Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі 3 страница

Оппозиция-1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санамайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады.

Оппозициялық партиялар- өздерінің конституциялық құқықтарын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, белгілі бір қоғамдық пікір тудыру арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысқан партиялар. Олар басқарушы партияның саясатына сын көзбен қарайды.

Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Өктемшілдік- жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік- саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесті органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды.Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбінесе саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді.Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

Өркениеттілік-1)қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі. 2)мәдениеттің синонимі 3)Л.морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуына варварлықтан кейінгі сатысы.

Өкіметті бөлу- өкіметті іске асыру принципі мен механизмі. Соның негізінде уәкілеттілік пен функцияны дифференциалдауды қамтамасыз ету, саяси институттарды үйлестіру, кооперациялау және оптималды үйлестіру.

Пакт-халықаралық келісім.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.

Парафинирование-халықаралық келісімге уәкілдердің алдын ала қол қоюы және оның жеке баптарын мақұлдау арқылы келісімнің тексіне қолдану көрсетеді.

Паритет-мемлекеттер арасындағы саяси және әскери қарулы күштердің тепе-теңдігі.

Парламент-жоғарғы сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде әр түрлі аталады.Мысалы, АҚШ-та, Польша мен Финляндияда-сейм. Краш пен Түркияда-мәжіліс, Германияда-федеральдық жиналыс, Израильде-кнессет, Норвегияда-стартинг, Ұлыбританияда-Парламент, Францияда-Ұлттық жиналыс дейді.

Парламенттік Республика-конструкция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады, соған сондықтан тәуелді болады. Парламент бюджетті бекітеді, халықты белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с. айналады. Көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады.

Пауперизм-біраз халықтың қайыршылануы, жаппай жарлы-жақсыбайлық.

Пацифизм-соғыстың қандай түріне болмасын қарсы тұрып,бейбітшілікті жақтайтын ағым, қозғалыс. Ол XIX ғасырдыңжартысында пайда болды.

Пентагон-Вашингтон қаласының қасында АҚШ-тың әскери министрлігі орналасқан ғимарат. Жанама мағынада Американың әскери штатын да осылай атайды.

Перманенттік-тұрақты, үздіксіз жалғаса беретін.Мысалы, К.Маркс перманенттік революция туралы айтқан болатын.

Петиция-жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде жазылған өтініш.

Плебисцит-ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтық пікірін сұрау, анықтау.

Плутократия-1) мемлекеттік билік байларға бағынышты болған саяси құрылыс. 2) байлардың билігі 3)ақшаның үстемдігі.

Позиция-1)белгілі бір мәселеге, іске ұстанған көзқарас пікір.2)орналасу орны, бағыт.

Полемология-соғыстың және қарулы қақтығыстың себептерін, мәнін,ерекшелігін, зардап салдарын және т.с.с. жан-жақты зерттейтін ғылым. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция, Голландия, Италия елдерінде т.б.

Полис-ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси экономикалық ұйымы, қала мемлекеті.

Прагматизм-алға қойылған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.

Прембула-халықаралық келісімнің,конституция, декларация және т.б. заңдысыз құжаттардың кіріспе бөлімі.

Президент-1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы. 2) сайлап қойылатын басшы,қоғамдық, ғылыми мекемелердің, коорпорация, компания және т.б. төрағасы.

Президенттік басқару-1)конституцияда көрсетілген өзін өзі басқару институттары қызметтерін тоқтатып, әкімшілік бірлестіктердің басшылықты президент тағайындаған өкілдер арқылы жүргізуі. 2) конституцияда көрсетілгендей президентке мемлекет шеңберінде төтенше өкілеттік беру. Әдетте, мұндай жағдайда демократиялық институттар қызметтерін тоқтатады.

Президенттік республика-конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Егер президентті парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Президент өкіметті өзі тағайындайды және өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады.Біздің Қ.Р.-да да осындай билік түрі.

Прерогатива-Белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке-дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.

Пресс-конференция-белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз өкілдерімен кездесуі.

Престиж-қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес беделді, абыройлы орын, лауазымды адам, қоғамдық – саяси мекеме, әлеуметтік жағдай.

Прогресс-алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.

Пролонгация- белгілі бір саяси келісім шарттың мерзімін созу.

Промульгация- мемлекет шеңберінде жасалған жаңалық, өзгерісті жариялау.

Протекториат-күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы. Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап, жерін қосып алудың амалы болып шығады. Мысалы, XXғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті, кейін оны өзіне қосып алды.

Протекционизм-1)ұлттық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғау үшін жүргізілген мемлекеттік саясат 2)жақсы қызметкерлерге білімділігі, қабілеттілігі, іскерлігіне қарай емес, тамыр-таныстығы арқылы орналасу немесе билік басындағы адамдардың өздеріне керек істерге қамқорлық жасауы.

Радикализм-партияның, қозғалыстың, фракцияның, жеке басшының және т.с.с қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгертуге мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті, қимылы. Әдетте, оппазициядағы күштер билік басындағылардың қызметін тартыншақтық, жасқаншақтық,баяулық жасап отыр деп кінәлайды.

Ратификация- мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітілуі. Бұған кейін мемлекеттер ратификациялық грамота деген құжатпен алмасады да,келісім-шарт күшіне енеді.

Реабилитация-жазықсыз айыпталған адамды ақтап, жақсы атын қалпына келтіру.

Реакция- 1)белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл; 2) қоғамдық прогреска қарсы бағытталған, күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат. Ол, әдетте,жаппай зорлық-зомбылық, күш жұмсаудың, экономикалық саяси езгінің күшеюіне, еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.

Реакциялық партиялар-қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға немесе дәуірлерге қайтып оралуды көксеуші партиялар.

Реваншизм-жеңілген мемлкеттің жаңа соғыс арқылы бұрынғы жерін қайтаруға немесе саяси күштің алғашқы жағдайды қалпына келтіруге тырысады.

Революция-қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс.Оның біртіндеп, ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістер жасайтын реформадан айырмасы зор.Ол көпшілік күштерді қозғалысқы келтіріп, революциялық ситуацияны тудыратын объективтік өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Оның қозғаушы күшіне үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып, одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар, әлеуметтік топтар жатады. Революциялық құрылыстың субъектісіне және оның алға қойған мақсатына байланысты революцияны буржуазиялық, буржуазиялық-демократиялық, ұлт-азаттық және т.с.с. етіп бөледі. Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді.

Революциялық партиялар-қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысқан партиялар.

Регент-монархиялық елдерде монархтың жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам.

Регресс-кері шегінушілік, бірдененің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы.

Резиденция-мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті атқарушы адамның тұрақты орны. Онда жоғарғы деңгейдегі саяси қайраткерлер кездесіп, маңызды шешімдер қабылданады. Ол жазғы, қысқы , қаланың сыртындағы болып және т.с.с. болуы мүмкін.

Реидеологизация-ішкі және сыртқы саясатты жүргізгенде идеологиялық нұсқауларды, қазыналарды басшылыққа алу. Ол идеологиясыздануға қарсы теория ретінде Батыс елдерінде осы ғасырдың 70-80жылдарында пайда болды.

Рейтинг-ұйымның, мекеменің, жеке адамның іс-әрекетін, қызметін бағалағанда оның қандай дәрежеде екендігін білдіретін сандық көрсеткіш.Ол сайлау, сұрақ-жауап және т.б. көрсеткіштер негізінде жасалады.

Репарация-соғысты бастап, бірақ жеңіліп қалған мемлекеттің жеңген мемлекетке толық немесе жарым-жартылай слғыс шығынын төлеуі.

Репатриация-соғыс кезінде тұтқындалған адамдардың, босқындардың, саяси және т.с.с. себептермен басқа жерге қоныс аударғандардың өз еліне қайта оралуы.

Репрессия-мемлекеттік құрылымдардың тазалау шарасы, қуғын-сүргінге ұшырату.

Ресми партиялар-қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өткен партиялар. Олар жұмысын ашық жүргізеді.

Республика-мемлекеттің барлық биліктің жоғарғы органдары белгілі бір уақытта сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. Азаматтардың билік құрылымдарына қатысты әр түрлі болуы мүмкін. Алайда, билік органдары сайланбалы болып, азаматтардың формальды түрде болса да, билік етуге құқығы болса, ондай мемлекет республика деп танылады. Республика Президенттік, парламенттік, аралас немесе технократиялық болуы мүмкін.

Реформа-қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.

Референдум- маңызды заң шығарушы немесе ішкі жіне сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі. Мысалы, онда конституцияны немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мелекетаралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді конституция не заң ережелеріне сәйкес парламент немесе үкімет басшысы қояды. Мысалы, өкілеттілігін ұзарту жөнінде бүкілхалықаралық референдум болды.

Риксдаг- екі палатадан тұратын Швеция парламентінің аты.

 

Сайлау жүйесі-белгілі бір билік тұрып, мемлекеттік-өкіметтік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуы қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Сайлау жүйесі мажоритарлық, пропорционалдық, аралас болып үшке бөлінеді.

Сайлау құқығы-мемлекеттің өкілеттік орындарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. Ол адам құқықтарының жалпы байланысты әр елдің конституциясына енген 18 жасқа толған әрбір азамат сайлауға қатыса алады.

Сайлау науқаны- өкімет басқару органдарына және т.б. сайлау сияқтыи арнайы қоғамдық-саяси мәселелерді шешу басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.

Сайлаушы- сайлауда, референдумда және т.с.с. бір үміткер үшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар.

Сайлаушылар партиясы- негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыруға арналған партиялар.

Санкция- 1) жоғарғы сатыда тұрған мекеме, ұйым және т.с.с. төменгі сатыдағыларға бір мәселені жүзеге асыруға рұқсат беріп бекіту; 2) бейбіт өмірді немесе ресми келісімді бұзған мемлекетке қарсы халықаралық ұйымның қолданған шарасы. Мысалы, БҰҰ жарғысында халықаралық шартты бұзған жаққа қарсы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша дипломатиялық , экономикалық, әскери жазалау шаралары қарастырылған.

Саммит- сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.

Саясат- алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген.Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынадай мағынаны білдіреді:

1) Өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

2) Мемлекеттің істеріне қатысу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау;

3) Адамзат қоғамның даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оныңс сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің сипаты;

4) Әдетте тілде-адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетінің сипаты;

5) Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

Саясат-өнер —саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғарғы тәжірибелікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдалануы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатыр. Саясатты өнерге теңеуі содан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.

Саясат ғылым-біріншіден, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болуы үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізуі қажет.

Саясат субъектілері-іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал етеді, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс- әрекеттердің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық- саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.

Саясаттану- саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.

Саяси әлеуметтену- қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жоғарғы немесе арнаулы оқу ордасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Ол тәрбие, үлгі-өнеге, саяси насихат, өмір сатысының ықпалын және өзінің саяси тәрбиесі арқылы іске асады. Оның қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси- әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіптің сипаты, топтың, таптың, ұлттың ерекшеліктері және т.с.с. әсет етеді.

Саяси бостандықтар- мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде еркін саяси процестерге қатысу құқықтары. Оларға сайлау және сайлану құқықтары, сөз, ақпарат алу бостандығы үшін, еркін, тың, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың өз мақсат- мүдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады. Саяси бостандықтар БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында толық қарастырылған.

Саяси жүйе- билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылықты және тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

Саяси институттар- құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер және т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.т. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат- мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Саяси қазыналар- саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, көзқарастар, ұғымдар. Мысалы, оларға еркіндік, теңдік, әділдік, әлеуметтік қорғаушылық, төзімділік, және т.с.с. құндылықтар жатады.

Саяси партия-мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы.

Саяси мәдениет- өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелер кіреді.

Саяси процесс-1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікке даму барысы, өзгеруі; 2)түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымның дүниеге келуі т.с.с.

Саяси психология- саясатта да, психологияға да қатысы бар, екеуінің арасынан шыққан ғылым. Батыс елдерінде кең тараған.

Саяси реализм- саясатта жағдайды объективті тұрғыдан саралап, күштердің арасалмағын ескере отырып, іс-әрекет жасау. Тек осындай жағдайда ғана алға қойған саяси мақсатқа жететін мүмкіндік туады.

Саяси сана- адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды,мақсат- мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси серке- партияның, саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерімен көзге түседі. Саяси серкелерді авторитарлық және демократиялық, формальды және формальсыз және т.т. етіп жіктейді.

Саяси тәртіп- саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқыгдағанда оның көрсеткіш, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсендігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және антидемократиялық деп екіге бөледі.