Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

 

ПO OOD 012 MB 1112 «Медициналық биофизика»

Мамандығы 5B130100– “ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА”

Курс I

Семестр 1,2

Оқу сағатының көлемі 135 сағат - 3 кредит

 

 

Қарағанды 2014 ж.


Силлабус «Медициналық биофизика» пәнінің 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген «__»____________

Силлабус кафедра отырысында талқыланды.

«___» ___ 20___ж. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі _________________________ Койчубеков Б.К.


Оқытушылар жайлы мәлімет

А.Ж.Т Қызметі Ғылыми дәрежесі, ғылыми атауы Оқыту, дәріс оқу Ғылыми қызығушылығы Жетістіктері
Мхитарян Ксения Эдуардовна доцент м.о. м.ғ.к., доцент м.о. Орыс тілінде сабақ жүргізу Физиологиялық бейімделу сұрақтары, вегетативті жүйке жүйесінің әр түрлі типті реттелудің тұлғаларда иммундық деңгейін бағалау БЖФ ҚММУ «Функционалды диагностика», БЖФ ҚММУ «Информатика», ПБЖФ ҚММУ оқытушының негізгі дағдылары бойынша
Пашев Виктор Иванович Аға оқытушы   Орыс тілінде сабақ жүргізу Регуляторлы жүйелердің өзара әсерлері. ПБЖФ ҚММУ «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика»
Букеев Сатыбалды Аға оқытушы   Қазақ тілінде сабақ жүргізу Биофизика растений, процесс фотосинтеза ПБЖФ ҚММУ «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика»
Бражанова Анар Корабаевна оқытушы   Қазақ тілінде сабақ жүргізу Оқу бағдарламасынан түсетін жүктемелеріне оқушылардың бейімделу мәселелері. ПБЖФ ҚММУ «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика» ПБЖФ ҚММУ оқытушының негізгі дағдылары бойынша
Айткенова Айлаззат Айткеновна оқытушы Биология магистрі Қазақ тілінде сабақ жүргізу Студенттердің білім алу формаларына сәйкес жүрек – қан тамырлары жүйесінің қызметтік күйін, бейімделуін кейбір гемодинамикалық көрсеткіштерін бағалау. БЖФ ҚарМУ «Қазіргі спектрофотометр және хроматографияда жұмыс істеудің негізгі принциптері және әдістері» БЖФ «Биофизика», ПБЖФ ҚММУ «Ассистент-оқытушы»
Балмагамбетова Газиза Галиевна оқытушы   Орыс тілінде сабақ жүргізу Дем шығару ауа конденсаты инвазивті емес әдіс ретінде өкпе сурфактанты жүйесі. ПБЖФ ҚММУ «Ассистент-оқытушы»
Коршуков Илья Васильевич оқытушы Медицина магистрі Орыс және ағылшын тілі. Ақыл-ой жұмыскерлерінің бейімделу процестерін зерттеу. БЖФ «Биофизика»
Сеитов Е.Т. оқытушы Биология магистрі Қазақ тілінде сабақ жүргізу Оқушылардың инновациялық технологиялар бойынша білім алуға бейімделуі  

Байланыс ақпараты: Кафедра мына мекен-жайда орналасқан: Қараганды қаласы, Гоголь көшесі, 40, 4 корпус, 247,248, 249 бөлме.


Пән саясаты.

«Жалпы медицина» мамандығы студенттері үшін медициналық биофизика пәні 3 кредит көлемінде оқытылады.

I кредит мынандай тараудан тұрады:

1. Мембраналар биофизикасы

2. Бұлшықет биомеханикасы

3. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу

4. Гемодинамиканың биофизикалық негіздері

Бөлім аралық бақылаумен аяқталады.

II кредит мынандай тараудан тұрады:

1. Медико-биологиялық ақпараттың түрлену принциптері.

2. ЭКГ-нің физикалық негізі

3. ЭЭГ тіркеу және талдау принциптері.

4. Қанайналымды зерттеу әдістері

Бөлім аралық бақылаумен аяқталады.

III кредит мынандай тараудан тұрады:

1. Биожүйелердің жарықты жұту заңдылықтары.

2. Интроскопияның физикалық негізі.

3. Спектрофотометрлік зерттеу әдістері.

4. Бионысанның электромагнитті толқындармен өзара әсері

 

Әр тарау көптеген сабақ түрінен тұрады: тәжірибелік, БАОЖӨЖ, БАӨЖ . Тараулар бойынша алынған барлық бағалардың орта арифметикалық бағасы қорытынды бағасы болып табылады.

Әр БАОЖӨЖ және БАӨЖ сабақтарына ПОӘК тапсырмалар құрастырылған. БАОЖӨЖ, БАӨЖ тапсырмаларын орындау әр тараудың соңына дейінгі мерізімде тапсырылуы қажет.

Дәрістерге, тәжірибелік және семинар сабақтарына қатысу міндетті БАОЖӨЖ, БАӨЖ қатысу міндетті емес. Босатылған барлық лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтар сәйкесінше аралық бақылауды жүргізгенге дейін өтелуі тиіс. Арнайы себепті жағдайда (ұзақ ауыру, төтенше жағдай, аралық бақылау өткізілетін күні ауыру) деканат босатылған сабақтарды және аралық бақылауды өтеудің жеке кестесін құрады.

Білім алушылар дәрісханалық сабақтардың барлық түріне – дәрістерге, тәжірибелік және семинар сабақтарына қатысу міндетті. БАОЖӨЖ, БАӨЖ тапсырмалары орындалуы қажет.

Білім алушының академиялық рейтингі (БААР) жіберілу рейтингісі (ЖР) және қорытынды бақылау рейтингісі (ҚБР) бойынша қойылады.

Оқытушы білім алушының рейтингісінің дұрыс есептелуіне жауапты..

Пән бойынша ағымдық үлгерімнің бақылауын, БАОЖӨЖ, БАӨЖ, және пән бойынша сынақтарды, сараланған сынақтарды ҚММУ академиялық күнтізбесіне, күнтізбелік-тақырыптық жоспаларына, БАӨЖ тапсырмаларын тапсыру кестесіне сәйкес, топта білім беретін оқытушы өткізіліп, нәтижесі 100-балдық шкаласымен оқытушының оқу журналына қойылады.

Білім алушыға оқытушы оқу журналына ағымдық бағаларды сабақта 100-балдық шкаламен пәннің әр тапсырма/тарауы үшін (бірнеше сабақ кіретін біріктірілген тақырыптар) қояды. Тапсырма/тарау үшін қойылатын ағымдық бағалау барлық оқу жұмыстарының түрлері (аудиториялық және аудиториядан тыс) есептеледі. Электрондық журналға АЖ «Platonus» тек тақырыптардың бағалары ғана енгізіледі, соның ішінде бағаланатын барлық тақырыптардың орташа арифметикалық мәні қойылады. Әр тақырыптар бойынша БАОЖӨЖ, БАӨЖ орындалған тапсырмалары белгіленген мерізімде тапсырылуы тиіс.

Оқытушымен қойылған білім алушының оқу жетістіктерінің ағымдық үлгерімінің бағасы, межелік бақылаудың нәтижелері, жіберілу рейтингісі, қорытынды бақылауы және пән бойынша студенттің академиялық рейтингісі студенттерге бірден айтылуы керек және сол күні оқу журналына, аптаның соңында электрондық журналға еңгізілуі қажет (АЖ «Платон»).

Семестрдің соңғы күнінде барлық кафедралар тіркеу офисіне білім алушылардың жіберілу рейтингісі ведомосттерін ұсынуға міндетті. Рейтингтік ведомостерінің көшірмесі сол мерзімде деканатқа ұсынылуы тиіс.

Барлық білім алушылар жіберілу рейтингісімен кафедрада танысып, қажет болған жағдайда апелляцияға ұсынады.

Пән бойынша бірінші сабақта білім алушының білімінің базалық деңгейі бағаланады. Базалық білімнің бағасы оқу журналында 100-балдық шкаламен қойылады. ЖР есептеу кезінде базалық деңгейінің бағасы есепке алынбайды.

Аралық бақылау 2 рет тақырыптық жоспарға сәйкес БАОЖӨЖ уақытында кафедрамен өткізіледі.

Себепсіз босатқан жағдайда сабақ өтелмейді. Егер босатылған сағаттар саны 50 % құраса және берілген тапсырма/тарауға қатысты тәжірибелік сабақтары жалпы сағаттар санынан көп болса, білім алушылар тапсырманы/тарауды тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.

Себепті босатылған жағдайда сабақтар өтеледі.

Босатқан сабақтарды өтеу үшін білім алушы міндетті:

· деканнан/декан орынбасарынан сабаққа кіруге рұқсат алуға;

· оқуды қайта бастағаннан кейін екінші сабаққа дейін кешіктірмей кафедраға кіруге рұқсатты ұсынуға;

Босатылған зертханалық жұмыстар, тәжірибелік сабақтар орындалған тапсырма/тарауды тапсырғанға дейін ғана өтеледі.

Өтеу ережесі:

· Тақырып кафедрада кафедраның білім алушылармен жеке жұмыс және кеңес алу кестесіне сәйкес кезекші оқытушымен ауызша өтеледі;

· ТДО-да босатылған сабақтарды өтеу ТДО-ның білім алушылармен жеке жұмысы мен кеңес беру кестесіне сәйкес жүзеге асырылады;

· Себепті босатылған сабақтар өтелмеген жағдайда себепсізге теңестіріледі және оған «0» бағасы қойылады.

