ЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒАЛАМНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құрама Штаттары инженері Ед Сат өткен онжылдықтағы біраз уақытын жаңа шеге ойлап табуға арнаған екен. Харикейн дауылынан кейін қирап қалған үйлер үйіндісін зерттей жүріп ол қызықты тоқтамға келген. Әсіресе ағаш үйлердің дауылдарға шыдас беруі үшін шегенің атқаратын рөлі ерекше, дейді ол.
Өзге әріптестерінің “үйдің мығым болуы үшін шегенің саны көп болуы керек”, деген идеясын Сат мырза қолдай бермейді. Бұл жерде шегенің саны емес, сапасы маңызды. Бірнеше жылдық ізденістерден кейін Сат пен оның әріптестері Харикуйк атты шегені ойлап табысты. Оның толық аты- Харикейн әнд Ерскуйк нейл, деп аталады. Яғни харикейн дауылы мен жер сілкінісіне төтеп беретін шеге деген сөз.
Саттың айтуынша бұл шеге жер сілкінісі оқиғасының 50 пайызына және сағатына 274 километр жылдамдықпен соғатын желге төтеп береді екен. Шегенің басы да, тұқылы да үлкен боп келеді. Оның бағасының өзі аса қымбат емес дейді Сат. “Мысалы, 1858 шаршы метр үйге жұмсалатын жаңа шегенің құны, осындай үйге қажетті ескі шегенің бағасынан шамамен 15 долларға қымбат болады”, деді инженер. Бұл жаңа шегені жай балғамен қағу қиынға соғады. Алайда электр балғаларға бұл іс- оп-оңай. Дей тұрғанмен ол шегені дәл орынына қағу аса маңызды, дейді Сат.

Кейбір адамдар “мен бір көрген адамның жүзін ешқашан ұмытпаймын” деп дес бермейді. Алайда, ондай кісіге өзінен басқа нәсілдегі адамдарды жазбай тану оңай емес – дейді Құрама Штаттарының Аризона штатындағы университеттің психолог маманы Жош Аккерман. Көбінесе өзге нәсіл өкілдерінің ашуланған немесе сес көрсеткен сәттері ғана есте сақталып қалады екен. Адам бойында өзін-өзі қорғау сезімі басым болғандықтан да ашуланған адамның түрі есте жақсы сақталып қалады, дейді ғалым. Аккерманның бұл зерттеулері қылмыс дүниесімен жұмыс жүргізетін заңгерлер үшін орайлы ақыл-кеңес болуда. Дей тұрғанмен шабуылға душар болған жанның өзінен гөрі көлденең куәгердің есінде шабуылшының жүзі, әсіресе егер ол ашулы болса, жақсы сақталып қалуы мүмкін, дейді ғалым. «Азаттық радиосы» 10.12.2006ж. Авторы: Нұрлытай Үркімбай

ЛАМА ҒАЛЫМ

Аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Лениндік /1957/ және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақ Ғылым Академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Ол 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы кеңшарда дүниеге келді.

Қаныш бала күнінен-ақ зерек, ауылдағы құрбы-құрдастарының арасында ерекше бала болып өсті. Ол ауылдық мектептен кейін Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесін, одан соң 1914 жылы Қаныш Семей педагогикалық семинариясына түсті.

Оқытушылар семинариясында Қаныш үлгілі әрі озат оқыды. Осында топжарған жастардың қатарында Мұхтар Әуезов те бар еді. Олар экономи-ка, мәдениет саласынан мағыналы да саналы білім алуға өте құштар болды.

Одан кейін Қаныш Сәтбаев Томскінің технологиялық институтына түсіп, оны 1926 жылы бітірді. Қаныш Имантайұлы еңбек жолын Атбасар түсті металдар трестінде инженер геолог болып бастады. Кейіннен Қарсақбай кен комбинатында геологиялық барлау бөлімінің бастығы, бас геолог қызметінде болды. 1941 жылы Алматыға қызметке шақырылып, геологиялық ғылымдар институтының директоры болып тағайындалды.

Қ.И.Сәтбаевтың өмір жолы Қазақстан экономикасының даму жолымен тығыз байланысты. Геолог ретінде ең алғашқы зерттеу жұмыстарын Қарсақбай, Темір, Жезқазған, Атбасар, Спасск кен орындарын зерттеуден бастады. Атасу, Аят темір кенін, Қорғасын, Үлкен Жезқазған полиметалын, Кендірлі аймағының қоңыр көмірі мен Қаратаудың ванадий кеніштеріне барлау жасап, Ұлытаудың ұлан-ғайыр даласын аралап, өзендері мен оның құяр сағаларын зерттеп, халқымыздың игілігіне жұмсауға ат салысты.

Негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясына, минералдық қорларын зерттеуге, пайдалы қазбалардың болжам карталарын жасауға арнады. Ол 640-тан аса ғылыми еңбектің авторы. Қаныш Имантайұлы - рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасу, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы. Сәтбаев еңбектері ғылымға зор жаңалықтар енгізді. Қазақстан геологиясын осы заманғы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлына 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Сәтбаевтың қолдауымен 1948 жылы Алматыда Орта Азия геофизика тресі ашылды. 1956 жылы Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ұйымдастырылды. Академик Сәтбаевтың ауыр өнеркәсіптің материалдық базасын нығайтудағы ересен еңбегін бүкіл елі мақтан етеді. Ғұлама ғалым Қазақстан мәдениеті мен өнерінің, әдебиетінің зор қамқоршысы, ақылшысы болды. Ол атақты ғалымдар И.П.Бардин, И.И.Мещанинов, М.Келдыш, В.И. Обручев есімдерімен қатар бүкіл әлемге әйгілі болды.

Геология ғылымының дамуына қосқан зор үлесі үшін әрі есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Қаратаудан табылған, бұрын ғылымда белгісіз болып келген минералға "Сатпаевит" деген ат берілді. Сонымен қатар Жоңғар Алатауындағы биік шың мен мұздық, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институты, Жезқазған кен металлургия комбинаты, Орталық Қазақстандағы бір қала, бірнеше мектеп пен көшелер, өзі туған ауыл Сәтбаев есімімен аталады.

Ылымдағы ғалымдардың рөлі. Өз қалауыңыз бойынша Қазақстан ғылымына қомақты үлес қосқан ғалым жайлы баяндаңыз (Қ.Сәтбаев,С.Сәдуақасов, Ө.Жолдасбеков, С.Зиманов т.б.).

11.Ақпараттық технологиялар паркі туралы берілген сұрақтарға жауап бере отырып баяндаңыз: