қабылданған не қажет емес деп тапқан ескерту мен ұсыныстар туралы анықтама береді, ол анықтама жұмысшы топты құрған мемлекеттік органға беріледі. Мемлекеттік орган өз ынтасымен жобаға ұсыныстар ен ескертулер енгізе алады, бірақ ол жұмысшы топпен талқыланып, немесе жұмысшы топқа қайта қаралуына жіберілуі мүмкін.

Нормативтік құқықтық акт жобаларына ғылыми талдау жасалады. Бұл жағынан ол жобаның сапалы негізі, қазіргі талапқа сай және акт жобасының құқықтылғы туралы баға бере алады және конституция бойынша адамдар мен азаматтардың құқығын сақтауды, нормативті құқықтық актілердің ең тиімді жақтарын анықтауға септігін тигізеді.