ХІХ- ХХ ғғ. басындағы орыс философиясы 1 страница

Мақсаты: ХІХ ғасырдағы орыс қоғамындағы әлеуметтік-саяси жағдай, осыған байланысты орыс философиясында көтерілген басты мәселе, негізгі бағыттармен, оның ХХ ғасырдың басындағы философиямен сабақтастығын сипаттау.

Негізгі сөздер мен ұғымдар: Соборлылық,революция, демократия, рационализм,космизм,персонализм, монархия, ноосфера, батысшылдық, славянофильдік, православия.

1. Орыс философиясының бастаулары.

2. Орыс демократтарының философиялық көзқарастары.

3. Орыстың діни философиясы.

 

Философияның ұлттық типтері болады, олардың қатарына орыс философиясы жатады. Орыс халқының 988 жылы христиан дінді қабылдауы оның дамуының шешуші қадамы болғанын атап көрсету қажет. Орыс философиясы Петр Біріншінің реформалық қызметіне дейін теорталықтық түсінікті игерді. Петр біріншінің реформасынан соң орыс зиялыларының қарқынды түрде батысеуропалық философиясын меңгеруі басталды.

Орыс философиясының дамуы 17- ғасырдың аяғынан басталады. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлерге алғаш үлес қосқан М.В.Ломоносов (1711-1765жж). Ломоносов бойынша, материя атомдардан тұрады, атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылылардың қосылысынан барлық заттар түзіледі деп есептеді. Табиғатты зерттеп, ол материя мен қозғалыстың мәңгілігін және жойылмайтынын дәлелдеді, зат пен қозғалыстың сақталу заңын ашты. Материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз қозғалыста болады деп көрсетті

Философияның жүйелі дамуы XIX ғасырдың екінші ширегінен өзек алады. Ал, XIX ғасырдың 40-50 жылдары идеялық даулар, негізінен, Ресейдің келешектегі даму жолдары төңірегінде өрбіді. Осы тұста белгілі екі ағым пайда болды – батысшылдық(В.Г.Белинский, А.И.Герцен, т.б.) және слявянофильдік (И.В.Киреевский, А.С.Хомяков, т.б.).

Батысшылдар. Ресейдің Еуропалық алдыңғы қатарлы елдерден экономикалық, саяси және мәдени жағынан артта қалып бара жатқанын ескерді. Өркениетті буржуазиялық Еуропа оларға Ресей талпынатындай идеал ретінде көрінді. Ресейдің артта қалуын олар діни институттарға, монархизмге тәуелділікке байланысты деп білді. Ерте бой көрсеткен батысшылдар арасынан философ, жазушы А.И.Герцен (1812-1870 жж.) ерекшеленді. Ол батыс философтарының еңбектерін тамаша білді. Ол Гегель диалектикасын «революция алгебрасы» деп бағалады және адамзаттың антогонизмнен ада қоғамға ұмтылу заңдылығын негіздеуге талпынды.

Герценнің барлық философиялық тұжырымдарында табиғат пен адамның, материя мен сананың, индивид пен халықтың, жаратылыстану мен философияның, тарихи жағдайлар мен адам еркінің, тағы басқалар бірлігінде бейнеленетін жалпы бірлік идеясы көрініп тұрады.

Герцен болашақ қоғам социалистік идеал мен тектес. Герцен идеялары орыс философиясының, Ресейдің қоғамдық-саяси ойының дамуына зор ықпал етті. Сөйтіп, олар халықшыл (народничество) идеологияны тудырушылардың біріне айналды.

Егер батысшылдар қоғам дамуының еуропалық үлгілерін басшылыққа алса, словянофильдер ұлттық идеялық дәстүрлері негізінде айрықша орыс философиясын жасап шығаруға ұмтылды. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық(құтқарушылық) идеясын негіздеді. Олардың тарапынан дінге рухани көшбасшының барлық құқықтары қайтарылуы керек болды.

