Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

СИЛЛАБУС

Пән: KZP 202 - Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем cинтаксисі»

Кредит: 3

Семестр: 6

 

Оқытушы туралы мәлімет Сағат саны Офис сағаттары өтетін орын мен уақыты Байланыс ақпараты
Жолшаева Майра Сатыбалдиевна ф.ғ.д., Қазақ филологиясы кафедрасының ассоц. профессоры Барлығы – 135 сағ. Дәріс- 30 сағ. Семинар – 15 сағ. СӨЖ – 45 сағ. СОӨЖ – 45 сағ. 7 блок 2 қабат № 2 офис   Келісілген / бекітілген кесте бойынша жұмыс тел. 3079565 (364); e-mail maira_zhania@mail.ru maira.zholshayeva@sdu.edu.kz
           

Қаскелең 2015

ТҮСІНІКХАТ

Модуль сипаттамасы

Модульдің атауы және шифры: ТК/КВ - 9 Түркі тілдері және қазіргі қазақ тілі
Модульдің пәні мен коды: KZР 223 Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
Модульге кіретін пәндер атауы: Көркем мәтінді талдау Қазақ сөз этикеті
Семестр
Кредит саны (ҚР / ECTS кредиті) 3 / 5
Модульді жүргізетін оқытушылар Жолшаева М. / Нұрбаева Ж.
Оқыту тілі Қазақ
Оқытуды ұйымдастыру үшін сағат саны Дәріс – 30 сағат, семинар – 15 сағат, СӨЖ – 45, СОӨЖ - 45.
Модульдің пререквизиттері Қазіргі қазақ тілі морфологиясы . Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі.
Модульдің жалпы сипаттамасы
«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі» пәні жеке даму траекториясын құрайтын таңдау компонентіндегі «Көркем мәтінді талдау», «Қазақ сөз этикеті» пәндерімен белгілі бір дәрежеде сабақтасады. Лебізді айту – әрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын әрекет. Коммуникативтік талаптардың ең қарапайым көрінісі – ақпарат алу/беру, сұрау, әрекеттің орындалуына қозғау салуға итермелеу десек, тілдесу мақсаты күрделенген сайын сөйлеушілерге қойылатын талаптар да күрделене түседі. Бұл мәселелерге қатысты теориялық әрі практикалық білімді осы модульдің компоненттерін құрайтын пәндерден түрлі деңгейде ала аламыз.
Модульдің қысқаша мазмұны
«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі» пәні синтаксистік бірліктердің грамматика-семантикалық сипатын, күрделі ойды құрайтын компоненттер арасындағы функционалды-семантикалық қатынастарды және оларды бір күрделі бүтінге топтастыруға негіз болатын тәсілдерді теориялық тұрғыдан қарастырады. Осы айтылғандар мәтіннен көрініс береді. Құрмалас сөйлемдердің жиі қолданылатын тұсы – көркем туындылар. Сондықтан практикалық тұрғыдан көркем мәтінді лингвистикалық талдау барысында құрмалас сөйлемдер синтаксисі де қамтылады. «Қазақ сөз этикеті» курсы ойды сауатты да нақты жеткізу және мақсатқа жетудің стратегиялары мен тактикаларын қарастырса, лебізді құру үстінде талғамға сай келетін тілдегі ресурстарды ашуға осы теориялық пән көмекке келеді.
Бақылау түрі
Емтихан

 

 

Курс сипаттамасы

2.1 Пәннің мақсаты мен міндеттері.Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі – жай сөйлем синтаксисі пәнінің жалғасы. Бұл пән күрделі ойды жеткізу үшін жай сөйлемдердің өзара тұлғалық және мазмұндық жағынан байланысқа түсіп, синтаксистік бірлік түзудегі ерекшеліктерін, құрмалас сөйлем түрлерін, сөйлемдердің құрмаласу кезіндегі өзара қандай синтаксистік қатынасқа негізделетіндігін және жай сөйлемдердің құрмаласу жолдарын қарастырады.

Мақсаты - қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі жүйесін ғылымда тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып білу, сипаттау; студенттің әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу; болашақ ұстазға қажетті тілдік әдістемелік біліммен қаруландыру.

Негізгі міндеттері:студенттерді қазіргі қазақ әдеби тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруландыру: атап айтқанда, құрмалас сөйлем ретінде танудың негізгі шарттары; құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы мағыналық әрі функционалдық қатынастың түрлері; құрмалас сөйлемнің жіктемесі; құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары; құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық сипаты жайында теориялық тұрғыдан ақпарат беру.

2.2 Курстың пререквизиті.Тіл біліміне кіріспе. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі. Курстың постреквизиті. «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі» пәнін бойынша алынған білім нәтижесінде студенттерде негізгі синтаксистік бірліктердің бірі құрмалас сөйлемдер турасында ғылыми негізделген түсінік қалыптасып, ол алдағы уақытта (магистратура, докторантурада) оқытылатын түрлі ғылыми пәндерді жете түснуге негіз болады.

2.3 Пәннің МЖМББС-дағы міндетті компонент пәндерімен байланысы. Қазақ тілінің лексикология саласында сөздердің лексикалық мағынасы басты нысан ретінде қаралса, әрбір сөз тіркесінде оның сыңарлары ретінде танылатын сөздердің негізгі мағынаға ие болуы басты шарт болып табылады. Сөйлем мен сөз тіркесін құрауда сөздердің өзара байланыста айтылуы үшін лексикалық валенттілік мағызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан тілдің екі саласы лексикология мен синтаксис өзара тығыз байланыста болады. Морфология сөздердің түрлену жүйесін қарастырады десек, оның көрінетін тұсы – синтаксистік бірліктерде. Сөз тіркесі де, сөйлем мүшелері де өзара қосымшалар арқылы грамматикалық байланысқа түседі. Бұл морфология мен синтаксистің байланысын көрсетсе керек. Құрмалас сөйлемнің басты құрылымдық материалы жай сөйлем болып табылады. Бұл құрмалас сөйлем мен жай сөйлем синтаксисінің арасындағы байланысты көрсетеді.

2.4 «Қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі»курсын оқып бітірген студентбілуі тиіс:негізгі тілдік бірлік – жай сөйлемдердің арасындағы синтаксистік құрылымдардың байланысы, олардың мағыналық түрлерін, сөйлемдерді байланыстыратын грамматикалық амалдарға қатысты ғылыми негізделген түсініктерді; - практикалық сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау арқылы тіл фактілерін нақты танып, олардың тұлғалық қолданысы арқылы мағынасын ажырату жолдарын; әр құрылымның функциясын ажырата білуі.

Студентте қалыптасатын дағдылар:

- сөйлеу мәдениеті мен жазу сауаттылығы жетіле түседі;

- ойын жүйелі, айқын да сауатты жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөз тіркестерін және жай сөйлемдерді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс таңдау және құрастыра білу дағдысы;

- сөйлемді дұрыс құру арқылы сауатты сөйлеу дағдысы.

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апта Аудиториялық сабақтар СӨЖ СОӨЖ  
Дәріс тақырыбы Дәріс мазмұны дәріс семи- нар презентация түріндегі тапсырмалар  
сағ. сағ.  
сағат сағат  
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы жалпы түсінік  
Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты Құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты; Предикативтілік орталықтардың бір-біріне қатынасы; құрмалас сөйлем жіктемесіне оның мағынасы мен құрылымы.  
Құрмалас сөйлемдердің қалыптасуы мен даму жолдары. Қазақ тілтанымында құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелуі. Құрмалас сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлемдерге қатысты екі түрлі ұстаным: дәстүрлі хронологиялық, екіншісі – құрмалас сөйлемдерді зерттеудегі ұстанған принциптер. Хронологиялық тұрғы саралау: Құрмалас сөйлемдерге қатысты алғашқы зерттеулер; 1920-1940 жж. зерттеулер; 1940-1950 жж. зерттеулер; 1950-1990 жж. зерттеулер; Соңғы жылдардағы зерттеулер.    
Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы грамматикалық амалдар. Синтаксистегі гипотаксис және паратаксис бағыттары; Сөйлемдердің сабақтасып құрмаласуының психологиялық негізі – талдау (анализ). Ал сөйлемнің салаласып құрмаласуының негізі – жинақтау (синтез).  
Сабақтас құрмалас сөйлемдер  
Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарын айқындауда мынадай белгілер негізге алынады: компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады: яғни тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанмен, мағыналық тұрғыдан толық сөйлемдік мағынаға ие болады.  
Есімше тұлғасы қатысуымен жасалған құрмалас сөйлем Есімше формасы арқылы құрмаласатын сабақтастардың негізгі түрлері: мезгіл және себеп бағыныңқылар. Сонымен қатар, бұл формалар арқылы мезгіл бағыныңқылы сабақтас; себеп бағыныңқылы сабақтас; қарсылықты бағыныңқылы сабақтас; шартты бағыныңқылы сабақтас.  
Көсемше тұлғасы қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдер Көсемше формасы арқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің мезгіл, салыстырмалы және себеп, қимыл-сын бағыныңқылы түрлері жасалады. Көсемше тұлғалары мынадай түрде келеді: 1) –ып/-іп, -п формасы; 2) –а/-е тұлғалы көсемше; 3) – ғандай тұлғалы көсемше.  
Шартты рай және басқа формалар арқылы жа-салған құрмалас сөйлем Шарты рай тұлғасы бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарғанда жіктік жалғацуында келеді. Әдетте, жіктік жалғауы тиянақты форма саналғанымен, шартты рай тұлғасына жалғанғанда, бұл қасиеті сақталмайды. Шартты рай формасы арқылы құрмаластың шартты сабақтас, қарсылықты, мақсат, салыстырмалы түрлері жасалады.      
Аралық бақылау №1    
Салалас құрмалас сөйлемдер  
Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемдердің жіктемесі Жалғаулықсыз салалас құрмалас Салалас құрмалас сөйлемді ажырату шарттары; Салалас құрмалас сөйлем байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз болып бөлінеді. Сонымен қатар, кейбір салалас құрмалас сөйлем түрі әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз түрде келе береді.  
Жалғаулықты құрмалас сөйлемдер: мезгілдес; себептес; қарсылықты, салыстырмалы салалас құрмаластар Компоненттері жалғаулықсыз байланысқан қарсылықты салаластардың көпшілігіне жалғаулық қойып айтуға болады, ал бірақ жалғаулықты қарсылықты салаластың түрінен жалғаулықты алып тастауға болмайды. Компоненттерінің бірінде іс-оқиғаның себебі, екіншісінде салдары баяндалатын салалас түрі себептес салалас деп аталады.  
Жалғаулықты құрмалас сөйлемдер: талғаулықты және кезектес салалас құрмаластар Үнемі жалғаулықты түрде қолданылатын салалас түріне кезектес және талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер жатады. Талғаулы салаластарды Ахмет Байтұрсынов айырыңқы, С.Аманжолов бейтарап, ал Қ.Жұбанов талғама салаластар деп атаған.  
Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы функционалды қатынастар Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы функ-ционалды қатынастар мынадай: айқындауыштық қатынастағы құр-маластар; объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер; адвер-биалдық қатынастағы құрмалас-тар; теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Атрибутивтік қатынастағы құрмаластарда – сөйлемнің бірінші компонеті құбылысты жалпылау мәнінде хабарлайды да, кейінгі компонентте ол айқындалып, нақтылайды.    
Көп компонентті құрмалас сөйлемдер  
Көп компонентті сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдер Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің санына қарай екі құрамды және көп құрамды құрмаластар болып бөлінеді. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлемде бірнеше жай сөйлем арасындағы мағыналық қатынас-тар бір тектес болмайды. Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас жарыспалы бағының-қылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтастың сөйлемдері басыңқымен тек бір ыңғай мәндес, бір сипаттағы қатынаста болып, ортақ бір сұраққа жаап беретін болса, ол бірыңғай жарыспалы сабақтас деп аталады.      
Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер Аралас құрмаластар – құрмалас сөйлем компоненттерінің өзара байланысу тәсілі бірыңғай салаласа, не бірыңғай сабақтаса байланыспай, әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысып келетін көп компонентті құрмалас сөйлемнің түрі. Аралас құрмаласта жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгісі, негізінде, сабақтас пен салалас құрмаласқа қойылатын тыныс белгілерінен тұрады.    
Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшеліктері. Мәтін синтаксисі. Қалыпты жағдайда шығу нүктесі өйлемнің басында, ал ядросы сөйлемнің соңында орналасады. Белгіліден белгісізге көшу айтылған пікірді тыңдаушыға түсінікті етеді. Сөздердің бұл тәртібі объективті, мұнда айтушы белгіліден белгісізге көшкендігін өзі де сезбейді, бірақ кері орын тәртібі де болады: бірінші ойдың ядросы, оның артынан шығу нүктесі тұруы мүмкін. Бұл тәртіп субъективті, айтушы бар назарын сөйлеудің ядросына аударады да, оны бірінші орынға қояды. Құрмалас сөйлемдер де – тілдің коммуникативтік қызметінің нәтижесі. Тема-ремалық қатынастарды айқындауда, көбінесе, алдыңғы компонент тем, соңғысы рема ретінде көрінеді.      
Аралық бақылау № 2    
16- Қорытынды емтихан  
  Барлығы