Тапсырма. Сұхбатты өз сөзіңізбен толықтырыңыз

Мемлекеттік тіл

Синоним, антоним

Тапсырма. Қойылған сұрақтарға берілген сөз тіркестерін қатыстырып жауап беріңіз.

мемлекеттік тіл

ресми тіл

1. Қазақ тілі қандай тіл? ана тілім

қарым-қатынас тілі

ауызекі сөйлеу тілі

ептеп білемін

еркін сөйлеймін

2. Сен қазақ тілің білесің бе? түсінбеймін

сөздік арқылы түсінемін

жетік білемін

мемлекеттік тілді меңгеру

3. Қазақстанда тұратын

азаматтардың міндеті қандай? қазақ тілін дамыту

қазақ тілінің халықаралық

бірлігін нығайту

Тапсырма. Берілген сөйлемдерге қажетті жалғауларды қойып, дауыстап оқыңыз.

1. Мен Қазақстанның азаматы.... 2. Менің ұлт ... – орыс.

3. Қазақстан Республикасы... мемлекеттік тілі - қазақ тілі. 4. Қазақстан ... тұратын әр азамат мемлекеттік тіл... білуі керек. 5. Мен қазақ тілі курс ... қатысып жүр.... 6. Дмитрий, Олег, Светлана қазақ тілі... еркін сөйлейді. 7. Мен де солардың қатар... қосыл... келеді. 8. Мемлекеттік тіл... білу арқылы мен Қазақстан халқына деген құрмет... білдіре....

Тапсырма. Төмендегі сөздерді оқып, жаттап алыңыз.

мемлекеттік тіл – государственный язык

қазақ тілі - казахский язык

мәртебе – статус

қыркүйек – сентябрь

шілде – июль

жаңа заң – новый закон

тарау – глава

бірнеше – несколько

бап – статья

басқару – управление

іс-қағаздары – документация

азамат – гражданин

парыз – долг

еркін – свободно

тегін – бесплатно

Тапсырма. Мәтінді тыңдап, мағынасы түсінікті сөздерді жазып алыңыз.

Мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22-ші қыркүйекте алды. Ал 1997 жылы 11-ші шілдеде жаңа заң өңделіп, толықтырылып қабылданды. Жаңа Заң VІ тараудан тұрады. Әр тарауда бірнеше бап бар.

І тарауда Жалпы ережелер берілген. Осы тараудың 4-ші бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп көрсетілген.

Мемлекеттік тіл – мемлекетті басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақ тілін меңгеру – Қазақстанда тұратын әр азаматтың парызы. ҚР-ның барлық азаматтары қазақ тілін дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге жағдай жасауға міндетті.

Тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?

2. Тіл туралы жаңа заң қашан қабылданды?

3. Жаңа заң неше тараудан тұрады?

4. 4-ші баптың мазмұнын айтыңыз.5. Қазақстанда іс-қағаздары қай тілде жүргізіледі?

тапсырма. Сұхбатты өз сөзіңізбен толықтырыңыз.

- Сәлем, достым.

- ......................................

- Сен ҚР-ның азаматы ретінде мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін, меңгеруге, дамытуға міндеттісің. Осы мәселеге қандай үлес қосып жатырсың?

-........................................

- Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алған екен?

- .......................................

- Іс-қағаздары мемлекеттік тілде жазылу керек екен. Сен қандай құжаттарды қазақ тілінде жазып жүрсің? Құжаттардың түрлерін екі тілде айтып бере аласың ба?

- ........................................

- Өзің мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білесің?

- .......................................

7– тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, орнымен қолданып үйреніңіз.

 

Аталар сөзі - ақылдың көзі. Тіл – жүректің тілмашы. Тіл – ақылдың өлшемі. Сөзден асқан байлық жоқ. Тілден асқан жүйрік жоқ.