Дәріс 5. Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясы-2 сағат

Мақсаты : XIV – XVIII ғасырлар арасындағы батысевропалық философиясының жалпы сипатын, басты мәселелерін ашып көрсету.

Негізгі ұғымдар: Гуманизм, пантеизм, антропоцентризм, деизм, гелиоцентризм,ренессанс, натурфилософия, утопия, индукция,дедукция, монада, рационализм, эмпиризм,сенсуализм.

1.Қайта өрлеу дәуірі философиясының жалпы сипаты.

2.Жаңа Заман философиясының мәселелер шеңбері.

3. ХҮІІІ ғасырдағы француз материализмі.

Қайта өрлеу (Қайта жаңғыру, франц. Ренессанс ) дәуірінің басты сипаты антропоцентризм болды.Қ.ө.философиясына пантеизм (бәрі құдай, яғни табиғат пен құдайды теңестіру), секуляризация(діннен алшақтау) тән. Қ.ө.дәуірінде антика мәдениеті қайта жаңғырды.Шартты түрде XV-XVIғ.ғ. атайды. Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды.

Бірінші бағыт адамның бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелді (Н.Кузанский, Пико делла Мирандола , Леонардо да Винчи, Мишель Монтень).

Екінші бағыт-әлеуметтік философия ( Т.Мор,Н. Макиавелли, Т. Кампанелла.). Адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап , утопиялық социалистік идеяға бой ұрды (Т.Мор, Т.Кампанелла).

Үшінші бағыт гелиоцентризм және әлемнің шексіздігі туралы.Табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып , христиандық діннің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін , табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер етті , революциалық жаңалықтар ашты. ( Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей).

Н.Кузанский ( 1401-1464жж.),кардинал. Негізгі еңбектері : « Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы », «Құдайдың көріпкелдігі туралы».Кузанский бойынша , әлем қарама-қарсы заттардан тұрады олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады.Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда,материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамиды. Бұл ретінде адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және олар құдайдың көрінісі болып табылады.Бірақ өзінің ақыл-ой ,іс-әрекеті арқасында құдаймен қатар тұрады.Адам дегеніміз оның ақыл-ойы деп тұжырымдайды.Ақыл-ойда табиғаттың заңдылықтарын білуді үздіксіз толықтырып отыру қажет.Кузанский адамның дүниетану қабілетінің шексіздігін атап көрсетті,адамды өз ақыл-ойының жасампаздық қабілеті жағынан құдайға ұқсатты.

Н.Коперник (1473-1543жж.). Негізгі еңбегі: «Аспан денелерінің айналуы туралы». Астроном .Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушысы. Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болдыҚайта өрлеу дәуірінің аса бір көрнекті өкілі Джордано Бруно (1548-1600жж.) Негізігі еңбектері: «Ғалымның шексіздігі және басқа әлемдер туралы», «Себептілік,бастама және біртұтастық туралы». Бруно бойынша,табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ.Ол кеңістікте де , уақытта шексіз,ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі.Табиғат өз заңдылығымен дамиды.Әлем мен құдай –бір, деп санады.Әлем – универсум ,жалғыз ғана мәнділік,сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп ,олар үздіксіз үздіксіз өзгерісте болады.Ол философиялық танымның мақсаты құдайды емес,табиғатты танып –білу деп есептеді,мұнымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты.Таным теориясында Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра тоырып ,ол сыртқы дүниені ,табиғатты бейнелейді деп есептеді.Бірақ,ол сезім мен ақыл-ойды бір-бірімен қарама-қарсы қойды: сезімдік қабылдау –танымның сенімсіз негізі,тек ақыл-ой нағыз білімнің көзі деп есептеді. Г.Галилей (1564-1642жж.) теориялық жаратылыстанудың негізін салды.Телескопты ойлап тапты.Телескоп көмегімен айды зерттеді.Юпитер спутниктерін ашты.Коперниктің гелиоцентрлік теориясын ақиқаттығын көрнекті түрде дәлелдеді.Табиғаттың кітабы үшбұрыш,дөңгелек,тік бұрыш тәріздес .Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ ,таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек.

Бұл дәуір қоғамның мәні ,адамның табиғаты туралы да жаңа түсініктер тудырды.Түрліше қияли теориялар мен ілімдер пайда болды.Солардың бірі-утопиялық социализм. Оның негізін салушылар ағылшынның қоғамдық қайраткері,гуманист Томас Мор және итальяндық философ Томмазо Кампанелла. «Утопия» грек. шын мәнінде жоқ деген мағынаны білдіреді. «Утопия»деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Т.Мор қолданды.Ол мінсіз қоғам орнаған ойдан шығарылған аралды осылай атады. Мор өзінің «Утопия» деген еңбегінде және Кампанелла «Күн қаласы» деген кітабында болашақ бақытты қоғамдық құрылыс жайындағы армандарын қияли баяндап берді: ол қоғамда жеке меншілік пен қанау жоқ,адамдар ынтымақты қауым болып өмір сүреді,еңбек барлық қауым мүшелерінің міндеті, әркім өз еркімен еңбек етеді,оқып білім алады,дене еңбегі мен ой еңбегі дұрыс ұштастырылып ұйымдастырылады. Т.Кампанелла схоластикаға қарсы шықты .Ол өзінің еркін ойлығы үшін инквизицияның қудалауына ұшырады.27 жыл түрмеде отырды.Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады.Макиавелли(1469-1527жж.) итальян ойшылы. Негізгі еңбегі: «Тақсыр».Оның пікірі бойынша ,қоғам құдайдың құдіретімен емес,табиғи себептерге байланысты дамиды.Тарих дамуының негізіне материалдық мүдде мен күш алынған. Макиавеллидің еңбегінің маңызы мемлекетті алғашқылардың бірі болып адам көзімен қарап,оның заңдарын теологиядан емес,ақыл парасат пен тәжірибеден шығара бастағанында.