Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша баяндаңыз

Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.

Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша баяндаңыз.

Біз үшін: Тәуелсіздік - Ту, Тәуелсіздік-ауа, жер-су, Тәуелсіздік-ел дәулеті. Қазақтың тәуелсіздігі қанды қыздырып, жанды қинардай күрделі қатпарлы түсінік. Тәуелсіздік қазақ тірлігінің жұлын-жотасы сынды сезіліп тұр. Арқаумен тұсаудан шыққалы небәрі он бес жыл. Ол күнтізбелік жыл тәуелсіздік туы көтеріп, рәсімделгенде дүниеге келген қазақ перзенті бүгін небәрі он бес жаста ғана. Он бес жасар ұлан мүлдем басқа дүние, өзгеше ғалам азаматы. Тәуелсіздіктің шын кейіп-кесірін, ерекшелігін сол он бес жасар қазаққа қарап білесің.
Он бес жыл ішінде қазақ азаматтары нені түсінді? Тәуелсіздік көктен түспейді екен... Соны білдік.
Тәуелсіздік хатпен келмейді екен... Соны аңғаруға болады.
Осы он бес жылда қазақ қазақ екендігін түйсінді. Қазақты қазақ таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есемізді, еншімізді, несібемізді білдік. Осы он жылдың ішінде, заман ғаламат көрген ақсақалдарым он бес жылды тарихымыздың он бес ғасырына айырбастамайтынына кәміл сенем.
Қазақ санасындағы кіреуке жыртылды, аруана уызына тінтінген түйсікпен ұмтылған ботақандай ұлттық тінтінген сана көзін ашып, алмағайып, аласапыран дүниеге тұнық жанармен қарай бастады.
Қасиетіміз де, қасіретіміз де сол тұнықтығымыз, тазалығымыз, бейкүнә сәбилігіміз екен. Соны ұқтық. Он бес жыл ішінде. Ұтылсақ та, ұтсақ та өз таланымыз тағдырымыздан. Маңдайға бұйырған жұлдызымызды көрудеміз. Тарихтың жолы, дамудың күллі түйіні, сахара мен заман қисындарының тоғысы осы өмір ағынына әкелді. Қазақ перзенті атамекен қара жер құрсағын ...

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.