Нормативтік құқықтық актілер мәтінінің реквизиттері, құрылымы мен жазылу стилі

Нормативтік актілердің ревизитері, анықталған құрылымы және мәтінінің қатаң айқындалған стил болады, одан әлеуметтік нормативтік актілердің айрықша түріне жататындығын көруге болады.

Ұйғарымдардың нормативтік түрлерінің маңызды жағы болып, оның нормативтік материалдар мен актілерді қабылдау процедурасының анықталған тәртібі болып келеді, осының барлығы жалпыға әйгілі тәртіп ережелерінде нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормативті регламент жағдайында басқа да тұлғаларға қатысты көп мерзімге қолданылады.

Нормативтік құқықтық актілердің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты мынадай реквизиттері бар:

1) Қазақстан Республикасынгың мемлекеттік Елтаңбасы

2) Акт түрін көрсету: Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы; Президентінің конституциялқ заң күші бар жарлығы; Қазақстан Республикасының Заңы; заң күші бар Президент Жарлығы; Парламент Қаулылары, Парламент Сенатының Қаулысы, Парламент Мәжілісініі Қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі; Үкімет Қаулысы; Министр бұйрығы; орталық атқарушы органдардың шешімдері; Маслихаттардың әкімшілік нормативтік шешімдері; әкімияттың нормативтік құқықтық қаулысы; Әкімнің нормативтік құқықтық шешімі; заңмен қарастырылған басқа да нормативтік құқықтық актілері.

3) Нормативтік құқықтық актінің реттелуін білдіретін тақырыбы

4) Нормативтік құқықтық актіні қабылдау уақыты мен жері

5) Актіні тіркеу нөмірі

6) Нормативтік құқықтық актіге қол қоятын тұлғаның қолы

7) Егре ондай тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркеуге тура келетін болса, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің мерзімін көрсету

8) Елтаңба мөрі.

Нормативтік құқықтық актілерге сай ерекшеліктеріне сәйкес оның

құрылымы болады. Актінің негізгі құроылым бөлшегі болып құқықтық нормасы бар бап пен тармақ болып келеді. Бап пен тармағы бар нормативтік құқықтық акті заңды маңызды құжат ретінде көрсетіледі. Себебі, құқық нормасы құқықтың шығу жолдарынсыз өмір сүре алмайды. Бұл жерде айта кететін жайт, норматворчестволық іс-әрекет және оның қалыптасуы үзілмес процесс ретінде бірегей екекні көрсете біледі. Құқықтворчествосының процесі қоғамда не нақты бір жағдайларда жалпыға бірдей тәртіп ережелерін сақтау және нормативтік құқықтық актілерінде сақтау нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген. Басқаша айтқанда нормативтік құқық жалпыға қажетті әлеуметтік нормалар ретінде болады.

Нормативтік құқықтық актілерде әр бап (тармақ), тарау, бөлімдер араб

цифрларымен нөмірленеді. Баптардың нөмірлері барлық актіге міндетті жалпы болып келеді. Нормативтік құқықтық актілердің тараулары мен бөлімдері дербес және жалпы болады. Тараулардың тармақтары мен тармақшаларын нөмірлеуде әр тарау дербес болып келеді, ал нормативтік құқықтық актінің негізді құрылымдық элементі болып тарау емес, тармақтардың әр тармақшасын белгілеу болып келеді. Әр бөлімнің параграфтарын нөмірлеу және топтауда нормативтік құқықтық актілер дербес ретінде болады. Тармақтардан кейін тармақшалар араб цифрларының жақша ішіне алынып нөмірлер қойылады.

Нормативтік құқықтық актілерде қаралатын актілердің алдын-ала кіріспе бөлімі беріледі (преамбула). Бұл актілердің қаблдау мақсаты мен жағдайлары туралы айқндап белгілеу үшін қажет. Актілердің алдында тұрған негізгі мәселе жайлы айтылады. Кейбір терминдер мен анықтамаларды анықтау үшін, баптардың мағынасы нормативтік құқықтық актілерде пайдалануға берілген. Ең негізгі элемент болып нормативтік құқықтық актінің атауы болып табылады. Оны оңай пайдалану үшін әр тарау өзінің бөлімдерінің, параграфтары мен бөлімшлерінің өз атаулары бар. Сонымен бірге атаулардың заң актілеріне сәйкес өз аттары болуы қажет. Кіші көлемдегі заң актілері, тарау атаулары жоқ, кейбір тараулардың атаулары жоқ болуы мүмкін.

Парламент Мәжілісінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын енгізу үшін кейбір ерекше тәртіп бар. Конституцияға сәйкес заң жобасытек Парламент Мәжілісінде қаралады. Нормативтік құқықтық актінің жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады. Бұл жерде жоба бойынша берілген құжаттар мен келесі қосымшаларды талап етеді: осы жобаны қабылдауға негіз болатын анықтамалық тілхат, оның ішінде мақсат, мүдделер негізгі талаптарға сай толық мінездеме берілуі тиіс; жұмыс тобының құрамы; мемлекеттік органдардың қызығушылығына сай келісілген парағы; егер жоба бойынша талдау жүргізілетін болса, талдау қорытындысы; заң актілерінің тізбесі; жоба бойынша өзгерістер мен ұсыныстарды қабылдау өз құзіреттігін өзгерту немесе жоғалту мезгілінде; жобаны орындау үшін қажетті мезгілде жобаға сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерінің алдағы қаржлық-экономикалық есептеуі; қажет деп есептейтін жағдайда статистикалық белгілеулер, экономикалық, әлеуметтік заңды жағдайларға байланысты шаралар да айтылып өтіледі.