Славянофильдер шындықты интуитифтік сезімдік қабылдауға негізделген орыс халқының дінге бой ұсынушылығы туралы православиелік дін, христиандық менталитеттің діни тұтастығын уағыздады. Православиелікті олар Ресей қоғамының рухани негізі, монархияны басқарудың дұрыс жолы деп, шаруашылық қоғамда орыс өмірінің экономикалық және өнегелі тірегі деп санады.

Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип – соборшылдық / еркін кауымдастык/ ұғымын енгізеді. Бул уғымды даярлаған А.С. Хомяков /1804 - 1860/.Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, “Касиетті Русь” идеалдарына бет бұру, провославиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сиякты идеяларды колданады. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапкы нактылық» болып табылады. ”Соборшылдық” ұғымы да осымен байланысты. “Соборшылдық ” принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды. “Соборшылдық және қауымға табынумен”(культ) сипатталатын Хомяков философиясы индивидуализм мен қатар, казармалық коллективизмге қарсы бағытталған және орыстың православиялық шіркеуінде бар еркіндік пен суйіспеншілік принциптерін бекітуге бағытталған. Соборшылдық адам өмір -қамының барлык салаларынан көрінеді; шіркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркін адамзаттық бастау (адамның еркіндік ыркы) мен адамнын кұдайға тән кұдіреттік бастауының (ырыс- береке) өзара әрекеті нәтижесі болып табылады. Славянофильдердің айтуынша “соборшылдықты “ правослвавиелік “ шіркеулік коршаудағылар” ғана , яғни православиелік кауым мушелері ғана игере алады, ал “бөтендер мен дінсіздер ” оны кабылдай алмайды. Ауылшаруашылык кауымын славянофильдер асыра дәріптейді. Қауымның экономикалық әрекеті жеке және қоғамдык мүдделердің уйлесімді бірлігін білдіреді.Селолық қауымның басты артықшылыгы өз мүшелерін тәрбиелейді рухани адамгершілік принциптерден көрінеді; ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм. Славянофильдердің пікірінше, кауым мушелері бойында касиеттердің пайда болуы ертедегі діни дәстурлерді бейсаналы инстинкті түрде сақтау жолымен жүзеге асырады.

XIX ғасырдың ортасында Рессеяда азаттық үшін қозғалыстың буржуазиялық, демократиялық кезеңі басталды. 1861 жылы басыбайлы құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, қанатын кеңге жая бастайды да, оның басына орыс зиялылары келеді. Бұл кезде Россияда капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып дами бастаған болатын. Осы кезде орыс мәдениеті қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған. Осындай тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайлар аясында орыстың төңкерісшіл, демократтарының философиялық көзқарастары қалыптасқан болатын.

Осы кезеңдегі революциялық – демократиялық басшысы, жазушы, публицист Н.Г.Чернышевский (1828-1889). Философияда ол Герцен, Белинский, Гегель және Фейербах ілімдеріне сүйенеді. Негізгі теориялық жұмысы – «Философияның антропологиялық қағидасы» («Антропологический принцип в философии»).

Чернышевский – шынайы материалист. Ол сапасы бар материя ғана өмір сүреді деп жазды. Бірақ материяны Фейербах сияқты тар мағынада түсінеді. Диалектика идеяларын қарастыра отырып, оны метафизикалық жағынан түсіндіреді: күрделі процестерді сапалық өзгешелігіне қарамай, қарапайым түрде көрсетуге тырысады. Мұндай жол Чернышевскийдің адамды пайымдауында айқын көрінді. Ол Фейербах сияқты антропологиялық принципті қолданып, адамда медицина, физиология және химияны зерттейтін органикалық болмыс қана бар деп сынайды. Сонымен қатар тұлғаның этикалық негіздері қысқаша түсіндіріледі: адам жағымды нәрсеге талпынып, жағымсыздықтан қашады. Мейірімді ме, мейірімсіз бе – шартқа байланысты. Мысалға, «адам басқаға жағымсыздық таныту арқылы өзіне жағымдылық алуға мәжбүр болғанда, мейірімсіз болады». Бірақ мұндай адам кінәлі емес, жағдай солай. Ол бұны былай қорытындылайды: адамды жетілдіру үшін оның өмірлік жағдайын, әлеуметтік және экономикалық жағынан өзгерту қажет. Мұндай революциялық өзгерістердің қажеттілігі туралы қорытынды өте заңды болып табылады.