Егер студент сабақтарды семестрдің соңғы екі аптасында, сонымен қатар соңғы сабақты себепті босатқан жағдайда факультет деканы білім алушыға жеке кесте бойынша сабақтарды өтеуге және емтихандарды тапсыруға рұқсат етеді.

Семестр жұмыс күнінің 3/1 бөлігін босатқан жағдайда білім алушы академиялық демалысты ұсыну негізінде медициналық қорытынды алу туралы мәселені қарау мақсатында дәрігерлік-бақылау комиссиясын (ДБК) шақыру үшін ҚММУ емханасына баруға құқылы.

Пән бойынша қорытынды бақылау оқу жұмыс жоспарына сәйкес емтихан түрінде КТ бойынша өткізіледі. Қорытынды бақылау пән бағдарламасында қарастырылған материалдардың толық көлемін қамтиды. Тестілік тапсырмалар, қорытынды бақылау сұрақтары білім алушыға ұсынылмайды.

Жіберілу рейтингісі немесе/және қорытынды бақылау нәтижесімен келіспейтін білім алушы, емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы. Осы мақсатта емтихан сессиясы уақытында (аралық аттестаттау) ректор бұйрығымен емтихан сессиясы мерзіміне қойылған пәндер бағдарына біліктіліктері сәйкес келетін оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.

