Дәрістің тақырыпытық жоспары

Жалпы иммунология кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән:OI 3228 « Жалпы иммунология»

 

Мамандық:051301 «Жалпы медицина»

 

Курс -үшінші

Семестр:5,6

Дәріс– 5 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 25 сағат

Барлығы аудиторлы – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

ОСӨЖ – 30 сағат

Барлығы – 90 сағат

 

Тексеру түрі – емтихан

 

Құрастырушылар:профессор Шортанбаев А.А.

доцент Кожанова С.В.

доцент Тарабаева А.С.

доцент Балпанова Г.Т.

доцент Бижигитова Б.Б.

доцент Битанова Э.Ж.

аға оқыт.Нурмуханбетова А.А.

 

 

Алматы, 2014

 

 

Жалпы иммунология кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

«_09_» ___қыркүйек___ 2014 ж. №___2__ хаттамасы

 

Кафедра меңгерушісі,

М.ғ.д., профессор Шортанбаев А.А.

 

 

 

Жалпы мәліметтер

1.2 ЖОО атауыС.Д. Асфендияров атындағыҚазақ Ұлттық медицина университеті,

Жалпы иммунология кафедрасы

1.3 Пән«Жалпы иммунология», пән кодыOI 3228

1.4 Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағат көлемі –90 сағат – 2 кредит

1.6 Оқу курсы және семестр -3 курс, 5,6 семестр

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі, атағы Лауазымы Басым ғылыми қызығушылығы, жетістіктері
Шортанбаев А.А. медицина ғылымдарының докторы, профессор кафедра меңгерушісі иммуногенетика
Кожанова С.В. биология ғылымдарының кандидаты, доцент доцент ісіктер иммунологиясы
Тарабаева А.С. Медицина ғылымдарының кандидаты,доцент доцент Клиникалық иммунология және аллергология
Балпанова Г.Т. медицина ғылымдарының кандидаты, доцент доцент иммуногенетика
Бижигитова Б.Б. медицина ғылымдарының кандидаты, доцент доцент иммунопрофилактика
Битанова Э.Ж. медицина ғылымдарының кандидаты, доцент доцент иммуноэкология
Нурмуханбетова А.А. медицина ғылымдарының кандидаты аға оқытушы аллергология

1.8 Қатынастық ақпарат:

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Богенбай батыр көшесі 151, №2 оқу ғимараты, 1 этаж,

тел:3389070

1.9 Пән саясаты:

· Иммунология – өте қызықты! Иммунологияның негізін білу әрбір дәрігерге қажет. Кафедра ұжымының мақсаты – студенттерге мұны дәлеледеу;

· Оқытушылар студенттерге курс материалын түсінуге көмектеседі, заманауи иммунология мен аллергологияның студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтары мен мәселелерін талқылайды;

Студенттерге қойылатын талаптар:

· сабаққа кешікпеу;

· оқу үрдісіне белсенді қатысу;

· тәжірибелік сабақтың барлық тапсырмаларын толық көлемде орындау;

· СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау және белгіленген мерзімде тапсыру;

· дәріс конспектісі болу керек және дәріс материалын білу тиіс.

 

Шектеу шарттары:

1. сәйкес тәжірибелік сабақтардан орта шамамен 50% жинамаған студенттер, аралық бақылауға жіберілмейді;

2. 30 балдан кем жинаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Бағдарлама

Кіріспе

Иммунология перспективті және өркендеп жатқан медициналық-биологиялық ғылымдардың қатарына жатады, оның теориялық қағидалары практикалық денсаулық сақтауда кеңінен қолданылуда.

