Бақылау жұмыстары

Нұсқа 1 Саясаттану пәні

1. Саясаттану қызметтері және әдістері, құрлымы мен пәні.

2. Саясаттанудың дамуы мен қалыптасуы.

3. Қазіргі кезеңдегі саяси білімнің маңыздылығы.

Нұсқа 2 Саясат қоғамдық құбылыс ретінде

1. Саясат түсініг мен мәні.

2. Саяси қатынастардың объектісі мен субъектісі.

3. Саясат пен экономиканың байланысы. Саясат және мораль.

Нұсқа 3 Саяси билік

1. Саяси билік мәні.

2. Саяси билік құрылымы, оны жүзеге асыру механизмдері және әлеуметтік қызметі.

3. Саяси элита.

Нұсқа 4 Қоғамның саяси жүйесі және саяси режимдер

1. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, структурасы, қызметтік механизмдері.

2. Қазіргі заманғы негізгі саяси жүйелер.

3. Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуы мен эволюциясының ерекшеліктері.

Нұсқа 5 Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

1. Азаматтық қоғам: мәні, мемлекетпен қатынасы.

2. Құқықтық мемлекет және оның негізгі принцптері.

Нұсқа 6 Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар. Сайлау және сайлау жүйесі.

1. Саяси партиялар: түсінігі, қызметтері.

2. Партиялық жүйе, коалиция.

3. Сайлау жүйесі: түрлері.

Нұсқа 7 Қазақстан қоғамының саяси модернизациясы.

1. Қазақстан қоғамының модернизациялау жолдары.

2. Қоғамның саяси дамуы.

Нұсқа 8 Саясаттағы конфликтілік ситуациялар мен дағдарыстар.

1. Қоғамның саяси дамуының дағдарыстары.

2. Қазақстандағы Ислам.

3. Діни экстремизм.

Нұсқа 9 Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену..

1. Саяси мәдениет мәні

2. Қоғамның саяси мәдениетін қалыптастырушы факторлар мен мінездемелер.

3. Саяси мәдениет түрлері мен құрлымдары.

4. Қазақ қоғамындағы саяси мәдениеттің қалыптасуы.

Нұсқа 10 Саяси лидерлік.

1. Әлемдік саяси ойлар тарихында саяси лидерлік мәселесі.

2. Саяси лидерліктін табиғаты мен мәні.

3. Саяси лидерлік типологиясы.

4. Қазақстанның саяси элитасы: қалыптасуы, ерекшеліктері.

Нұсқа 11 Саяси идеология.

1. Саяси идеология мазмұны мен мәні.

2. Саяси идеология құрлымы.

3. Қазіргі кезендегі саяси идеологияның мәселесі.

4. Қазақстандағы ұлттық идеологияның қалыптасуы.

Нұсқа 12 Халықаралық қатынастар.

1. Халықаралық қатынастар: мәні, класификациясы, негізгі субъектілері.

2. Әлемдік саяси процестердін қазіргі күйі.

Нұсқа 13 Қазіргі әлемдегі геосаяси процестер.

1. Геосаясат түсінігі.

2. Геосаясаттың ғылым ретінде қалыптасуы.

З. Қазақстанның геосаяси жағдайы.

Нұсқа 14 Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде.

1. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

2. Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

Нұсқа 15 Стратегия -2050- Қазақстан Республикасының жаңа саяси бағыты.

1. XXI ғасыр Жаһандық қатерлер.

2. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары.

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1.

1-тест.Саясаттану ғылымының зерттейтіні:

А) қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процесі;

Б) адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы;

В) қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы;

Г) адамзат қоғамының саяси саласының жалпы заңдылықтары мен ұйымдасу принциптері және қызмет етуі;

Д) қоғамдық өмірдегі адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеу.

2-тест.Саясаттану ғылымының объектісі – бұл:

А) қоғамның саяси жүйесі мен өмірі;

Б) қоғамның экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету және өзгеру заңдылықтары;

Г) мемлекет және саяси партиялар;

Д) сезім арқылы берілген объективтік шындық.

3-тест.Саясаттану пәні – бұл:

А) саясат, қоғамдық өмірдің саяси саласы;

Б) қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы;

Г) саяси партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар;

Д) бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық.

4-тест.Саясатты тұтастай, оның табиғатын, адам үшін маңыздылығын, тұлға, қоғам мен мемлекеттік билік арасында өзара қатынасын зерттейтін және саяси құрылыстың үлгісі мен нормативтік ұстанымын, сонымен бірге саясатты бағалаудың жалпы өлшемдерін жетілдіретін білімнің саласы:

А) саяси тарих;

Б) саяси философия;

В) саяси география;

Г) саяси антропология;

Д) саяси психология.

5-тест.Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым:

А) саяси семиотика;

Б) саяси әлеуметтану;

В) биосаясат;

Г) саяси этика;

Д) саяси психология.

6-тест.Саяси үрдістердің (процестердің) олардың кеңістік жағдайымен, аймақтық, климаттық және басқа да табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейтін саясаттанудағы бағыт:

А) саяси экономия;

Б) саяси антропология;

В) саяси география;

Г) халықаралық қатынастар теориясы;

Д) геосаясат.

7-тест.Саяси ғылымдарының Халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды?

А) 1945 ж.

Б) 1946 ж.

В) 1949 ж.

Г) 1950 ж.

Д) 1951 ж.

8-тест.Бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастағы элементтер жиынтығынан тұратын, айқын біртұтастық ретінде қоғамның саяси саласын қарастыратын саясаттанудың әдісі:

А) салыстырмалы;

Б) құрылымдық-функционалдық талдау;

В) жүйелік;

Г) тарихи;

Д) әлеуметтанымдық.

9-тест.Саясатты оқып-білуді жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс:

А) бихевиористік;

Б) эксперттік бағалау әдісі;

В) жүйелік;

Г) іскерлік ойыны;

Д) әлеуметтанымдық.

10-тест.Саясаттың қоғамға тәуелділігін, саяси құбылыстардың әлеуметтік себептерін анықтайтын саяси ғылымдар әдісі:

А) метафизикалық;

Б) әлеуметтанымдық;

В) диалектикалық;

Г) нормативтік;

Д) институционалды.

11-тест.Идеалды саяси құрылымды жасауға және оны іс жүзіне асыруға бағытталған саясаттану әдісі:

А) тарихи;

Б) антропологиялық;

В) позитивтік;

Г) нормативті-құндылықты;

Д) мәдениеттанымдық.

12-тест. Саяси үрдістерді дамытудың тілек-қалау түріндегі және іс-жүзінде мүмкін нұсқаларын қарастырып, қалыптастыруға бағытталған саясаттанудың қызметі (функциясы):

А) методологиялық;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) реттеушілік;

Д) дүниетанымдық.

13-тест. Саяси институттарға, құрылыстарға, мінез-құлықтарға, оқиғаларға баға беретін саясаттанудың қызметі (функция):

А) тәрбиелік;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) басқарушылық;

Д) теориялық-танымдық.

14-тест.Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі:

А) методологиялық;

Б) талдаушылық;

В) дүниетанымдық;

Г) реттеушілік;

Д) идеологиялық.

15-тест.Саясат туралы, оның қоғамдағы рөлі туралы білімдерді қалыптастыратын және толықтыратын саяси ғылымның қызметі:

А) әлеуметтік-сыншылдық;

Б) теориялық-танымдық;

В) басқарушылық;

Г) реттеушілік;

Д) тәрбиелік.

16-тест.Биліктің патерналистік тұжырымдамасының авторы:

А) Платон;

Б) Аристотель;

В) Конфуций;

Г) Каутилья;

Д) Сократ;

17-тест.Тоталитаризмнің идеялық негізін қалаушы:

А) Платон;

Б) Аристотель;

В) Шан Ян;

Г) Цицерон;

Д) Вольтер

18-тест.Шығыстың ойшылы, «Қайырымды қала туралы трактат» атты еңбектің авторы:

А) Ибн-Рушда;

Б) Навои;

В) Низами;

Г) әл-Фараби;

Д) Конфуций.

19-тест.Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі:

А) аристократия;

Б) тирания;

В) олигархия;

Г) полития;

Д) демократия.