Медбиофизика пәнінің тақырыптық жоспары

Тақырыптары № пп Тақырыптар атауы Сағат саны
Түрлері бойынша Барлық тақырыптпр бойынша
Дәріс тәжірибе Лаб. БАӨЖ  
БАОЖӨЖ, БАӨЖ
Кредит 1. Жасуша мен ұлпа биофизикасы
Мембраналар биофизикасы 1. Биологиялық мембраналар. Құрылысы, құрамы және зерттеу жолдары.          
2. Электрмен қозу түсінігі. Тыныштық және әрекет потенциалдары және олардың молекулярлық механизмдері.          
3. Мембрананың электрохимиялық потенциалының молекулярлық механизмі және қозған талшықтың бойымен жүйке импульсінің таралуы.          
4. Биологиялық мембраналардың құрылысын және қызметін зерттеудің қазіргі әдістері.          
5. Биологиялық мембраналардың өткізгіштікмеханизмі. Иондық каналдардың және тасымалдағыштардың құрылысы және қызметі. Электрогенез механизмі. Na+ және К+-каналдарының блокировкасы кезіндегі ӘП және ТП молекулярлық механизмы.          
6. Биологиялық мембраналар арқылы электролит еместердің тасымалы. Пассивті тасымалдың негізгі механизмі. Ходжкин–Хаксли моделіндегі иондық тоқтарға формалдық сипаттама. Каналда заттарды иондық тасымалдау. Биологиялық мембраналар арқылы активті тасымал.          
Бұлшықет биомеханикасы 7. Жылжыған жіптер моделі. Бұлшық биомеханикасы. Хилл теңдеуі.Бір жиырылу қуаты. Бұлшық ет жиырылуын модельдеу. Электромеханикалық қабаттасу.          
8. Электромеханикалық қабаттасу. Әр түрлі жағдайда бұлшық ет жиырылуының молекулярлық механизмы.          
9. Бұлшық ұлпаларының әр түрінде электромеханикалық қабаттасу.          
Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу 10. Сыртқы тыныс алу қызметін өлшеуге арналған аспаптары. Құрылысы және жұмыс жасау принципі.          
11. Тыныс алу ағзаларын функционалдық зерттеуде мәліметтерді тіркеу және анализдеу.          
12. Жасанды мүшелер.          
Гемодинамиканың биофизикалық негізі 13. Қан-тамырлар бойымен қан қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтры.          
14. Биологиялық сұйықтардың реологиялық қасиеттерін зерттеу. Гемодинамиканың физикалық негізі. Күретамыр және көктамыр арнасындағы қан қозғалысының заңдылықтары.          
15. Қанайналу жүйесін функционалық зерттеуде мәліметтерді тіркеу және анализдеу.          
16. Фильтрационды-реабсорбционды процестердің биофизикалық механизмы.          
17. Қан-тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физикалық-математикалықе заңдылықтары. Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық құрамы.          
Аралық бақылау 18.            
  Кредит бойынша  
  Кредит 2. Диагностиканың биофизикалық негізі.
Медико-биологиялық ақпараттың түрлену принциптері. 19. Медициналық-биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі.          
20. Биологиялық және электрлік емес сигналдарды электр түріне айналдыру принциптері. Түрлендіргіштер мен электродтардың конструкциясы, олардың негізгі сипаттамалары.          
21. Медициналық құралдар мен аппараттардың жіктелуі. Өлшеуші түрлендіргіштердегі өзгертілген энергия түрлері. Медициналық көрсеткіштерді тіркеу кезіндегі қателіктер.          
22. Түрлендіргіштер мен электродтардың конструкциясы, олардың негізгі сипаттамалары.          
ЭКГ-нің физикалық негізі 23. Биопотенциалдарды тіркеу аспабының жұмыс жасау пинципі.          
24. ЭКГ физикасы. Кардиомиоциттегі әрекет потенциалы. Жүрек ұлпалары бойымен әрекет потенциалдарының таралуы.          
25. Әр түрлі ағзадағы электрлік белсенділікті зерттеу әдістері. Жүректің электрлік белсенділігі.          
26. ЭКГ тіркеу және анализдеу принциптері.          
27. Электрокардиограф құрылғысы, және жұмыс жасау принципі.          
ЭЭГ тіркеу және талдау принциптері. 28. Орталық жүйке жүйесінің электрлік белсенділігі. ЭЭГ-нің негізгі ырғақтары.          
29. ЭЭГтіркеужәне анализдеу принциптері.          
30. Электроэнцефалограф құрылғысы және жұмыс жасау принципі.          
Қанайналымды зерттеу әдістері 31. Қанайналымды зерттеу әдістері. Интегралдық және регионарлық реография. Соққы және минуттық құюлуды тіркеудің жанама тәсілдері.          
32. РГтіркеу және анализдеу принциптері.          
33. Реограф құрылғысы және жұмыс жасау принципі.          
34. Биологиялық ұлпа мен дыбыстың өзара әсерлесуінің физикалық негізі.          
35. Медицинада ультрадыбыспен зерттеу.          
Аралық бақылау            
  Кредит бойынша  
  Кредит 3. Толқындық процесстер биофизикасы. Медицинада қолданылуы.
Биожүйелердің жарықты жұту заңдылықтары. 36. Биологиялық жүйелерде жарықты жұту заңдылықтары.          
37. Толқындық процестер физикасы.          
38. Эектромагниттік толқындардың заттармен әрекеттесуі.          
39. Тірі организмге электрлік және магниттік өрістердің әсері. Медициналық зерттелулерде ЯМР және ЭПР қолдану.          
40. Биологиялық жүйедегі люминесценция.          
41. Биожүйедегі жарықтың полярлануы.          
42. Биологиялық объектілерді микросоптаудың арнай амалдары.          
43. Таңбалар мен сорғылар және оларды биологияда және медицинада қолдану.          
Интроскопияның физикалық негізі. 44. ДНК фотохимиялық түрлену.          
45. Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары.          
46. Интроскопиялық зерттеулер анализі және жүргізу принциптері.          
47. Интроскопия үшін құрылғылар және жұмыс жасау принциптері.          
Спектрофотометрлік зерттеу әдістері. 48. Биологиялық сұйықтықтардың концентрациясын анықтау үшін спектрофотометрлік әдістерді қолдану.          
49. Спектрофотометрлік зерттеу әдістерін анализдеу және жүргізу принциптері.          
50. Спектрофотометр құрылғысы, жұмыс жасау принципі.          
Бионысанның электромагнитті толқындармен өзара әсері 51. ЖЖ,АЖЖ және УЖЖ токтары қолдануға негізделген терапевтикалык техника. Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтикалық техника. Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизімі.          
52. Фотобиологиялық процестердің бастапқы сатылары. Фотобиологиялық әсердің спектрлері.          
  Кредит бойынша  
  ИТОГО  
                   

 

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Дәріс тақырыбы Өткізілу түрі Ұзақтығы, сағат Дағды аймағы
  КРЕДИТ№1      
Мембраналар биофизикасы Мәселе дәріс 1,3,4,5,6
Гемодинамиканың биофизикалық негіздері Мәселе дәріс 1,3,4,5,6
  Барлығы:    
  КРЕДИТ№2      
Дәріс тақырыбы      
1. Медико-биологиялық ақпараттың түрлену принциптері. Мәселе дәріс 1,3,4,5,6
2. ЭКГ-нің физикалық негізі Мәселе дәріс 1,2,3,4,5,6
  Барлығы:    
  КРЕДИТ№3      
Биожүйелердің жарықты жұту заңдылықтары. Мәселе дәріс 1,3,4,5,6
Интроскопияның физикалық негізі. Мәселе дәріс 1,3,4,5,6
  Барлығы:    
  Барлығы 3 кредит бойынша    

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары