ЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

1 – сабақ

 

1 – тапсырма. «Мемлекеттік тіл» мәтіні бойынша түсінгеніңізді ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі шағын мәтінге тақырып қойып, синоним сөздерді ажыратыңыз. Кейбір сөздердің антонимдік жұбын тауып, сөйлем жазыңыз.

Бүгінде қазақ тілін үйренуге талпынған басқа ұлт өкілдерінің саны артып отыр. Әсіресе, Қазақстандағы шетел азаматтарының құлшынысы ерекше. Өйткені шетелде бірнеше тілді білген адам жан-жақты білімді, көп қырлы азамат ретінде бағаланады. Екінші жағынан, шетел азаматтары өзге ұлттың мәдениетін, әдет-ғұрпын терең білу үшін, сол елдің ана тілін меңгеруді бірінші орынға қояды. Сол арқылы ортамен тіл табысып, халықтың тарихы мен дәстүрін зерттейді.

 

4 – тапсырма. Жағдаятқа ойланып, жауап беріңіз.

Сіз шетелге дем алуға бардыңыз. Мұнда Қазақстан мемлекеті туралы жақсы біледі. Қазақстан туралы сізден тағы біраз жайды сұрағысы келеді. Сізге төмендегідей сұрақтар қойылды, қазақша қалай жауап бересіз?

· Қазақстанда қандай тіл мемлекеттік тіл ретінде бекітілген?

· «Родина» сөзі қазақша қалай айтылады?

· «Государственный язык» тіркесін қалай айтасыздар?

· «Статус» сөзін қазақша қалай айтамыз?

 

5 – тапсырма. «Менің тобым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.

 

 

2 – сабақ

1 – тапсырма. «Қазақтың өнері мен мәдениеті» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық театр, опера және балет театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» т.б. қойылымдарынан бастау алып, дами бастады. Мемлекеттік би театрының бағдарламасында классикалық балет үлгілері «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғысхан», «Қыз Жібек» сияқты әлемдік хореографиялық бір актілі балеттер болды.

 

4 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Биші, күйші, жыршы, шебер, әнші, сәулетші, суретші, ақын, сазгер, термеші.

 

5 – тапсырма. Қазақ халқының мәдениеті туралы терең білу үшн сіз мұражайға бардыңыз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

 

3 – сабақ

1 – тапсырма. «Денсулық – зор байлық» мәтіні бойынша жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінге тақырып қойып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

Денсаулық адамның тамақтану мәдениетіне де байланысты. Дәрігерлердің кеңесіне сүйенсек, адам ағзасында неғұрлым жеңіл тамақтар жақсы қорытылады, әрі денеге сіңімді болады. Әсіресе, жеміс-жидек, көкеністен жасалған тағамдарға жақын болу керек. Алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, қызанақ т.б. шырындары өте пайдалы. Қырыққабат, бұршақ, қызылша, сәбіз қоспасынан жасалған ыстық тағамдар жеңіл қорытылады.

Сонымен қатар, сүттен жасалған тағамдар: айран, сүзбе, ірімшік, қаймақ адам ағзасын табиғи кальцимен толықтырады.

 

4 – тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, кестені толтырыңыз.

 

жеміс-жидек көкөніс
   
   
   
   
   
   
   

 

5 – тапсырма. Сіз азық-түлік дүкеніне келдіңіз. Сауда жасау үшін қазақша қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

4 – сабақ

1 – тапсырма. «Қоғам және жастар» мәтінін баяндау жоспарын құрыңыз. Ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

.... Студенттік жобалардың тағы бірі – «Жасыл патруль» экологиялық қозғалысы. Ерікті инспекторлар санитарлық мониторинг өткізіп, тақырыптық қабырға газеттерін іліп, тұрғындарды біздің қаламызды таза, жасыл да әдемі етуге шақыруда. Белсенділер астаналық тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етіп қойды. Тек ауызша айтып қоймай, олар үлгі боларлық істер де көрсетіп жатыр.

 

4 – тапсырма. Мына сөйлемдерді қажетті етістіктермен толықтырыңыз

Жастар пайдалы жұмыстар ........ Жастар үнемі сауалнама ..... Жастар Отаны үшін аянбай ....... Жастар мемлекеттегі барлық іске ......... Жастар болашақта осындай бағдарламаларды ....... Жастар осындай биіктерді .........

(бағындырады, атсалысады, жүргізіп отырады, жүзеге асырады, атқарып жүр, еңбек етеді).

5 – тапсырма. Сіз қажетті оқулықтарды алу үшін кітапханаға келдіңіз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

5 – сабақ

1 – тапсырма. «Тәуелсіз Қазақстан» мәтінін ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлемдегі қолданысына машықтаныңыз.

 

еркіндік тәуелсіздік
егемендік дербестік
бостандық жариялылық

 

4 – тапсырма. Төмендегі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

Алу, мойындау, бәсекелесу, мойындату, жариялау, достасу, дамыту, табыс тілеу, көздеу, жету, төтеп беру. щ

 

6 – сабақ

1 – тапсырма. «Мінез және келбет» мәтінін ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Жақсы адамның мінезін ауызша сипаттаңыз. Жаман адамның мінезі туралы не айтасыз?

 

3 – тапсырма. Мына әңгіме бойынша Ұлжанның мінезін айқындаған сын есімдердің антонимін жазыңыз.

Ұлжан – ата-анасының тұңғышы. Тәрбиелі, өз ісіне тиянақты, әдепті. Ұлжанды мінезіне қарай отбасындағы адамдар да қатты жақсы көреді. Ол үнемі анасына көмектеседі. Бауырларына қамқоршы. Әке-шешесі жұмыста болғанда, Ұлжан бауырларының сабағын қарап, ақжарқын мінезімен оларды көңілдендіруге тырысады. Ұлжан тобындағы құрбыларымен жақсы тіл табысады. Ортасында сыйлы, мәдениетті.

 

4 – тапсырма. Адам мінезін сипаттайтын сын есімдерді аударыңыз.

 

строгий принципиальный порядочный
умный глупый стремительный
уверенный терпеливый интересный
веселый грустный любопытный
добрый приветливый доброжелательный

 

5 – тапсырма. Жексенбіде ауылға бару үшін, сапаржайдан автобусқа билет алу керек болды. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

7 – сабақ

 

1 – тапсырма. «Бос уақыт және қызығушылық» мәтініне жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Шағын мәтінді аударып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

 

Мен бос уақытымды қала сыртындағы саяжайда өткіземін. Саяжайдың ауасы таза, көл жағасында орналасқан. Мұнда өзіме пайдалы дене еңбегімен айналысуға да, бой сергітер жаттығулар жасауға және серуендеуге де уақыт табамын. Саяжайда көл жағасында отырып, балық аулау қандай қызық! Бір сәт жалаң аяқ жерді басып, терең демалудың өзі қаншама қуат береді. Табиғат аясында кітап, газет-журналдан қызықты деректер оқу өте пайдалы.

 

4 – тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

 

орман дала
тау теңіз
саябақ саяжай
шипажай бақша
көл жайлау

 

 

5 – тапсырма. Сіз досыңызды демалуға саяжайға шақырғыңыз келді. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

8 – сабақ

 

1 – тапсырма. «Бурабай табиғаты» мәтініне жоспар құрып, ауызша мазмұндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

Қазақстанда табиғаты ерекше аймақтар өте көп. Соның бірі - Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай жері. Бұл жердің бұлақтары жанға шипа берер емдік қасиетімен әйгілі. Зерттеулерге сүйенсек, су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, сульфит, карбонат, нитрат тұздары бар. Бұлақ суы - жүйке ауруларына таптырмайтын ем.

Қатонқарағайда ерекше ажар беретін аңдар: марал, бұғы мекендейді. Олардың мүйізінің қаны «панта» деп аталып, одан «пантокрин» деген емдік дәрі даярланады. Ол әлсіреген жүйке тамырына күш береді.

