Дәріс №14. Кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау

Дәрістің мақсаты:Кәсіпкерлік тәуекелділікті алдын алуды үйрену

Жоспар:

1. Тәуекел ұғымына жалпы сипаттама

2. Тәуекел түрлері

3. Инвестициялықжобаның кезеңдері.

Негізгі ұғымдар:тәуекелділік, өндірістік тәуекел, өзін-өзі сақтандыру

Иллюстрациялық материал:схема, кесте, слайд, үлестірме материал

 

1.Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарыныңбір бөлігінжоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асырунәтижесінде табыстардыңтолық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Икемді басшылар,егер тәуекелділік ерікті болып,ал орындаушылар өз ісінің маманы болса,олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандайда бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беруарқылы азайтуға болады.

Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды жабу жәнеойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде,ішкі шаралар көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.

2. Кәсіпкерлік тәуекел – бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекелді жатқызуға болады.Өндірістік тәуекел – бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдықшығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.

Комммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады.Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері:қарыз және меншікті құжат қаражаттардың ара қатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуекелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жасау.

Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.

Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады: Мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау.

Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасызетуге бағытталады.

Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.

Тәуекелді аймақта операция жүргізілген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады.

Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы бар.

Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады.

Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, соныменқатар өнімөткізуден түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.

Жарамайтын тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.

Тәуекел талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек. Пайда болу кезіне байланысты әуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты.

Тәуекелді талдауды бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.

Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп, салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті – жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін арып, барлық тәуеклдерді анықтау болып табылады.

Тәуекелдің сандық талдауы бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ешқандай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.

Тәуекелділік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорыннан тәуелсіз инфляция, бәсеке, саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады.Субъективті факторлар тікелей нақты түрін сипаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланыстар, қаржылық жағдай.

Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:

1) құнның ең басында жете бағаланбауы;

2) жобалаудың шектерінің өзгеруі;

3) өнімділіктегі айырмашылық;

4)алғашқы құнның өсуі.

3. Инвестициялар – бұл кем дегенде екі жақтың – кәсіпкер және инвестордың бірлескен әрекет процесі. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.

Барлық инвестициялардыекі негізгі топқа бөлуге болады: портфельді және нақты.

Портфельді инвестиция жағдайында инвесторлардың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Инвестиция қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады.

Нақты инвестиция деп өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

1) мүліктік инвестициялар

2) қаржылық инвестициялар

3) материалдық емес инвестициялар

Мүліктік инвестициялар – бұл нақты инвестициялар.

Қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу.

Инвестициялық жобаны дайындау кезеңі, ынталы инвестициялар деп аталатын өндірісті даярлау жұмысынан тұрады, әдетте олардың қатарына мыналар жатады:

- кәсіпорынды мемлекеттік реттеу мен құрылымын жасау жөніндегі ұйымдастыру шығындары;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- өнім үлгілерін жасау, даярлау және сынау;

- құрылыс жұмыстарын жүргізу;

- технология және басқа да жабдықтар сатып алу , дайындау және монтаждау;

- өндірістік жабдықтау мен арнайы құралдарды дайындау және жасау,өнімнің шығарылуы қарсаңында рынокты даярлау шаралары.

Инвестициялық жобаның өндірістік кезеңі,кәсіпорын өнім өндірумен оны өткізуге аяқ басқан сәттен басталады.