20-тест.Діни және ақсүйектер сферасын бөлуге келетін «екі патшалық» туралы ілімді қалыптастырған орта ғасырдағы саяси ойшыл кім?

А) Томас Мюнцер;

Б) Мартин Лютер;

В) Ян Гус;

Г) Жан Кальвин;

Д) Фома Аквинский.

21-тест.Орта ғасырдағы ойшылдардың қайсысы Батыс елдерінің басым көпшілігінде қоғамдық-саяси өмірдің ерекше сипаты болып табылатын протестанттық этиканы даралықпен (индивидуалдықпен) үйлестірудің негізін қалаған?

А) Жан Кальвин;

Б) Гуго Гроций;

В) Иеремия Бентам;

Г) Аврелий Августин;

Д) Фома Аквинский.

22-тест.Жер бетінің мәселелеріне белсенді араласу қай діннің теориялық принципіне жатады?

А) христиандық;

Б) ислам;

В) индуизм;

Г) иудаизм;

Д) буддизм.

23-тест.Саясат туралы ілімнің негізін салушы:

А) Каутилья;

Б) Аристотель;

В) Сюн-Цзы;

Г) Мо-Цзы;

Д) Лао-Цзы.

24-тест.«Мақсат тәсілді ақтайды» деген формула түрінде көрсетілген имморализмдік саясаттың аталуы:

А) макиавелизм;

Б) бонапартизм;

В) волюнтаризм;

Г) ұлтшылдық;

Д) сепаратизм.

25-тест.Утопиялық социализм теориясының негізін салушы:

А) Т.Кампанелла;

Б) Т.Мор;

В) Ж.-Ж. Руссо;

Г) А.Радищев;

Д) О.Конт.

26-тест.Егемендік тұжырымдамасының авторы, абсолютизм идеологы:

А) Д.Локк;

Б) Т.Гоббс;

В) Ж.Боден;

Г) Э.Бёрк;

Д) М.Вебер.

27-тест.ХІХ ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

А) А.Құнанбаев;

Б) Ы.Алтынсарин;

В) Ш.Уәлиханов;

Г) Шортамбай;

Д) Ш.Құдайбердиев.

28-тест.Либерализм идеологиясының негізін салушы:

А) Г.Спенсер;

Б) Ж.Боден;

В) Г.Тард;

Г) Д.Локк;

Д) Э.Гидденс.

29-тест.Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы:

А) Д.Локк;

Б) Э.Дюркгейм;

В) Ш.Монтеське;

Г) К.Маркс;

Д) Э.Бёрк.

30-тест. Қазақ ойшылы, «Түркістан Кеңестер билігінің қол астында (пролетариат диктатурасының сипаттамасына)» кітабының авторы:

А) А.Байтұрсынов;

Б) Т.Рысқұлов;

В) А.Бөкейханов;

Г) М.Шоқаев;

Д) М.Дулатов.

Нұсқа 2.

1-тест.Саяси идеология қай дәуірде пайда болды?

А) Ағартушылық дәуірде

Б) Ерте тас дәуірінде

В) Демократияда

Г) КСРО кезінде

Д) Сталинизм кезінде

2-тест.ХІХ ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

А) А.Құнанбаев;

Б) Ы.Алтынсарин;

В) Ш.Уәлиханов;

Г) Шортамбай;

Д) Ш.Құдайбердиев.

3-тест. Классикалық Либерализмнің негізін салушы?

А) К. Маркс

Б) Дж. Локк

В) Миллер

Г) Хан

Д) Аристотель

4-тест. Тұңғыш консервативтік партия қайда пайда болды?

А) АҚШ-та

Б) Англияда

В) Францияда

Г) Италияда

Д) Германияда

5-тест. Плюралистік әлеуметтену кезінде адам басқа азаматтық құқығын ______?

А) Шектейді

Б) Мойындамайды

В) Құрметтемейді

Г) Мойындайды

Д) Араласпайды

6-тест.Адам мен жануар құрылымындағы әлдебір ұқсастық арқылы билікті түсіндіретін тәсіл (амал):

А) антропологиялық;

Б) биологиялық;

В) философиялық;

Г) әлеуметтанымдық;

Д) психологиялық.

