Дәріс тақырыптары

ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Силлабус

ПәніСаясаттану ( 2 кредита)

Мамандықтарбарлық мамандықтар үшін.

Курс_1,2_

Оқытушы: А. Ж.Сарсенова

Г.

 

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Силлабус

Пәні Саясаттану ( 2 кредит )

өткізілетін орны мен уақыты ОСӨЖ өткізілетін орны мен уақыты оқытушының Т.А.Ж. конт. тел email
Сабақ кестесі бойынша График бойынша А. Ж.Сарсенова  

 

Пән туралы ақпарат:

Модуль Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің барлық мамандықтағы студенттеріне арналған. «Саясаттану» пәні 1-ші және 2-ші курстарды оқытылады, ұзақтығы 15 апта. Пәннің жалпы сағат көлемі 90 сағат, оның ішінде 30 сағаты аудиториялық болса, 60 сағаты аудиториядан тыс студенттің өздік жұмысына беріледі.

Пән туралы қысқаша суреттеме:“Саясаттану” пәнін оқыту барысында күндізгі бөлім студенті осы ғылымға байланысты көптеген маңызды мәселелерді түсінеді.

Курстың мақсаты – қоғамның саяси өмірі, процестер мен құбылыстар, саясат туралы студенттер қауымының дүниетанымын, азаматтың демократиялық мәдениетін қалыптастыру.

Берілген пәнді оқу ықпал етуі тиіс:

· саясат және оған қатысты түсініктер қалыптастыру;

· барлық саяси процестерге сараптама бере білу;

Курстың міндеті:

- саяси құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіну, әлемде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беру қабілетін қалыптастыру;

- болашақ маманның саяси өмірге еркін араласуын, өзіндік саяси тұғыры болуын қамтамасыз ету және оның азаматтық белсенділігі мен қоғамдық саяси қызметке қабілетін;

- студенттің жоғары саяси азаматтық парызы, жоғары дейгейдегі саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру.

 

Негізгі компетенциялар:

Курстан сіздің білетініңіз:

- саясат табиғатын, саяси білім жүйесіндегі саясаттанудың интегративтік рөлін;

- саяси ғылымдардың қалыптасуының, саясаттың институттары, мемлекет, саяси партиялардың саяси жүйедегі рөлі, Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін және т.б.

Сіздің үйренетініңіз:

- зерттеуге қажетті деректер мен ғылыми әдебиеттерді табу;

- ғылыми материалдарды логикалы түрде ауызша және жазбаша жеткізу;

- негізгі жазба жұмыстарын (аннотация, рецензия, шолу, реферат, ғылыми баяндама және т.б.) орындау.

Сіз дағдыланасыз:

- саяси ғылымдардағы сараптамалық жұмыстар дайындау;

- саяси құрылыстардағы ерекшеліктерді өзіндік бағалау;

- саяси мәселелерді ғылыми зерттеу.

Постреквизиттер: Саясаттану көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланыстың екі жақтылық сипаты бар екені ескеріледі. Бір жағынан саясаттану ғылымы әлеуметтану, мәдениеттану, дінтану, психология ғылымдарымен байланысты. Саясаттануды оқытуда осы ғылымдардың жетістіктері ерекше орын алады. Сонымен қатар, саясаттану пәні студенттің дүниетанымын қалыптастыруда аталған ғылымдар жүйесінде танымдық тұрғыда өзіне лайықты аса маңызды ерекше орынды иеленеді.

 

БАҒАЛАУ САЯСАТЫ:

Ағымдық баға: бұл курсты оқу барысында бағалау стратегиясында баға коюдың мынадай әдістері қолданылады ( жазбаша тапсырмалар, кесте құру, конспекті), ауызша сұрақ, тест тапсырмалары, зерттеу жұмыстары (проектлер, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.б.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курстың бағдарламасындағы оқып кеткен тапсырмалар мазмұнында құрастырылады.

Жеке өздік жұмысы:семинар, үй тапсырмасы, курстың тақырыбы бойынша шығармашылық тапсырмалар, мәнжазбалар орындау, газет хабарламалары, ситуацияны анализдеу, ғылыми деректемелерді қолдану.

Үй жұмысы:Үй жұмысы міндетті түрде ОСӨЖ түрінде сабақ кестесі бойынша барлық топқа бірдей болады.

Аралық бақылау тесті:тесттер 30 сұрақ семестр кезінде екі рет болады 7 мен 15-ші апта күндері.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестрдін аяғында болады. Емтихан оқу бөлімі қойған кесте бойынша болады. Емтихан формасы компьютерлік тест түрінде болады. Емтихан кезінде конспекті материалдарын, кітап, шпаргалка, электронды құралдарды (ұялы телефон, планшет, ноутбок т.б.), кез-келген жазбаларды қолдануға қатан тиым салынады. Емтихан саясатымен келіспеген студент емтихан тапсырудан шеттетіліп, емтихан тапсырмаған болып есептелінеді.

 

Пәннің модул бойынша тақырыптық жоспары:

№ п/п Модуль аты. Дәріс (сағат саны) Семинар сабағы (сағат саны) СӨЖ (сағат саны)
Модуль I. Саясаттану ғылым-ретінде. Саяси ғылымның пайда болуы мен дамуының негізгі этаптары.
Модуль II. Билік теориясы. Қоғамның саяси жүйесі. Саясат субъектілері.
Модуль III. Саясаттың институциональды негізі. Қоғамның модернизациясы.
Модуль IV. Әлемдік саясат және халықаралық қатынас
Қорытынды:

Дәріс тақырыптары

Апта сағат
Модуль I. Саясаттану ғылым-ретінде. Саяси ғылымның пайда болуы мен дамуының негізгі этаптары.
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері
Саясат қоғамдық өмір құрылымында
Модуль II. Билік теориясы. Қоғамның саяси жүйесі. Саясат субъектілері.
Билік саяси феномен ретінде
Саясат субъектілері.
Қазіргі саяси жүйелер. Саяси режимдер.
Сайлау және сайлау жүйелері.
Модуль III. Саясаттың институциональды негізі. Қоғамның модернизациясы.
Мемлекет және азаматтық қоғам
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Саяси даму және модернизация
Саясаттағы конфликт және дағдарыстық жағдайлар.
Саяси мәдениет және саяси идеология.
Модуль IV. Әлемдік саясат және халықаралық қатынас
1. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.
2. Халықаралық қатынас жүйесіндегі егемен Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтар.
3. Стратегия -2050- Қазақстан Республикасының жаңа саяси бағыты.

Семинар тақырыптары

Апта сағат
Модуль I. Саясаттану ғылым-ретінде. Саяси ғылымның пайда болуы мен дамуының негізгі этаптары.
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері
Саясат қоғамдық өмір құрылымында
  Модуль II. Билік теориясы. Қоғамның саяси жүйесі. Саясат субъектілері.  
Билік саяси феномен ретінде
Саясат субъектілері.
Қазіргі саяси жүйелер. Саяси режимдер.
Сайлау және сайлау жүйелері.
  Модуль III. Саясаттың институциональды негізі. Қоғамның модернизациясы.  
Мемлекет және азаматтық қоғам
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Саяси даму және модернизация
Саясаттағы конфликт және дағдарыстық жағдайлар.
Саяси мәдениет және саяси идеология.
  Модуль IV. Әлемдік саясат және халықаралық қатынас  
1. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.
2. Халықаралық қатынас жүйесіндегі егемен Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтар.
3. Стратегия -2050- Қазақстан Республикасының жаңа саяси бағыты.

СӨЖ тапсырмалары: