Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік ұсыныстар

Қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жеделдеуде жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесін тиімді жетілдіріп, оны дамытып отыру қажет. Осы мақсатта студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыра білуі, оларды өзіндік бақылауға бейімдеу өте маңызды орын алады.

Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістің алатын орны зор.

Студенттердің өзіндік жұмысы силлабустағы бөлімдермен тығыз байланыста ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің негізгі мақсаты:

1. Студенттерді өзіндік бақылауға бейімдеу.

2. Оқу материалдарын игеруде студенттердің ізденіс пен шығармашылық белсенділігін дамыту.

Саясаттану пәні студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін аудиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі. Студенттер кең көлемде білім ғана емес, сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға саяси талдау, зерттеу жасай алуы керек. СӨЖ оқу орнының кітапхана қоры мен компьютерлік класын оқу материалын игеру барысында қолдануды қажет етеді. Студенттердің әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады СӨЖ оқытудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асады: жазбаша жұмыстары (реферат, баяндама, бақылау, эссе, коллоквиум, конспект), сұрақтарға жауап беру, таблица, сызбалармен жұмыс жасау.

 

СӨЖ тапсырмасының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

№ СӨЖ Тапсырманың мазмұны Сағат саны Тапсыру мерзімі Бақылау формасы
1. Дәстүрлі қоғам, өтпелі қоғам, қазіргі заманғы қоғам. Қазіргі заманға өтудің алғышарттарын көрсетіңіз       4 апта сипаттау
2. ҚР Конституциясындағы «Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісі мен тепе-теңдік және тежемелік жүйесіне» талдау
1. «Саяси лидердің немесе саяси элитаның кейпі» тақырыбына       7 апта эссе жазу
2. Берілген критериялар бойынша «Саяси режимдерді салыстыру» тақырыбына аналитикалық кесте құру
3. В. Парето, Г. Моска және Р. Миллстың элита теорияларының негізгі қағидаларын салыстырыңыз. ҚР саяси элитаның түрін сыни бағалау
1. «Мүдделі топтар мен саяси партияларды ауыстыра алады ма?» тақырыбына     11 апта эссе жазу
2. Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі жанжалдарды реттеу бойынша сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын ашу талдау жасау
3. У. Растоу және С. Хантингтонның модернизация концепцияларының ерекшеліктері. Қазақстандағы модернизация түрін анықтаңыз сипаттау
4. Унитарлы және федеративті мемлекеттердің конституциялық белгілері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз талдау жасау
1. «Лоббизм және жемқорлық: екі құбылыстың шегі қай жерде өтеді»? тақырыбына     14 апта презентация дайындау
  2. «Егер де мен президент болсам» ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау алды сөзін әзірлеу баяндама
  3. ҚР 2007 ж. конституциялық реформаның негізгі қағидалары және жүзеге асырылуы талдау жасау
  СӨЖ сағатының барлық саны      

 

 

Тәжірибелік сабақтарға арналған тапсырмалар

Саясаттану ғылым ретінде. Саясат түсінігі.

Д.Жамбылов. Саясаттану оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Саясат ұғымы және саясаттың пайда болу себептері. Саяси нақтылық - саясаттанудың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы.

1. Саясаттың мәні, мағынасы

2. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы

3. Саясаттану курсының кұрылымы мен міндеті.

Саяси ілімдер тарихы

Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Саяси ойлар туралы анықтамалар, саяси көзқарастардың тарихы. Саяси ой тарихы - саяси ғылымның құрамдас бөлігі. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы. Орта ғасырлардағы араб-исламдық және батыс-еуропалық идеялар. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар. Еуразиялық идеялар.

1. Антикалық саяси ой

2. Орта ғасыр заманындағы саяси ой

3. Жаңа замандағы саяси ой