Чернышевскийдің шәкірті, публицист және әдеби сыншы Н.А.Добролюбов (1836-1861) өз ұстазының көзқарастарын көп жағдайда мақұлдаған. Ол философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, материя туралы ілімді ілгері дамытты. Ол ойлауды материясыз жеке алып қарастыратын идеалистік философияны өткір сынға алды. Тұрпайы материализмнің қағидаларына қарсы шығып, сананы ойлауды материяның дамуындағы ең жоғары нәтиже, рухани құбылыс ретінде қарастырған болатын.

Оның ұстазынан айырмашылығы Чернышевскийге қарағанда халыққа әсердің қажеттілігіне және шаруа революциясының жақындығына сенімді болды. Және ол шаруашылық қоғамның болашағына сенімсіздікпен қарап, социализмнің орнына орыс капитализмін қабылдауды құптайды.

Ресейдегі діни философияның маңызы өте зор. Оның XIX ғасырдағы дамуы бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен орыс православиесі мен монархизм идеясынан славянофильдер пайда болды. Оларды жершілдер ауыстырды. Олар XIX ғасырдың діни реформаторлықты туғызды. Оның заңды нәтижесі маңызды діни ақиқаттарды ұсынуға бағытталған діни-философиядағы ағым - құдайіздеушілік (богоискательство) толқыны болып табылады.

«Орыстың рухани ренессанансы» деп аталатын құдайіздеушілік кезеңі шамамен XIX ғасырдың аяғында басталып, XX ғасырдың басында аяқталады. Бұл кезеңде орыс ойларының жаңа көрінісі шығады: бірінші жағынан рухани ізденістерге талпынған діни-философия; екінші жағынан революцияға ұмтылған, Фейербах пен Маркстың ізін қуушы материалистер.

Бұл кезеңнің аса көрнекті өкілі, орыс жазушысы Лев Николаевич Толстой (1828-1910). Ол Христостың іліміне негізделген, бірақ шіркеуліктен, мистикадан бос сенушіліктен тазартылған жаңа практикалық дінді қалыптастыру идеясын алға қояды. Ол философиялық сүйеуді ерте христиандықтан, шығыс діндерінен және Руссо, Шопенгауэр, Фейербах ілімдерінен табады.

Толстойдың діни шіркеулік Православиеден бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, ол Христостың құдай ретінде емес, жоғарғы этикалық қасиеттерді нығайтқан рухани адам ретінде қабылдайды.

Екіншіден, адамдар бұл ілімді түсінбегендіктен шіркеу жауаптылықты өз мойнына алады деп сенеді.

Үшіншіден, метафизикалық артынан жаңа өсиет этикасын ұмытты. Сондықтан да ол биліктің әділетсіздігі мен құлдыққа рұқсат берді.

Төртіншіден, Толстой ертедегі христандыққа табынуға шақырады. Сөйте тұра, Толстой оны басқа діндерден бөліп қараған емес. Өйткені олардың барлығында да бірдей дәрежеде жалпы адамдық ізгіліктер қасиеттер бейнеленген дейді.

Мистикалық идеализмнің көрнекті өкілдерінің бірі – Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900). Соловьевтің көзқарасына христиан әдебиеті, сондай-ақ буддизмнің, неоплатонизмнің және басқа діни-философиялық жүйелердің идеялары елеулі ықпал етті. Ол неміс философиясынан славяншылдардан көп нәрсені қабылдап пайдаланды.