(«Атамекен» журналынан).

 

4 – тапсырма. Тірек сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

 

Бурабай, Алатау, Сарыағаш, Балхаш, Алакөл, Қара теңіз.

 

5 – тапсырма. Сіз шипажайдан келдіңіз. Ол жақтан алған әсеріңізді қазақша қалай жеткізесіз?

 

9 – сабақ

1 – тапсырма. «Мен және қоршаған орта» мәтініне жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінге тақырып қойып, ауызша баяндаңыз. Жаңа сөздерді ажыратыңыз.

Адам – табиғат перзенті. Ол табиғатпен байланыста өмір сүреді. Табиғи ортадан өзіне қажеттіліктің бәрін алады. Атап айтсақ, жерден пайдалы қазбалар, өсімдіктен дәрі-дәрмек, азық, орман ағаштарынан үй жихаздарын, қағаз т.б. қажеттіліктер өндіріледі.

Қоршаған ортада жер бедері әр түрлі болады. Бір аймақ таулы болса, енді бір жер жазық, құрғақ, дымқыл, шөлейтті, құмды болып келеді. Таулы аймақ дем алуға, қыдырып, тынығуға таптырмайтын орын. Ал жазық, дымқыл жерлерге егін егу өте қолайлы.

 

4 – тапсырма. Қоршаған ортадағы табиғи денелердің аудармасын жазыңыз.

 

небо земля солнце
лес вода трава
гора степь растения
цветы сосны береза
клен кусты тополь
сад дерево дуб

 

5 – тапсырма. Жағдаятқа ойланыңыз.

Саяхатқа шығу үшін әуежайдан ұшаққа билет алу керек болды. Қазақша қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

 

10 – сабақ

1 – тапсырма. «Мамандық туралы» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Мына сөздердің аудармасын жазып, шағын әңгіме құрастырыңыз.

 

учитель дизайнер врач
юрист адвокат следователь
библиотекарь художник почтарь
пограничник строитель машинист
летчик космонавт экономист

 

4 – тапсырма. Қажетті сөздерді орнына қойып, сөйлемді аяқтаңыз.

 

Мұғалім (қайда) жұмыс істейді.

Дәрігер (қайда) жұмыс істейді.

Суретші (қайда) жұмыс істейді.

Ұшқыш (қайда) жұмыс істейді.

Заңгер (қайда) жұмыс істейді.

Тергеуші (қайда) жұмыс істейді.

Кенші (қайда) жұмыс істейді.

Құрылысшы (қайда) жұмыс істейді.

Шекарашы (қайда) жұмыс істейді.

 

5 – тапсырма. Сіз журналист ретінде мамандыққа қатысты кімнен сұхбат алғыңыз келеді? Қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

11 – сабақ

 

1 – тапсырма. «Қазақстан әлемдік кеңістікте» мәтіні бойынша жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Мына сөздердің аудармасын жазып, шағын әңгіме жазыңыз.

 

мемлекет өркениет
егемендік байланыста
елдермен халықаралық
қарым-қатынас елшілік
саясат бедел
бейбітшілік достық

 

4 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөз тіркестерімен толықтырыңыз.

Біз ......, ......, ........ сияқты Еуропалық мемлекеттермен байланыс жасаймыз.

Біз Азиядағы ............, ........... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Қара теңіз жағалауындағы ......, ......, ........ мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Балтық теңізі жағалауындағы ......, ...... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз.

 

5 – тапсырма. Сіз тарих пәнінен сабақ бересіз. Әлемдік кеңістікте Қазақстанның беделі жайлы дәрісті қалай оқисыз, дәріске қалай әзірленесіз?

 

12 – сабақ

1 – тапсырма. «Қазақстанның білім беру жүйесі» мәтінін ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

 

Менің әкем ........ бітірген. Менің анам ...... жылы ......... бітірген. Менің ағам ......... жылы .......... оқыған. Менің досым биыл ........... оқуға түсті. Мен .............. оқимын. Менің әпкем ...... жылы ......... бітірді. Менің танысым ...... жылдан ........ жылға дейін ............ оқыды.

Үлгі: Менің танысым 2007 жылы С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетіне оқуға түсті.

 

4 – тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп, шағын әңгіме құрастырыңыз.

 

· Сіз қай университетте оқисыз?

· Қандай мамандықты таңдадыңыз?

· Сіздің мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?

· Сіз оқитын университетте неше факультет бар?

· Ол факультеттерде қандай мамандықтар бар?

· Өз мамандығыңыздың болашағы туралы не айтасыз?

 

5 – тапсырма. Сіз журналист ретінде оқуға түсуші талапкерлерден сұхбат аласыз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

 

13 – сабақ

1 – тапсырма. «Адам және заң» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Төмендегі сөздерді аударып, еркін қолдануға машықтаныңыз.

 

закон судья
статья адвокат
гражданин нарушение
не законна следователь
право гражданское общество

 

4 – тапсырма. Мына сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Мен ...... болсам, әділ шешім шығарамын. ........ әр оқиғаны жан-жақты тексереді. Қазақстанда азаматтар ......... қорғалады. Әр адам өз ....... білу керек. ......... іс әрекет заңмен қадағаланады. (заңсыз, сот, тергеуші, заңмен, құқығын).

 

5 – тапсырма. Сіз құқықтану пәнінен дәріс оқисыз. Қазақша қандай тақырыпты баяндар едіңіз?

 

 

14 – сабақ

 

1 – тапсырма. «Халықаралық қатынастар» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздерді меңгеріңіз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма.Төмендегі сөздерді аударыңыз. Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме жазыңыз.

 

халықаралық қаржылық
дүниежүзілік іскерлік
әлемдік болашақ
мемлекеттік құқықтық
мәдени теңдік
саяси достық

 

4 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

 

Біздің мемлекетті .............. басқарады. Басқаруда .......... сақталады. Еліміз басқа елдермен ............. жасайды. Мемлекет басшылары ......... келісімді жүзеге асырады. Қазақстан халқы .......... өмірді қалайды. Біздің елде ........... қарым-қатынасқа үлкен мән беріледі (достық, президент, құқықтық ережелер, мемлекеттермен, бейбіт, тыныш).

 

 

15 – сабақ

 

1 – тапсырма. «Ғылым мен техника» мәтінін ауызша баяндаңыз.

 

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

 

3 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем аясында қолдануға машықтаныңыз.

 

білім мақтаныш
ғылым бедел
өркениет ғарыш
жетістік ғарышкер
қуат ғарышжай

 

4-тапсырма. Мәтінді оқып түсінгеніңізді айтыңыз.

Ең бірінші ұялы телефонды Мартин Купер ойлап тауып, оны 1973 жылғы Нью-Йорктегі конференцияда көрсетті

Әлемдегі бірінші ұялы телефон топтамасы 1983 жылы шықты. Оның аты

Motorola Dyna TAC 8000X. Ол қымбат тұрады. Бағасы 4000$. Бұған тек бай адамдардың қолы жетті. Оның қуат көзі бір сағатқа ғанажеткен.

Ең алғаш шыққан ұялы телефон десек, бірінші ойымызға «Кірпіш» келеді. Ол тас сияқты ауырлау болған. Көрінісі төртбұрышты кірпішке ұқсас болды. Ол ұялы телефонның астына қуат көзін қосатын болған. Сонымен қатар асып жүретін телефондар да болған. Ол ұялы телефонды іске қосу үшін қуат көзін қосатын құралды сөмкеге салып өзімен бірге алып жүру қажет болды. Ол әрі ауыр, ыңғайсыз болды. Сондықтан заман талабына сай жаңа үлгідегі телефондар көбеюде.

5-тапсырма. Ғылымдағы жаңалықтар туралы реферат дайындаңыз.