Азақстанның білім беру жүйесі

 

Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекет және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.

1995 жылғы Конститутция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекет және жеке) өз еркімен қалауына байланысты.

1997 – 1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру толығымен аяқталды.

Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін байланыста жүргізуде.

 

3 - тапсырма. Мәтінді ауызша мазмұндап, сұрақтарға жауап беріңіз

 

Қазақстанның білім беру жүйесі қандай типті басшылыққа алған?

Толық орта білім алуды мемлекет қалай жүргізеді?

Мектеп бітірген соң, білім алу қалай белгіленеді?

Мектепті ақпараттандыру қай жылдан басталды?

Мектепті компьютерлендіру толығымен қашан аяқталды?

 

4 - тапсырма. Сұхбаттың толық нұсқасын жазыңыз

 

- Дотым, шетелдерде жеке меншік оқу орындары көп пе?

Осыған қатысты қандай деректер білесіз?

-...

 

Мен ғаламтор ақпараттарынан шетел студенттерінің базасы мықты жеке меншік университеттерінде оқығысы келеді дегенді естіп едім. Оның сыры неде?

- ...

 

- Шетелден келген білім жүйесі негізінде «магистр», «бакалавр» сияқты терминдерді естідік. Ол жайында не білесің?

 

- ....

 

5 - тапсырма. Мына сөйлемдерді бұйрық райда түрлендіріңіз.

Студенттер емтиханды тапсырды. Олар ғылыми жұмысты тез жазды. Осы кітапты алған едім. Біз сайысты жақсы ұйымдастырдық. Әуежайдағы ұшақтар техникалық тексерістен өтті. Халықаралық кездесулер Қазақстанда болады. Олар осы әңгімені қызықтырып айтты. Саяжайда олар барлық жеміс-жидек түрлерін отырғызды.

 

6 - тапсырма. Қажетті сөздерді аударып, қазақ тілінде рай түрлерінің жасалуын ажыратыңыз.

Менің әдемі ( хочу одеваться). Оның бізбен ( хочет погулять). Оның жарысқа (хочет участвовать). Ол тез (придет). Оның сурет (хочет рисовать). Студенттерге (хочет сказать). Біз Бәйтерекке кеше (сходили). Мен осы мамандықты (выбрал). Сәкен сабағын (пусть делает). Біз газет-журналды үнемі (читаем).

 

13 – сабақ.

Лексика: адам және заң.

Грамматика: шақ категориясы.

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз

азамат - гражданин

құқық - право

тегі - фамилия

лауазымы - звание

әлеуметтік жағдайы – социальное положение

мүлік - имущество

жағдаят - ситуация

міндеттері - обязанность

азаматтық қоғам – гражданское общество

баспалдақ – ступенька

 

2 – тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгеніңізді ауызша баяндаңыз. Өзіңізге таныс сөздерді ауызша аударыңыз

 

Адам және заң

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының құқығы бірдей.

ҚР Конститутциясының 14-бабында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының міндеттері де тең. Азаматтық қоғам құруға апарар баспалдақ осылар болмақ. Адамдар белгілі бір заңдар, ережелер шеңберінде өмір сүреді. Қазақстан Республикасының қабылдаған заңдарының бәрі Конститутцияны басшылыққа ала отырып жасалады.

Конститутция қоғамның даму заңдылықтарын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін айқындап беретін негізгі заң болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл біздің өміріміздегі маңызды күн ретінде жыл сайын мерекеленеді.

3 - тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы туралы ҚР Конститутциясының нешінші бабында айтылған?

Адамдар өмір сүруде қандай ереже, заңдарға сүйенеді?

Негізгі заңда адамға қатысты қандай мәселелер қамтылады?

Ата заңымыз қашан қабылданып, бекітілді?

 

4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, ауызша сөйлесуге дағдыланыңыз.

- Достым, ҚР Конститутциясы қашан қабылданған?

- ............................................................

- Азаматтық қоғам құру үшін, ҚР Конститутциясының 14-бабында қандай құқықтар қамтылған?

- ............................................................

- ҚР азаматтарының құқықтарын айқындап беретін заңдар қалай жасалған?

- ...........................................................

- Сенің құқыңа нұқсан келтірілсе, қандай құжатқа сүйенесің?

- ..........................................................

- Қазақстан Республикасы заңдарының орындалысын қандай басқару мекемелері қадағалайды?

- ........................................................

5 - тапсырма. Өткен шақ есімше жұрнақтарын пайдаланып, төмендегі сөйлемдерді түрлендіріңіз. Сөйлемнің мағынасындағы өзгерістерді түсіндіріңіз.

 

Мұрат емтиханға көп дайындал... Студенттер жазғы демалыста жұмыс істе... Ағасы кеше мұражайға апар... Шекарашылар осы заңды сақта... Атасының сөзін сабырмен тыңда... Құнды қағаздар, сирек кітаптар мұрағатта сақтал...

 

6 - тапсырма. Өткен шақ көсемше жұрнақтарын пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Олар бізге қолдан жасалған бұйымдарын жібер...ті. Сол кеште әсем әндер шырқал...ты. Оның мінезіне бәрі күл...ті. Бала ата-анасын қуанышқа бөле ...ті. Сол сәтте бойын батылдық биле... ті. Әлем халқы тыныштықты тіле... ті.

 

Сабақ.

 

Лексика : Халықаралық қатынастар.

Грамматика: Үстеу.

1- тапсырма. Сөздікпен танысып, жаңа сөздерді меңгеріңіз.

қуатты – мощный

мән - значение

даму үрдісіне – в процесе развитие

ықпалы -

құқықтық - правовой

теңдік - свобода

іскерлік қатынастар – деловые отношения

мәдениетті - культурный

білім - знание

бағдарлама - программа

оқу орындарында – в учебных заведениях

кездесу - встреча

нәтижесінде – в итоге

мәлімдеме - декларация

 

2 – тапсырма.Мәтінді тыңдап, өзіңіз білетін сөздердің аудармасына назар аударыңыз.