Ол орыс философиясының тарихында алғаш рет мистикалық платонизмді Шеллингпен және ғылыми эмпиризммен ынтымақтастырмақ болған ғұлама. Бұл әрине, алдын ала бітпес қайшылықтарға құрылған философиялық жүйе болатын. Соловьев христианшылдықтың мистикалық философиялық негізін қаламақшы болғандығы түсінікті. Материалистік философияның жауы, атеизм қараңғылықтың, сыңарлықтың нәтижесі деп санайтын Соловьев философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешеді, демек ол үшін әлемнің түп негізі объективтік рух болып табылады. Алайда, оның рухы Гегельдік рухтан біршама өзгешелеу болады. Өйткені, Гегельдің рухы «таза рух» болса, Соловьевтің рухы құдайға тән және ол болмысқа әбден сіңісті болып кеткенімен болмыстық күйге толығымен ауыспайды. Демек, бұл жәйттен Соловьев әлемнің бірлігі- құдайда деген тұжырымын жасайды.

Космизм– орыс филасофиялық ойындағы терең, эвристикалық және перспективтік ағымдардың бірі. Ол көптеген философтарды, ғалымдарды, суретшілерді, музыканттармен ақындарды біріктіреді.

ХIX ғасырда космизмің негізгі идеялары көптеген философтардың шығармаларында көрініс табады. Солардың ішінде В.Д.Одоевский, А.В. Сухово–Кобылин, Н.Ф.Федоров, Н.В.Бугаев, В.С.Соловьев, Е.П.Блаватская, Н.А.Умов. XIX ғ. космизнің қарқынды дамуы К, В.И Вернадский, П.А.Флоренский, С.Н.Булгаков, Н.А.Бердяев, Н.Л.Чижевский, В.Н. Муравьев, А.К.Маисеевтің және басқа да көптеген философтар мен ғалымдардың жұмыстарында жалғасын тапты. Осы ағымда және жалпы әлемдік философияда адамның космостық эволюциясы ерекше орын алады. Ол – XX ғ. ортасында Е.И. мен Н.К. Рерихтер шығарған «Живая Этика» (Агни – Иога).

Космизнің басты идеялары:

· Адам мен космостың тығыз байланысы және бір-біріне тигізетін әсері.

· Адам өмірі мен сана дамуының шыңы ретінде саналмайтын үздіксіз туып келе жатқан эволюция.

· Адамның космостық табиғаты және сонда жасырын шексіз рухани күштердің болуы.

· Адамның рухани мәнінің өшпестігі .

· Адамның космосқа шығуы және саналық өзгеруі.

Бақылау сұрақтары:

 

1.Славянофильдік бағыттың Батысшылдық бағытынан айырмашылығы неде?

2.Персонализм дегеніміз не?

3.Орыстың діни философиясындағы “ҚұдайАдамдық ЖалпыБірлік ” теориясының мәні неде?

4.Орыс космизмінің негізгі мәселесі неде?

5.Орыс материалистерінің дәстүрлі дүниеге көзқарасын қалай түсіндіресіз?

Негізгі әдебиет:

1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.

2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.

3. Кішібеков Д., СыдықовҰ. Философия. Алматы, 2006.

Қосымша әдебиет:

1.Орыс философиясы.ӘФМ. 20 томдық .т.12. А.,2006

 

Дәріс 8. Қазақ философиялық ой-пікірлерінің ерекшеліктері-2 сағат

Мақсаты: ұлттық философиялық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.

Негізгі ұғымдар мен сөздер: дүние, заман, ел, даналық, бақсы, түркі сопылығы, жырау, Жерұйық, текті, кісі, жақсы,тәубе, қанағат

  1. Қазақ философиясының жалпы сипаты.
  2. X-XII ғ.ғ. қазақ жерінде қалыптасқан философияның мәселелері.
  3. Ақын-жыраулар философиясы.
  4. Қазақ ағартушылығының ерекшеліктері.

 

Философия деген гректің даналықты сүйемін деген сөз тіркесінен шыққан.Ана тілімізде философия, философ дегендерді білдіретін даналық, дана, данышпан, араб тілінен енген хакім деген ұғымдар бар.Қазақ философиясы дегеніміз даналық ойлардың тарихы.

