Курстың сипаттамасы

САЯСАТТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША

БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (силлабус)

 

 

Кафедра: «Философия және әлеуметтік саяси пәндер»

Оқу жылы: 2013-2014 оку жыл

Пәннің коды:

Кредит саны: 2

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3,4

Сағат саны: 90 сағат

Лекция: 15

Семинар сабақтары: 15

СӨЖП: 30

СӨЖ: 30

Емтихан: 3,4 семестр

 

 

Тараз 2013

 


 

Оқу жұмыс бағдарлама 2005 жылғы «Саясаттану» пәні бойынша ҚР ҒБМ Мемлекеттік стандартқа сәйкес бекітілген типтік бағдарламасы негізінде жасалды.

 

 

Жұмыс оқу бағдарлама «Философия және ӘСП » кафедрасының мәжілісінде талқыланды

 

«______»______20__ ж. Хаттама №_______

 

 

«Философия және СӘП» кафедрасының меңгерушісі _________________ Гизатуллина Г.А.

 

 

«Тарих және география» факультетінің әдістемелік бөлімімен бекітілген

 

«______»______20__ ж. Хаттама №_______

 

 

Төрағасы___________________Махашова П.М.

 

 

Оқытушы туралы мәлімет: Изтлеуов Абай Анесович

Оқылатын пән: «Философия», «Саясаттану»

Оқу, әдістемелік нұсқаулар саны: СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау, лекция курсы, тест.

Дәрежесі туралы мәлімет: аға оқытушы

Ақпараттық байланыс: «Философия және әлеуметтік саяси» пәндер кафедрасы, 3-корпус, 219 аудитория, мекен жайы Төле би көшесі, 68

Кафедрада болу мерзімі: Сабақ кестесі бойынша

Сабақ кестесі:аптасына 2 рет 50 минуттан.

Консультация: Кестеге сәйкес.

 


Курсты оқытудың қажеттілігі мен өзектілігі.

Соңғы жылдары саясат қоғамда басты да маңызды орындарға ие болуда. Оны әлеуметтану, саяси философия, мемлекет және құқық негіздері теориясы, саяси география және басқа да ғылымдармен байланыстырып ортақ және интегралды ғылым ретінде қарастыруда. Қоғамдық өмір бір бірімен тығыз байланысты салалардан тұрады. Олардың ең ірілері – экономиклық, әлеуметтік, саяси және рухани және тағы басқалары. Осы аталған жүйелер қажетті қоғамдық ғылымдармен қарастырылады.

Саяси саланың маңыздылығы қоғамдағы оның экономикалық, саяси, рухани өмірден мемлекеттік басқаруды ұйымдастырумен және оны жүзеге асырумен ерекшеленеді. Ал қоғамдағы басқару жүйесі басқа түрлі қоғамдық ғылымдардың да көңілін аударады. Мәселен, әлеуметтану, психология, құқықтық ілімдер, экономика және тағы да басқалары. Алайда кешенді түрде барлық саяси жүйені тек бір ғана ғылым саясаттану зерттейді.

Кең мағынада алғанда саясаттану – мемлекетті басқару, саяси жүйе туралы ілім болып табылады.

Курстың міндеті мен мақсаты.

Мақсаты; Саясаттың ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, саяси институттардың қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру.

Курстың міндеті: 1. Саясаттану пәні бойынша ғылыми әдебиеттермен, деректермен

жұмыс жасау әдістемесін үйрету.

2. Саяси сараптама, талдау жасау, түрлі ғылыми тұжырымдамаларды

отандық және шет елдік саяси жүйеде қарастыру.

3. Қоғамдағы түрлі саяси өзгерістерге бейімделу және бағыт-бағдар алу

баулу және үйрету.

4. Саясаттану пәні, оның негізгі әдістері, теориясы, мемлекеттің типі

формалары, партиялық жүйелер туралы саяси ой қалыптастыру.

5. Саяси сараптама мен болжам, саяси қызмет туралы пікір қалыптастыру.

 

Білімі және қабілеттігі.

Білімгер білу қажет:

Таныс болу керек – саясаттану пәнімен, отандық және шет елдік саяси ілімнің ғылыми әдістемесімен, саяси ілім қалыптастыру жүйесімен.

Білу қажет- саясаттың басты проблемаларын, саяси институттардың қалыптасуы, қызметін, саяси мәдениеттің саяси сананың мәнін, саяси өзін өзі ұстау ережелерін.

Қабілетті болу керек – нақты саяси оқиғалар мен құбылыстарды талқылап, талдау жасау, саяси мәселелерді шеше білу, қазіргі заманғы саяси жүйеге бейімделуді, өзінің жеке саяси қабілетін жетілдіруді.

Пререквизиттер және постреквизиттер.

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы курсы, мектептегі Адам және қоғам, Құқық негіздері, Мәдениеттану.

Постреквизиттер: Алған білім философия, саяси сараптамалар жасауға, әлеуметтану, мемлекет және құқық негіздері теориясы курсын игеруге көмектеседі.

 

Курстың сипаттамасы.

Саясаттану пәнінің курсы саяси жүйенің негізгі элементтерінің мәнін ашатын даму үрдісін, саяси билік жүйесін, басқару жүйесін, саяси партиялар мәселесін, сайлау жүйесін, саяси институтардың қалыптасуы мен қызмет етуін, Қазақстандағы билік механизмінің мәнін ашатын мәліметтерден тұратын 15 сағат лекция және 15 сағат практикалық сабақтан тұрады.Онда қазіргі заманғы білім беру әдістемесінде қолданатын саяси ойындар, саяси тренингтер, дебаттар, коллоквиум арқылы жүргізілетін сабақтар мен қосымша СӨЖ және аудиториялық СӨЖО кіреді.

СӨЖО – реферат жұмысы ретінде, нәтижесінде қорғалатын, білімгерлерге жеке консультация ұсынылатын рейтйнгтік түрде жүргізіледі.

СӨЖ – бұл білімгердің лекция, семинар, түрлі жеке тақырыптағы тапсырмаларды орындау мақсатында орындалатын жеке өз бетінше орындайтын жұмысы.

Білімгерде арнайы лекция, конспекті жазатын дәптері болуы қажет. Аталған дәптерде білімгерлеге берілетін үй тапсырмасы, әдебиеттер тізімі, глоссарий, түрлі ақпараттар енеді.


Курстың мазмұны.