7-тест.Саяси билік түсінігін барлық әлеуметтік құрылымға қолданатын билікті түсіндіру тәсілі:

А) әлеуметтанымдық;

Б) эволюционистік;

В) қолданбалы;

Г) антропологиялық;

Д) мәдениеттанымдық.

8-тест.Индивидтің субъективті көзқарасы тұрғысынан билікті зерттейтін тәсіл:

А) психологиялық;

Б) субъективтік;

В) позитивистік;

Г) интеракциондық;

Д) биологиялық.

9-тест.Бір топтың екінші топқа саяси ықпал етуі ретінде көрсететін «билік» ұғымының түсінік-амалы:

А) объективтік;

Б) эмпирикалық;

В) әлеуметтанымдық;

Г) онтологиялық;

Д) психологиялық;

10-тест.Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

А) телеологиялық;

Б) инструменталистік;

В) құрылымдық;

Г) функционалдық;

Д) жүйелік.

11-тест.Белгілі бір тәсілдерді, соның ішінде, өктемдікті пайдаланудың мүмкіндігі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

А) инструменталистік;

Б) технологиялық;

В) талдамалық (аналитикалық);

Г) теологиялық;

Д) болымсыздық.

12-тест.Билік туралы аңыздармен байланысты, белгілі бір мақсаттарға жету ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

А) шиеленіс (жанжал);

Б) инструменталистік;

В) бихевиористік;

Г) функционалистік;

Д) телеологиялық.

13-тест.Басқа субъектілердің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкіндігіне негізделген адамдардың мінез-құлқының ерекше түрі ретіндегі «билік» түсінігінің анықтамасы:

А) бихевиористік;

Б) рационалдық;

В) либералдық;

Г) теологиялық;

Д) құрылымдық.

14-тест.Басқа билік түрлері үшін жоғарғы болып табылатын билік түрі:

А) әскери;

Б) теократиялық;

В) экономикалық;

Г) саяси;

Д) бюрократиялық.

15-тест.Бағындырудың қандай мотиві билікті тұрақтандыра түседі?

А) сендіру;

Б) мүдде;

В) қорқыныш;

Г) сенім;

Д) мәжбүр ету.

16-тест.О.Тоффлердің пікірінше, билік ресурстарының қандай түрлері қазіргі кезде әлемде ерекше маңызға ие бола бастады?

А) экономикалық;

Б) әлеуметтік;

В) білім мен ақпарат;

Г) мәжбүрлеу;

Д) нормативтік.

17-тест.М.Вебердің анықтамасы бойынша, қоғамдағы саяси үстемдік – бұл:

А) билікті ұйымдастыру түрі;

Б) зорлық-зомбылық;

В) қанау;

Г) мәжбүрлеу;

Д) сендіру.

18-тест.Билікке оң баға беру, оның заңдылығын, басқару деген құқын мойындау және бағынуға келісушілік:

А) патернализм;

Б) легитимділік;

В) пацифизм;

Г) нигилизм;

Д) трюизм.

19-тест.«Мәңгілік кешегі күннің» авторитеті – нормалар дәстүрінен көрініс тапқан өнегелілік авторитеті ретінде үстемдіктің қай типі түсініледі?

А) заңды-ресми;

Б) рухани;

В) харизматикалық;

Г) әскери;

Д) дәстүрлі.

20-тест.Сенім күшінің үстемдігін заңды бағдардың міндеті деп түсінілетін үстемдіктің түрі:

А) патриархалдық;

Б) биологиялық;

В) заңды-ресми;

Г) инструменталдық;

Д) құдайшыл.

21-тест.Таптардың этникалық бірлестіктердің тұлғалар мен қоғамның, азамат пен

мемлекет арасындағы қатынастар қоғамдық жүйенің қай бөлігін құрайды?

А) Саяси институттар;

Б) Саяси қатынастар;

В) саяси ережелер

Г) саяси мәдениет;

Д) дұрыс жауабы жоқ.

