Оқытудың соңғы нәтижесі. Акушерия және гиникология, ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі пәні болып табылады

Кіріспе.

Акушерия және гиникология, ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі пәні болып табылады. Бұл саладағы біліктілік медициналық жоғары оқу орнының түлегі үшін міндетті. Білікті дәрігер әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі, тек емдік-диагностикалық қана емес, сондай-ақ алдын алу шараларын жасай алуы керек. «Әр мамандық дәрігері бір сағатқа болса да акушер жағдайында қалуы мүмкін, және ол жауапты сағат болмақ, оның әрекетіне ана мен ұрықтың тағдыры тәуелді болады.»

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған.

 

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Салыстырмалы үлестірілімі
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1): медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады 0,2
Б2.1 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР (1): науқастармен жұмыс жасаған кезде, әртүрлі жағдайда коммуникативті дағдыларды меңгергендігін көрсете алады. 0,2
Б2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1): науқастардың шағымын жинақтау, физикальды зерттеу жүргізу, анамнез жинақтау, зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, диферренциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әртүрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі. 0,3
Б2.3 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1): Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді. 0,3

 

2.2. Пәннің мақсаты: жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

2.3. Оқытудың мақсаттары:

- Студенттерді акушерия мен гинекологиядағы диагностика мен емдеудің негізгі

таныстыру;

- Студенттерді физиологиялық жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі

кезеңді жүргізуге үйрету;

- Студенттерді акушериялық-гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек

көрсетудің принциптеріне үйрету;

- Әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау

мәселелерімен таныстыру;

- Тұлғааралық қарым-қатынас, жүктілер мен гинекологиялық науқастарға кеңес

беру бойынша коммуникативтік дағдыларды жетілдіру.

Оқытудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:ҚР акушериялық-гинекологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін және осы пәндіигеру барысында пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді.
Б2.1 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ- КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қатынас құруда, топта жұмыс істеуде этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:медицинамен байланысты сұхбатты тиімді түрде бере алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:коммуникативті дағдылар принциптерінің құндылықтарын үлестіреді.
Б2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексеру ерекшеліктерін, физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптерін, акушерия мен гинекологиядағы зерттеудің қазіргі қосымша әдістерін, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін, жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, диагностика принциптерін шұғыл жәрдем көрсету және алдын алуда, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау принциптерін, емшекпен емізу принциптерін, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу нәтижелерін талдау, жүктілік пен босану кезінде қауіп факторын анықтау, жүктілік пен босану патологиясына диагноз қоюда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинау, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін , босанған әйелге баланы емізу техникасына үйрету,бБосанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды аменорея әдісіне үйрету, Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалау, босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтау т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.
Б2.3 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:осы пәнді игеру барысында алған білімін акушерлік және гинекологиялық процедураларда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: акушериялық сыртқы және ішкі тексеру, арнайы тексеру әдістері: жатыр мойынын айнамен қарау, жатыр қабырғасын-ішекті бимануальды тексеру, ректальды және ректовагинальды тексеру, емшекті қарау және пальпациялау, бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеруге сүртінді алу, ішектегі затты онкоцитологиялық тексеру, жатырішілік контрацептивтерді енгізу, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жүрек соғысының аускультациясы, КТГ, гравидограмма, партограмманы жүргізу, операциядан кейінгі тігістер мен бұтаралықтағы тігістерді өңдеу, нәрестені біріншілік өңдеу т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:

Реквизитке дейінгі:анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

Реквизиттен кейнгі:жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе, интернатура.

Пәннің мазмұны

Дәріс:Дәрістердің мазмұны медицина ғылымының қазіргі тенденцияларын ашып көрсетуі керек.

1. Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері. Қазақстан Республикасында акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі.Акушериялық-гинекологиялық мекемелердің типтері, олардың негізгі міндеттері. Аймақтандыру принциптері. Акушерия және гинекологиядағы әтика және деонтология. Акушериялық стационардың санитарлық-гигиеналық режимінің ерекшеліктері.

Репродуктивті денсаулық пен оны қорғау туралы түсінік.Репродуктивті денсаулық. Репродуктивті құқық. Сексуальды құқық. Отбасын жоспарлау. Қыз балаларды жыныстық тәрбиелеу. Контрацепция. Контрацептивті заттардың жіктемесі. Ана өлімінің негізгі себептері, қауіп факторларын анықтау. Түсік түсудің алдын алу.

Жүктілерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру, ұрықты антенатальді қорғау.Жүктілер мен босанған әйелдерді диспансерлік бақылау. Гравидограмма. Ұрықты антенатальді қорғауда әйелдер кеңесінің рөлі. Ұрықты тексерудің биофизикалық және биометрикалық әдістері. Пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері. Ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау мен алдын алудағы медициналық-генетикалық кеңестің ролі.