Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БЕКІТЕМІН

Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша

комитет төрайымы _______________

Жыл

 

ЭТНОПЕДАГОГИКА» ПӘНІНЕН

БІЛІМГЕРДІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

кафедра: «Жалпы педагогика және психология»
оқу жылы: 2015-2016 оқу жылы
кредиттер саны:
оқыту түрі: күндізгі
барлық сағат саны: 90 сағат
лекциялар: 15 сағат
семинар: 15 сағат
ОСӨЖ: 30 сағат
СӨЖ: 30 сағат

 

Тараз 2015

 

 

Оқыту бағдарламасы (syllabus) 05В010000 – «БІЛІМ» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 3.11. 2010ж., № 514; және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік секциясы ұсынған типтік оқу бағдарламасы негізінде "Этнопедагогика" пәні бойынша п.ғ.к., доцент м.а. С.О. Жетпісбаева, аға оқытушы С.Ж.Бупетаева құрастырды.

 

Оқу бағдарламасы (syllabus) «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында

« » 2014 ж. Хаттама № __1__ бекітілді.

 

Кафедра меңгерушісі: _______________________________ К.Ж.Бұзаубақова

/п.ғ.д., профессор/

 

 

Оқу бағдарламасы педагогикалық факультеттің оқу бағдарламалары комитетімен мақұлданған.

 

Хаттама № _____ «________»__________________ 2014 ж.

 

Комитет төрайымы: ____________________________________________

(Ф.А.Ж, ғылыми дәрежесі, ғыл. атағы )

 

 

Оқытушы жөнінде мәлімет: Жетпісбаева Сәрсенгүл Оразбекқызы, “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. Бупетаева Сәуле Жақыпқызы “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының аға оқытушысы

Оқитын пәндері: педагогика, этнопедагогика, педагогтік шеберлік негіздері, тәрбие теориясы және тәрбие жұмысының әдістемесі.

Оқу еңбектері: “Қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру” «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен тест тапсырмалары».

Байланыс хабары: “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы, № 5 корпус, 4 этаж. Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы, 16 а.

Кафедрада болу мерзімі: әр аптаның дүйсенбі - жұмасында 8-ден 13-ке дейін, сабақ кестесімен сәйкес.

Кеңес беру уақыты: кеңес беру кестесімен сәйкес.

 

 

Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі

«Этнопедагогика» курсының бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Білім» мамандықтарына арналған. Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға деген қызығушылығы арта түсті. Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор. Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты:

Өз халқының дәстүрі мен мәдениетіне, тарихына, тіліне сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- өз халқының салт-дәстүрлеріне, дініне, тарихына, тіліне деген құндылық қатынастарын қалыптастыру;

- халықтық шығармашылық арқылы (декоративті-қолданбалы, музыкалық, поэтикалық) шығармашылыққа баулу;

- әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттердің этномәдени тілектерін қанағаттандыру үшін жағдайлар туғызу;

- әртүрлі кезеңдер мен әртүрлі халықтардың рухани құндылықтарын тану негізінде студенттер бойында патриотизм сезімімен ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру.

 

3. Білім мен білік:

- адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны туралы;

- этникалық дүниетанымды қалыптастырудағы халықтық білімдердің мәні мен рөлі туралы;

- этникалық тәрбиені ұйымдастырудағы этноәлеуметтік-жетекші әдістің мәні туралы;

- этникалық тәрбиенің құралдары ретінде дәстүрлердің, салттардың, салт-жоралардың, ырымдардың ережелердің тәрбиелік ерекшеліктер туралы;

- адамның жасына және жеке басының ерекшеліктеріне байланысты дамуы туралы;

- этнопедагогикада адамның біртұтас биоәлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы туралы;

- «Этнос субъектісі» ұғымының мәнін терең түсінуі;

- өз халқының және олармен бірге тұратын басқа халықтардың ұлттық мерекелерін, этикетін, ережелері мен нормаларын, салттарын, дәстүрлерін, мәдениетін, философиясын, тарихын, тілін кеңінен құрметтеу және білуі.

4. Білімгер міндетті:

Білімгер таныс болуы тиіс.

- қазіргі заманның жастарын тәрбиелеуде өз халқының прогресивті тәрбиелік дәстүрлері мен салттарын шығармашылықпен пайдалануға;

- өз мүмкіндіктерін этноәлеуметтік рөлдердің мәнін терең ұғынып, түсінуі, толерантты болуға бағытталуды.

 

Білімгер білуі тиіс:

- Негізгі этнопедагогиканың теориялардың негізін;

- Мемлекеттің ұлттық саясатын;

- Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дәстүрлерін;

- Халықтың тәрбиелеу тәжірибесін.

Білімгер меңгеруі тиіс:

- Тәрбиеде көпмәденилік пен толеранттықты тарату.