Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Леуметтік-саяси пәндер» кафедрасы

 

 

СИЛЛАБУС

ПәнДінтану( 2 кредит )

Мамандық:Металлургия, математика, физика, информатика, ақпараттық жүйелер, математикалық және комп. модел.

Курс1;2

ОқытушыСимуканова Г.С.

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

ПәнДінтану( 2 кредит )

сабақ өткізілетін орын ауд. уақыты апта күндері оқытушы байл. тел email
Техникалық факультеті Аудитория сабақ кестесі бойынша 8:30-14:30        
Физика – математика факультеттері Аудитория сабақ кестесі бойынша 8:30-12:30 Сәрсенбі Симұқанова Г.С.  
Физика – математика факультеттері Аудитория сабақ кестесі бойынша 8:30-12:30 Бейсенбі Симұқанова Г.С.  

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: діннің шығу тарихы мен еркін ойлаудың тарихи кезеңдері туралы, діндердің догматтық негіздерінің тарихы, олардың қоғамның барлық саласындағы қызметтері мен орны туралы обьективті ақпарат беру, сондай-ақ дінді зерттеуші танымал ғалымдардың еңбектерімен таныстыра отырып, діни доктриналарды, діни бірлестіктер мен олардың өкілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін сыни талдау біліктілігін қалыптастыру болып табылады.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:

- әлемнің негізгі діни дәстүрлерінің тарихы мен қазіргі жағдайын, олардың ілімдік, рәсімдік-ғұрыптық және құрылымдық ерекшеліктерін, өзара әлеуметтік қарым-қатынастарын және қоршаған орта, билік құрылымдарымен байланысын;

- діннің даму тарихындағы құбылыстарды жан-жақты талдау;

- діни догматиканың әр түрлі аспектілерін, конфессияаралық қатынастардың өзекті мәселелерін талдау барысында білім алушыларға өз ұстанымын қалыптастыруға үйрету;

- студенттерде төзімділік пен конфессияаралық сұхбат мәдениетін қалыптастыру.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Курс студенттерді өзінің ойлау жүйесіне ұқсамайтын басқаша ойлау пайымындағы адамдарды түсіну өнеріне ие болуға бағыттайтындықтан, пәнді игеру дүниетанымдық сұхбаттастықты жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл курс философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, әдебиеттану, тарих, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстық топтама пәндерін оқу барысында студенттердің алған білімін толықтырады. Бағдарламада заманауи ғылыми парадигма аясында дінді толық теориялық талдау көзделген. Діни феномен философиялық, социологиялық, психологиялық, феноменологиялық әдістер негізінде қарастырылады.

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: негізгі әлемдік діндердің мәнін және жалпы сипаттарын, ғылым мен діннің негізгі қағидаларының ерекшеліктерін, ұлттық және әлемдік діндердің діни ілімі мен культтерінің ерекшеліктерін, әлем мен адамға қатысты діни көзқарас ерекшелігін, әлем діндерінің адамгершілік нормаларын, ұждан бостандығы мен діни төзімділік мәселелеріне қатысты дінтанудың негізгі категорияларын, түрлі діни жүйелердің негізгі діни ілімін, түрлі діни концепциялардың теориялық ережелерін, діни жүйенің заманауи ахуалын; Діни саладағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының конституциялық-құқықтық негізін;

Істей білу: негізгі заманауи конфессияларды, діни саладағы әлемдік және қазақстандық заңнама, оқу барысында алынған білім, дағдыларды қолдана білу, діни дәстүрлер мазмұнын білу, діндердің дүниетанымдық және әлеуметтік-адамгершіліктік маңызын түсіндіру, алған білімді ғылыми зерттеу, педагогикалық және жалпы мәдени салада қолдана білу, көпконфессиялы ортада еркін бағдарлана;

Дағдысының болуы: діни сана мен діни қатынастардың дамуының қазіргі мәселесі мен көкжиегін талдай білу, діни негізде әлеуметтік дау-дамайды болжай білу, конфессияаралық сұхбатты жүргізу, төзімділік негізінде оқу-педагогикалық және тәрбие беру қызметін ұйымдастыруға.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: дінтанупәнін толық меңгеру үшін саясаттану, әлеуметтану және гуманитарлық пәндерді игеру керек. Жоғарғы оқу орындарында өтетін мына пәндермен қарым-қатынаста болады, атап айтар болсақ: Қазақстан тарихы, философия, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану және т.б.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: дінибілім қоғамды кеңейтілген әлеуметтік-тарихи контексте оқытуда болашақ мамандарға діннің қазіргі қоғам өмірінің нағыз ролін түсіндіруде, оның мүмкіндіктерін бағалауда өте қажет.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

 

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (сағ) Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ МӨЖ (сағ)
Діннің теориялық негіздері -
Әлемдік діндер -
Дін.Мәдениет. Мемлекет. -

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта   сағаты
  Модуль 1  
1,2 Ғылыми білім жүйесіндегі дінтану.
3,4 Адамзат мәдениетіндегі діннің орны.
Дін: тарихи формалары мен қазіргі кезең.
  Модуль 2  
Буддизм: сенім негізі және культі.
Христиандық: тарихы мен қазіргі кезең.
8,9,10 Қазіргі әлем мен Қазақстандағы исламның орны мен мәні
  Модуль 3  
Қасиетті жазбалар мәдени ескерткіштер ретінде.
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен культтер.
Қазіргі діннің ерекшеліктері.
14,15 Дін. Мемлекет. Саясат.

Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары

Апта Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары сағаты
  Модуль 1  
Дін ғылыми зерттеудің пәні ретінде.
Дінтанулық концепциялар.
Ежелгі таптық қоғамдағы діндер.
4,5 Ұлттық діндер.
  Модуль 2  
Қазақстандағы буддизм.
Қазақстандағы христиандық.
8,9,10 Қазақстан халқының рухани өміріндегі ислам.
  Модуль 3  
11,12 Конфессиядан тыс және синкреттік діндер мен культтер.
13,14 Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік қызметі.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас мәселелері.

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1 Дін:тарихи формалары мен қазіргі кезең