22-тест. Адамның шығу тегіне, бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыру немесе қудалау бұл:

А) Геноцид;

Б) Бүлік;

В) Европоцентризм;

Г) Реакция;

Д) Мемлекет;

23-тест. Қазақстан Республика Конституциясының қай бабында “ Әркімнің ар – ождан құқығы ” туралы жазылған:

А) 22 бап;

Б) 40 бап;

В) 1 бап;

Г) 10 бап;

Д) 17 бап;

24-тест. Этникалық саясат дегеніміз:

А) Этникалық дау – жанжалдарды шешетін, ұлттық шиеленістерді түсіндіретін, оларды шешу жолдарын анықтайтын теория;

Б) Экономикалық қатынастарды, мәдени ерекшеліктерді наықтайды;

В) Қоғам мен саясаттың дамуын анықтайды;

Г) Адамның құндылықтарын анықтайтын теория;

Д) Психологиялық құрылымдарды анықтайды;

25-тест. КСРО кезеңіндегі әлеуметтік жағдайларды зерттеген белгілі әлеуметтанушы:

А) Т.И Заславская;

Б) С. Верба;

В) Ф. Аквинский;

Г) И. Кант;

Д) Т. Джефферсон;

26 тест.У.Ростоу «экономикалық» деген тұжырымдаманы неше сатыға бөледі:

А) 5;

Б) 2;

В) 3;

Г) 4;

Д) 1;

27 -тест. Билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік, топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы:

А) Қоғамның саяси жүйесі;

Б) Халықаралық қатынастар;

В) Жеке басқа табынушылық ;

Г) Адам құқықтары;

Д) Азаматтық қоғам;

28-тест. Адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды қалай атайды:

А) Тоталитарлық;

Б) Авторитарлық;

В) Демократиялық;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Антидемократиялық;

29-тест. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды топтастырады:

А) Авангардтық;

Б) Сайлаушылар;

В) Парламенттік;

Г) Қауымдастық;

Д) Барлығы дұрыс;

30-тест. «Жүйе» ұғымы ғылыми айналымға қашан енді:

А) ХХ ғ. 20 ж;

Б) ХІХ ғ. 60 ж;

В) ХХ ғ. 30 ж;

Г) ІХ ғ. 40 ж;

Д) ХІ ғ. 50 ж;

Нұсқа 3.

1-тест. Халық билігі , теңдігі ,құқығы ,әділдігі , еркіндік принциптеріне негізделген ол қандай мемлекеттік құрылыс:

А) Демократиялық;

Б) Либералды;

В) Тирания;

Г) Олигархия;

Д) Авторитарлық;

2-тест. Халықты саясаттан шеттететін теорияны көрсет:

А) Демократияның төбе топ ( элитарлық ) теориясы;

Б) Экономикалық теория;

В) Психологиялық теория;

Г) Қоғамдық келісім теориясы;

Д) Марксистік теория;

3-тест. Демократиялық мемлекеттің алғашқы түріне қай республика жатады:

А) Афина;

Б) Египет;

В) Ежелгі Греция;

Г) Алжир;

Д) Қазақстан;

4-тест. Шумпетер демократияның жұмыс істеуіне неше жағдай ұсынды:

А) 4;

Б) 10;

В) 12;

Г) 6;

Д) 9;

5-тест. Қандай демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдайды және билік жүргізуге тікелей қатыса алады:

А) Тура;

Б) Жанама;

В) Ашық;

Г) Жабық;

Д) Ішкі және сыртқы;

6-тест. Азаматтардың саяси ықпалы қай демократияда кемиді:

А) Плебисцитарлы демократия;

Б) Тура демократия;

В) Өкілдік демократия;

Г) Жанама демократия;

Д) Ішкі және сыртқы демократия;

7-тест. “Ақпараттық демократия” тұжырымдамасының авторы:

А) А. Рокар;

Б) П. Шарон;

В) Д. Истон;

Г) Г. Алмонд;

Д) М. Вебер;

8-тест. Афина республикасы б.з.б. нешінші ғасырда пайда болды:

А) V ғасыр;

Б) VII ғасыр;

В) IV ғасыр;

Г) X ғасыр;

Д) XII ғасыр;

9-тест. Афинылық демократия кімнің басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді:

А) Периклдің;

Б) Аристотельдің;

В) Платонның;

Г) Демокриттің;

Д) Сократтың;

10-тест. Басы бос, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектердің арасындағы дау- жанжалды не деп атады:

А) Халықтық атрибут;

Б) Билік органы;

В) Қоғам;

Г) Саяси жүйе;

Д) Демократия;

11-тест. «Мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады» деп айтқан саясаткерлер:

А) Р.Арон, Ж.Бюрдо;

Б) Джон Локк, Ш.Л.Монтескье;

В) Р.Мартин, Ж.К.Шевалье;

Г) Ж.К.Шевалье, П.Моррис;

Д) А.Каплан, Ш.Л.Монтескье;

12-тест. Республика қалай бөлінеді:

А) Президенттік;

Б) Парламенттік;

В) Аралас;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлық жауабы дұрыс;

13-тест. Мемлекет құрылысы:

А) Унитарлық;

Б) Федерация;

В) Конфедерация;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлық жауабы дұрыс;

14-тест. Мемлекет ұғымының кең мағынасын көрсетіңіз:

А) Үлкен әлеуметтік топ ұйымын білдіріп, “ халық ”, “ қоғам ” ,“ ел ” деген ұғымдары кіреді;

Б) Халықтың қалауы бойынша қалыптасуы;

В) Таптық , топтық , жеке адам саясаты;

Г) Мемлекет кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін бағалау;

Д) Дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың кіруі;

15-тест. Мемлекет ұғымының тар мағынасын көрсетіңіз:

А) Басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп,

“үкімет”, “әкімшілік” ұғымдары кіреді;

Б) Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі;

В) Таптық , топтық , жеке адам саясаты;

Г) Саяси билікке ұмтылыс;

Д) Дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың кіруі;

16-тест. Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірген теория:

А) Теологиялық теория;

Б) Географиялық теория;

В) Бихевиористік теория;

Г) Танымдық бағыт теория;

Д) Психологиялық теория;

17-тест. Географиялық теория бұл ..:

А) Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның ( ауа райы , жер бедері ) өзгешеліктері;

Б) Адамдарға бағыну мен құлшылық ету мәңгі бақи;

В) Бір елді екінші елдің басып алу нәтижесі;

Г) Мемлекеттің пайда болуы жеке меншік пен таптардың шығуы;

Д) Адамдардың ұлттық мүддесін қорғау;

18-тест. Ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздік , дербестік мемлекеттің қай белгісіне жатады:

А) Мемлекеттің егемендігі;

Б) Салық салу;

В) Аумақтың бөлінуі;

Г) Ерекше өкімет аппараты;

Д) Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру;

19-тест. Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; өзін - өзі билеу, егемендігін сақтау; өз елінің саяси мүддесінің ықпалдығына, тиімділігіне жағдай жасау- бұлар мемлекеттің қай міндеттеріне жатады:

А) Сыртқы міндет;

Б) Жалпы міндет;

В) Түрлеріне жатады;

Г) Ішкі міндет;

Д) Шартсыз міндет;

20-тест. Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани қоғамдық қатынастар жиынтығы бұл ...:

А) Азаматтық қоғам;

Б) Мемлекет;

В) Билік;

Г) Заң;

Д) Сайлау;

21-тест. Саяси партиялар пайда болды:

А) Еуропада ХІХ ғасырда;

Б) Батыс Еуропада ХХ ғасырда;

В) АзиядаХІХ ғасырда;

Г) Еуропада ХҮІІІ ғасырда;

Д) Азияда ХҮІІІ ғасырда;

22-тест. Немістің көрнекті саясаттанушысы М. Вебер саяси партиялардың дамуында кезеңдерді атап көрсетті:

А) Аристократиялық үйірмелер;

Б) Саяси клубтар;

В) Көпшілік партиялар;

Г) Барлығы;

Д) Дұрыс жауабы жоқ;

23-тест. Американың белгілі саясаттанушы Дж. Ла Паломбараның ойынша, партиялар мынадай белгімен сипатталады:

А) Партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды

дүниенің ерекше көре біледі;

Б) Партия адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін

саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым;

В) Партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру;

Г) Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі

қолдауын қамтамасыз еткісі келеді;

Д) Барлық жауап дұры;

24-тест. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды топтастырады:

А) Авангардтық;

Б) Сайлаушылар;

В) Парламенттік;

Г) Қауымдастық;

Д) Барлығы дұрыс;

25-тест. Саяси идеологиясына қарай партияларды жүйелеп жүр:

А) 5 түрге;

Б) 3 түрге;

В) 2 түрге;

Г) 6 түрге;

Д) 4 түрге;

26-тест. Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық себептері:

А) Республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрлерінің болмауы;

Б) Саяси мәдениеттің төмендігі;

В) Құқықтық негіздің әлсіздігі;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлығы;

27-тест. 1917 ж. «Үш жүз» партиясы құрылды:

А) Қазақстанда;

Б) Ресейде;

В) АҚШ-та;

Г) Германияда;

Д) Польшада;

28-тест. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды топтастырады:

А) Авангардтық;

Б) Сайлаушылар;

В) Парламенттік;

Г) Қауымдастық;

Д) Барлығы дұрыс;

29-тест. Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық-саяси ұйым ретінде құрылды:

А) 1990ж. 1 шілде;

Б) 1904ж. 26- мамырда;

В) 1903ж. -27 мамырда;

Г) 1906ж. 23 мамырда;

Д) 1910ж. 20 мамырда;

30-тест. егер партияға заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізсе, ол...:

А) Құпия партиялар жатады;

Б) Жартылай ресми партиялар жатады;

В) Ресми партиялар жатады;

Г) Оппозициялық партиялар жатады;

Д) Билеуші партиялар жатады;

 

Жағдайаттық тапсырмалар:

Нұсқа 1.

Қазіргі қоғамдағы саяси ғылымның мәні неде?

Басқа қоғамдық ғылымдардан саясаттану ғылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қалай сипатталады?

Адам саясаттан тыс өмір сүре ала ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз:

«Саясат» термині қайда қашан пайда болды және ол нені білдіреді?

Адам саясаттан тыс өмір сүре ала ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз:

«Саясат» термині қайда қашан пайда болды және ол нені білдіреді?

Нұсқа 2.

Биліктің жіктелуі (толтырыныз):

• қызмет ету саласы бойынша:

саяси

идеологиялық

әлеуметтік

экономикалық

құқықтық, заңдылық, соттық

рухани (діни)

зайырлы

• объектісі бойынша:

мемлекеттік

халықаралық

жанұялық және т.б.

• субъектісі бойынша:

парламенттік

партиялық

таптық

қоғамдық, ұжымдық, жеке

• басқару тәртібі бойынша:

тоталитарлық

деспоттық

авторитарлық

демократиялық

бюрократиялық

• әлеуметтік типі бойынша:

 

социалистік

буржуазиялық

феодалдық және т.б.

Саяси биліктің экономикалық, әскери, отбасылық және тағы басқа биліктен ерекшелігі қандай?

Қазақстандағы саяси билікті жетілдірудің жолдары қандай?

Нұсқа 3.

Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастың тұрақтылығының негізгі себебі неде?____________________________________________________________________________________________________________

Ұлтаралық мәдениетті қалай байқауға болады?___________________________________________________________________________________________________________________________________

Саяси жүйенің типтері (толтырыныз):

Саяси биліктің қайнар көздеріне байланысты

Демократиялық_______________________________________________________________________________________________________________________

 

Автократиялық_______________________________________________________________________________________________________________________

 

Шындыққа қатынасына байланысты

 

Консервативтік_______________________________________________________________________________________________________________________

Реформаторлық_______________________________________________________________________________________________________________________

Прогрессивтік________________________________________________________________________________________________________________________

Реакцияшылдық_____________________________________________________________________________________________________________________

 

Саяси құрылымның жағдайы мен саяси мәдениеттің деңгейіне байланысты:

англо-американдық __________________________________________________________________

континентальды-еуропалық________________________________________________________________________________________________________

индустриальды дейінгі (біршама индустриальды) __________________________________________________

тоталитарлық ____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Сыртқы ортамен қатынасының сипатына байланысты:

ашық _________________________________________________________

__________________________________________________________________

жабық __________________________________________________________________

Азаматтық қоғам дамуының дәрежесі мен билік легитимдігінің тәсіліне байланысты:

дәстүрлі ____________________________________________________________________________________________________________________________________

модернизарлық ____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Саяси жүйе типологиялық критерилері қандай?

_________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қазақстанда саяси жүйе дамуының негізгі тенденциялары қандай?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Нұсқа 4.

Саяси процестердің қандай сатылары бар және олар бір бірімен қалай байланысты?_________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қазақстан тарихынан саяси процесстің кейбір түрлерінен мысал келтіріңіз ____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мемлекеттің пайда болуының факторлары: экономикалық, экологиялық, демографиялық, психологиялық, сыртқы.

Мемлекеттің белгілері: территория, шекара, халқы.

Мемлекеттің функциясы:

· ішкі: экономикалық, әлеуметтік, халық билігін қамтамасыз ету, конституциялық тәртіпті қорғау, тәртіппен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық консолидация әлеуметтік арбитраж, экологиялық, мәдени-білімділік.

· сыртқы: глобальдық мәселелерді шешуге қатысуы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, өзара тиімді келісімдерді дамыту, халықаралық қатынастарда мемлекет мүддесін қорғау.

Мемлекет құрылымы:

· Билік бөліністері бойынша:

Заң шығарушы жүйе (өкілетті) мекемелер _________________________

Атқарушы-шешуші органдар ____________________________________

Сот органдары _________________________________________________

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің» схемасын жасаңдар. (ҚР Конституциясы бойынша)

Атқаратын функциясы бойынша:

ішкі функцияны жүргізетін органдар:

· құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау (полиция, сот, прокуратура).

· әлеуметтік-экономикалық реттеу (финанс – салық апппараты, байланыс органы, коммунальдық қызмет, транспорт т.б.).

· рухани өндіріс (білім, мәдениет ошақтары, информация органы т.б.).

сыртқы функцияны жүргізетін органдар:

· қарулы күштер

· барлау

· мемлекетаралық қатынастар органы.

Мемлекеттің типтері:

· Басқару формасы бойынша

монархиялық:

абсолюттік ____________________________________________________

конституциялық _______________________________________________

республика:

президенттік __________________________________________________

парламенттік __________________________________________________

аралас ________________________________________________________

· Саяси режимі бойынша:

тоталитарлық _________________________________________________

авториторлық _________________________________________________

демократиялық ________________________________________________

 

· Административтік-территориялық ұйымдастыруы бойынша:

унитарлық _____________________________________________________

федерациялық _________________________________________________

конфедерациялық ______________________________________________

· Приоритеттік функциясы бойынша:

әскери (полициялық) ____________________________________________

құқықтық ______________________________________________________

әлеуметтік ____________________________________________________

· Әлеуметтік-экономикалық, таптық табиғаты бойынша:

құлдық ________________________________________________________

феодалдық ____________________________________________________

буржуазиялық __________________________________________________

социалистік ____________________________________________________

· Саяси өмірдің тұрақтылығы бойынша:

тұрақты ________________________________________________________

тұрақсыз _______________________________________________________

Саяси партия (латын тілінен аударғанда "бөлшек","топ"дегенді білдіреді) ол әлеуметтік топ пен қауымның мүддесін білдіретін және идеологиялық бірлікпен байланысатын,саяси билікті қолдайтын ең белсенді және ұйымдасқан бөлшек.

Партиялардың негізгі белгілері:

адамдардың бірлескен әрекеттерінің жеткілікті уақыт ұзақтылығы.

белгілі бір идеологияны ұстанушы.

бірлестіктің еріктілігі.

мемлекеттік билікті жаулап алу мақсаты мен жүзеге асырылуы.

белгілі бір қоғамдардың және тобының саясаттағы мүддесін білдіруі мен тұрақтандыруы.

Партия қызметтері.

Әлеуметтік қызметтері:

мүдденің агрегирлігі - әлеуметтік мүдденің білдіруі,саяси шешімдердің әлеуметтік трансформациядағы талаптары.

әлеуметтік интеграция- саяси жүйеге әртүтлі топтың қосылуы, әлеуметтік және саяси коммуникацияларының жөнделуі,конфликті мүдденің бітімі.

саяси әлеуметтену- партия мүшелері мен жақтастарының санының көбейюі.