Қазақ философиясының негізгі сипаты: біріншіден,табиғатқа бас ию, оған табыну;екіншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс)және гносеологиялық (таным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді; адам мәселесі экзистенциалды тұрғыдан қарастырылды; көшпелі халықтың арасында әлеуметтік айырмашылықтар аз болғандықтан теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы;материалдық байлықтан көрі ар-намысты биік ұстау;барды қанағат ету;жеке мүддеден ұжымдық мүддені жоғары қою; ерлік қасиет; ел үшін өмірін қиюға дайын болу; өмірі қысқа көшпелінің күнбе-күнгі өмірді бағалап, оны той-думанға айналдыруы, қиналғанға риясыз көмек; ата-ананы; үлкенді сыйлау; сөз өнері мен бақсылық өнерге ерекше құрмет.

Жүсіп Баласағұн (XI ғ.) –Баласағұн қаласынан шыққан түрік, “ Құтадғу білік” ( “Құтты білім”) деп аталатын атақты шығарманың авторы.Оғыз-қыпшақ тілінде жазылған бұл жұмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай , философиялық , эстетикалық, ертедегі түріктердің наным- сенімдеріне байланысты материалдарға да толы. Ойшыл бұл еңбегінде төрт құндылықты бөліп көрсетеді: әділет, дәулет, ақыл, қанағат.Басты құндылық ретінде әділдікті атайды.

Махмұт Қашқари өзінің 1072-1083 жылдары жазылған “ Диуани лұғат ат- түрк” (“Түрік тілінің сөздігі”) еңбегінде түрік тайпаларының тілі, әдет –ғұрпы, тарихы мен саяси өмірінен мол мағлұмат берген.

Суфизмнің көрнекті өкілі, түрік сопылығының негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауи (XII) негізгі еңбегі “Диуани хикмет” (“Даналық кітабы”) түрік тілінде қыпшақ диалектісімен жазылған. Шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман”, “Бақырған” атты еңбектерінде сопылық этика мәселесі көрініс тапқан. Түрік сопылығының тағы бір өкілі Ахмет Игүнекидің (XI) негізгі еңбегі “Ақиқат сыйы” поэмасы.

Қазақ халқының дүниетанымынан ислам ортодоксиялық (дұрыс, толық) түрінде емес, табиғаты туралы ұзақ айтыстан кейін исламның бір бұтағы деп танылған суфизм (сопылық) түрінде орын алды. Суфизмнің негізгі өзегі “жетілген адам” (“инсан камил”) концепциясы.

3.Даналық түрінде қалыптасқан қазақ философиясында ақын- жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады.Қазақ ақындық шығармашылық дамуы мынадай үш кезеңге жіктеледі:

а)шартты түрде жыраулар дәуірі деп аталатын кезең(XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысы );

ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы -XIX ғасырдың бірінші жартысы);

б) ақындардың өзіндік сайысы-айтыстың пайда болуымен байланысты кезең ( XIX ғасырдың екінші жартысы -XX ғасырдың басы ).

Асан қайғы (XV ) , Қазтуған жырау (XV ) , Доспанбет жырау (XVI ) Шалкиіз (XV-XVI ),Ақтамберді (XVII- XVIII ) ,Бұқар жырау (XVII-XVIII ), Шал ақын (XVIII-XIX) және т.б. шығармашылығында қазақ дәстүрлі мәдениеті қалыптастырған рухани құндылықтар көрініс тапқан. Ақын- жыраулар шығармашылығының қайнар бұлағы болып табылатын халық даналығының қатарына ертетүркі жазба ескерткіштері ( Орхон- Енисей, Талас және т.б. ) жатады. Дәстүрлі кезеңде туған жерді қорғап, сақтап қалу мақсатымен батырлық эпос қайта жаңғырды(“Қобыланды”,“ Ер Тарғын”,“ Қыз Жібек” лиро- эпостық жыры және т.б.).

Философияның кең тараған анықтамасы ұғымдар арқылы ойлау болса, ақын – жыраулар шығармашылығы қазақ дәстүрлі ойлау ерекшелігін танытады. Онда поэзиядан, яғни образдық бейнелеуден көрі ұйқаспен берілген , түйінделген ой басым.Және ақын- жыраулар өз ойларын қазақи ұғымдар арқылы өрнектейді. Олар: дүние, адам, заман, жақсы, жаман, ақыл, сұлу, ару, әділет, қанағат, ғашықтық және т.б.

Зар-заман ақындары деп аталатын XIX ғасырда өмір сүрген бір топ ақындар шығармашылығында халықтың басына төнген қайғы-қасірет сары уайымға салыну, тарығу, ескіні көксеу сарынымен жырланады. Бұл кезең патшалық отарлау саясатының ең күшіне енген уақыты болатын.Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері: Дулат Бабатайұлы ( 1802-1874) , Шортанбай Қанайұлы ( 1818-1881) , Мұрат Мөңкеұлы ( 1843-1906 ).

4.Қазақ ағартушылық кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып, XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін созылды.Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғ. 40-60 жылдарындағы орыс ағартушылығының ықпалы күшті болды.Қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшелігіне мыналар жатады:

а) еуропа,орыс демократтары сияқты халықты тапқа бөлмей , жалпы ұлт атынан сөйлеуі , себебі жаппай сауатсыздық, отарлық қаналуға байланысты;

б) аңсаған қоғамды төңкеріс жолымен емес, бейбіт реформа жолымен орнатуды таңдауы.

Қазақ ағартушылығының бірінші кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысын қамтиды.Бұл кезеңнің негізгі өкілдері: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай.

Қазақ ағартушылығының негізін қалаушы – Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ).Қазақ халқының дүниетанымын “ Тәңір ”, “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы”, “Дала мұсылмандығы ” атты еңбектерінде талдаған.Қоғамдық – саяси көзқарастары “Сібір ведомоствосына қарайтын қазақтардағы сот реформасы туралы жазбалар ”, “Қытай империясының батысы және Құлжа қаласы”, “Ыстықкөл күнделіктері” т.б.еңбектерінде көрініс тапқан. Философияның дін философиясы саласының дамуына көп үлес қосты. Көзқарасына материализм, географиялық детерминизм тән.

Ыбырай Алтынсарин (1841- 1889)- қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл, жазушы.Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын.Ол дүниені жаратушы құдай деп білді. Бұл ойды “Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай”, “Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым”деген өлеңдерінде, “Мұсылманшылықтың тұтқасы” т.б. еңбектерінде осы ойды қуаттайды. Алтынсаринның қоғамдық – саяси көзқарастарына терең демократизм, патриотизм тән.”Қырғыз қайғысы” деген еңбегінде патша үкіметінің отаршылдық саясатына наразылығын білдіріп, қазақ жерінде қандай реформалар жүргізу керектігі туралы ойларын айтты. Тарих пен қоғамдық құбылыстар туралы мәселеде Ыбырай ғылым мен ағартушылыққа оның түрлендіруші күшіне деген сенім білдіреді.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ рухани мәдениетінде үлкен орын алатын ойшыл- демократ, ұлы ақын, сазгер. Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы.Дүниетанымы деизмге жақын. Құдай өз заңдылығымен дамитын өлшемнің алғашқы себепшісі.Шығармаларынан диалектикалық ой тұжырымдары байқалады.Абай философиясының негізгі мәселесі – адам. “Адам бол!” Абай этикасының негізгі принципі. Абайша , сену үшін алдымен түсіну қажет.Бұл ойлары әл - Фарабимен үндес.Көп өлеңдерінен сопылық сарыны еседі.Ақыл нақты құбылыстарды танығанымен Құдайды тануға шамасы жетпейтінін айтады.Ақын сопылықтағы махаббат поэзиясын қайта жаңғыртты. Абай – ұлы гуманист.Абай өз халқын бір орында тұрып қалмауға , тұйықталмауға, мәдениетін басқа халықтар , соның ішінде орыс халқының жетістіктерімен байытуға шақырды.

Қазақ ағартушылығының екінші кезеңі XX ғасырдың басынан қазақ жерінде Кеңес өкіметі толық орнағанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бұл кездегі қазақ ағартушылығының көрнекті өкілдері ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыровты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты, Шәкәрім Құдайбердіұлын, Мағжан Жұмабаевты, Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді және т. б . атауға болады.