Пәннің қысқаша мазмұны. Кафедра оқытушылары жөніндегі мәліметтер № Оқытушының аты-жөні Қызметі Оқу

Кафедра оқытушылары жөніндегі мәліметтер

Оқытушының аты-жөні Қызметі Оқу дәрежесі, оқу атағы Ғылыми әрекет аймағы, жетістіктері
Камалиев Максут Аділханұлы кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Про фессор Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 370 ғылыми еңбегі бар
2. Талкимбаева Найля Ануарқызы доцент м.ғ.д.   Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 50 ғылыми еңбегі бар
3. Айтманбетова Акмарал Аршабайқызы доцент м.ғ.к.   Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 54 ғылыми еңбегі бар
4. Кожекенова Жанат Асетқызы доцент м.ғ.к.   Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 35 ғылыми еңбегі бар
5. Шахиева Адиля Маратқызы аға оқытушы м.ғ.к.   Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 85 ғылыми еңбегі бар
6. Буздаева Сауле Сагатқызы аға оқытушы м.ғ.к.   Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 45 ғылыми еңбегі бар
7. Нурбакыт Ардак Нурбакытқызы аға оқытушы м.ғ.к.   Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 30 ғылыми еңбегі бар
8. Дармен Нургуль Жарылкасымқызы оқытушы медицина магистрі   Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медицина тарихы аймағының маманы. 22 ғылыми еңбегі бар
9. Баймолдин Нургиса Мусипұлы аға оқытушы     специалист в области общественного здоровья и здравоохранения, истории медицины.
10. Мусина Майра Сақыпкерейқызы оқытушы медицина магистрі   специалист в области общественного здоровья и здравоохранения, истории медицины. 2 научных трудов.
11. Абиырова Назым Бейсенқызы оқытушы медицина магистрі   специалист в области общественного здоровья и здравоохранения, истории медицины. 5 научных трудов.
12. Орманова Арайлы Мақұлбекқызы оқытушы медицина магистрі   специалист в области общественного здоровья и здравоохранения, истории медицины. 2 научных трудов.

1.8 Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен-жайы: Толе би көш., 92. Интро 2, екінші қабат.

Телефон 338 70 90 (7405)

1.9 Пәннің саясаты:

Студент міндетті:

· шығармашылық, индивидуальділік және креативтік таныта отырып оқу үдерісінде белсенді қатынасу;

· аудиторлық абақтардың барлық түрлеріне қатынасу (дәрістер, практикалық сабақтар;

· әрбір сабаққа дайындалу (берілген материалды оқу және тапсырмаларды орындау);

· күнтізбелік графикке сәйкес жұмысты дер кезінде орындап тапсыру;

· құжат жүзінде белгілі себептермен жіберілген сабақтарды негіздеу;

· оқытушы көрсеткен уақытта жібрген сабақтарды өтеу;

· сабаққа кешікпеу;

· сабақ уақытында тәртіп бұзбау;

· сабақ уақытында ұялы телефондарды сөндіру;

· кафедраның оқытушылық және көмекші персоналдары құрамына құрметпен қарау;

· мәдениетті болу;

· кафедра мүлкіне сақтықпен қарау;

· сырт кейпі мен іс-қимылға ұқыпты болу.

Жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайда қолданатын шаралар:Студент тапсырманы орындамаған жағдайда тәртіптік және тәрбиелік сипатты шаралар қолданылуы мүмкін.

2. бағдарлама:

Кіріспе

Қоғамдық денсаулық сақтаудың және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі халық денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады. Бұл тезис ҚР Президентінің халықа жолдауларының барлығында дерлік келтіріледі.

Қоршаған орта және өмір қауіпсіздігі мен сапасының оптимал деңгейін қаматамсыз етуге мүмкіндік беретін халықтың өмір салтының түрлі факторларының әсерінен түзілген қоғамдық денсаулық елдің маңызды экономикалық және әлеуметтік потенциалы.

Қоғамдық денсаулық сақтау жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі халық денсаулығына әсер етіп қоғам денсаулығын құруға қатысатын түрлі факторлардың негативті әсерлерін, яғни қауіп факторларын зерттеу және олардың теріс әсерлерін болдыртпау бойынша профилактикалық іс-шараларды өңдеу болып табылады.

Халық денсаулығын бағалау әдістерін таңдаудағы методологиялық проблема қоғам денсаулығы сияқты көпқырлы құбылысты сипаттайтын бірегей көрсеткіштің болмауында. Дәстүрлі түрде бұл құбылыс демографиялық жағдайды, аурушылдықты, мүгедектікті және физикалық дамуды бағалау арқылы іске асатын халық денсаулығын кешенді бағлауды қолданумен жүргізіледі.

 

2.2 Элективті цикл мақсаты:Халық денсаулығын кешенді бағалауды жүргізу методологиясын меңгеру арқылы денсаулық деңгейін жоғарылату мен денсаулыққа кері әсерлерді болдыртпауға бағытталған іс-шараларды өңдеу.

2.3 Оқу міндеттері:

· қоғам денсаулығын талдау және басқару методологиясын үйрету;

· жалпы халықтың және олардың жекелеген санаттарының денсаулығын кешенді бағалауға үйрету;

· денсаулық деңгейін сақтау және жоғарылату бойынша профилактикалық іс-шараларды өңдеуге дайындықты қалыптастыру.

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттерде когнитивті компонентті (білімді) қалыптастыру:

· Қазақстан Республикасы халқының қазіргі денсаулық жағдайы;

· Қазақстан Республикасындағы халықтың табиғи қозғалысы жағдайы;

· Қазақстан Республикасы халқы аурушылдығының деңгейлері мен тенденциялары;

· біріншілік аурушылдықтың, мүгедектіктің деңгейі мен таралуын анықтау;

· халық денсаулығы жағдайын жан-жақты бағалаудың маңызы;

· денсаулыққа негізгі қауіп факторларының медициналық-әлеуметтік маңызы;

· халық денсаулығының жас-жыныстық, кәсіби және аймақтық ерекшеліктері;

· маңызды аурулардың медициналық және әлеуметтік профилактикасының негіздері.

 

Студенттерде операционалды (тәжірибелік) дағдыларды қалыптастыру:

· халық денсаулығының жағдайы жөніндегі мәліметтерді жинау және талдау;

· халық денсаулығын статистикалық талдау нәтижелерін бағалау және интерпретациялау;

· халық денсаулығына факторлар әсерінің бағыты мен дәрежесін бағалау, негізгі себеп-салдар байланыстарын анықтау;

· халық денсаулығын зерттеудің медициналық-статистикалық әдістерін қолдану.

Студенттерде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

· курстастармен позитивті өзара қатынас орнату;

· басқа студенттердің көзқарасы, ой-тұжырымына сыйластықпен қарау;

· топта жұмыс жасау;

· айналадағылармен байланыс орната отырып, құбылысты модельдеу.

Студенттерде құқықтық біліктілікті қалыптастыру:

· ҚР азаматарының денсаулығын қорғаудың құқықытық негіздерін анықтайтын заңдылық актілердің негізгі ережелерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

 

Студенттерде өз білімін жетілдіруді дағдыларын қалыптастыру:

· жұмыста зерттеудің аналитикалық әдістерін қолдану;

· компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану;

· өзіндік оқуда Интернет-ресурстарды қолдану;

· өзіндік білімді жетілдіруде оn-line оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар және т.б. қолдану;

· нормативтік-анықтамалық әдебиеттер және статистикалық жинақтармен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

 

2.5 Пререквизиттер:қоғамдық денсаулық, жалпы гигиена

 

2.6 Постреквизиттер: қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология

 

Пәннің қысқаша мазмұны

Денсаулықты кешенді бағалау қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік байланыстылығын қарастырады, оны бағалаудың интеграцияланған көрсеткіштерін, демографиялық үдерістердің заңдылықтарын, халық аурушылдығының динамикасын анықтайды, сонымен қатар қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайту бойынша ұсыныстар өңдеп, перспективалық болжауға мүмкіндік береді. Циклдың білім жүйесі мен практикалық жұмыстағы ролімен орны. Циклдың қалыптасу тақырыптары. Халықтың жекелеген санаттарының денсаулығы және приоритетті класс аурулары. Қоғамдық денсаулықты кешенді бағалауда қолданылатын негізгі әдістер.

 

Тақырыптық жоспар: тақырыбы, әрбір сабақтың (практикалық, семинарлық, өзіндік жұмыс) дәрістің жүргізу үлгісі және ұзақтығы.