Қазіргі иммунологиядан алынған мәліметтер көптеген аурулардың патогенезіне, диагностикасына, еміне және алдын алу шараларына көзқарастарды өзгертті. Жалпы иммунологияның жетістіктері негізінде клиникалық иммунология мен аллергология пайда болып, кеңінен дамыды. Иммунды жетіспеушіліктердің жіктелуі, лабораторлық диагностикасы және емі құрастырылды: аутоиммунды, жұқпалы, аллергиялық, онкологиялық және басқа да бірқатар аурулардың дамуы мен ағымында иммунды жетіспеушіліктердің маңызы дәлелденді. Клиникалық практикада иммунды коррекциялық препараттар кеңінен қолдануда, соның ішінде рекомбинантты цитокиндер және цитокинге қарсы моноклонды антиденелер негізіндегі дәрілік препараттар. Қазіргі иммунологияның жетістіктеріне трансплантологиядағы жаңалықтарды, жаңа топты вакциналардың ашылуын, АИВ-жұқпасымен байланысты күрделі мәселелер шешілуін жатқызуға болады.

Сонымен, иммунологияның зерттейтін сұрақтары өте көп және барлық мамандықтағы дәрігерлер үшін үлкен қызығушылықты тудырады. Сондықтан, медициналық мамандарды дайындау үшін жоғары оқу орындардың оқу жоспарларына жалпы иммунология енгізілген.

2.2 Пәннің мақсаты:студенттерде мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейде иммунды жүйесінің құрылысы мен қызметі жөніндегі, сонымен қатар, дені сау ағзаның тіршілігіндегі және иммунды патологиялық үрдістердің дамуындағы иммунды жүйесінің маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

· студенттерге қалыпты және иммунды патологиялық жағдайлар кезіндегі иммунды жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы қазіргі көзқарасты беру;

· ағзаның ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын сақтауда, сонымен қатар иммунологиялық тану механизмдер мен иммунды жауаптың жасушалық және молекулалық деңгейлерде реттелудегі иммунды жүйесінің маңызын зерттеу;

· иммунитет реттелуінде цитокиндердің, гормондардың және нейропептидтердің маңызы жөніндегі көзқарастармен таныстыру;

· аутоиммунды патологияның, жоғары сезімталдықтың, трансплантаттың кері қайту, қатерлі ісіктер патогенезі негізіндегі иммунологиялық механизмдерін зерттеу;

· иммунды жетіспеушілік жағдайлардың себептері мен даму механизмдерін зерттеу;

· адамның иммунды статусына лабораторлық баға беру әдістерін зерттеу;

· адам денсаулығының сақталуында иммунды жүйенің маңызы туралы түсінікті қалыптастыру.

2.4 Білім берудің соңғы нәтижелері:

Студенттерде білімнің қалыптасуы:

· иммунологияның тарихи даму жолын; иммунитеттің негізгі теорияларын, иммунитеттің түрлерін;

· иммунды жүйесінің мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейдегі құрылысын; оның негізгі қызмет ету принциптерін;

· иммунды жауап туралы түсінікті, иммунды хабарлы жасушалар кооперациясын, иммунды жауаптағы жасушалық және гуморалдық механизмдердің маңызын;

· антигендерді, олардың негізгі түрлері мен сипаттамаларын;

· гуморалды иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметін, иммуноглобулиндер класын;

· комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтерін, активацияның негізгі жолдарын, комплементтің қалыпты жағдай мен патологиядағы маңызын;

· арнайы иммунды жауаптағы антигентаныстырушы жасушалардың негізгі түрлерін; антигендердің өңделуі мен таныстырылуын;

· жасушалық иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметтерін, Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары мен қызметтерін; жасанды және табиғи төзімділік түсініктерін;

· иммунды жетіспеушілік жағдайлар (ИЖЖ) туралы түсінік пен олардың жіктелуін; біріншілік және екіншілік ИЖЖ клиникалық белгілері мен лабораторлық диагностика принциптерін;

· адамның иммунды статусына лабораторлық баға беру әдістерін;

· иммунды жүйенің реттелу механизмдерін; жүйке, иммунды және эндокринді жүйелердің қарым-қатысының маңызын;

· адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрылысын, локустардың қызметтерін; HLA-антигендің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділіктің генетикалық маркері ретіндегі маңызын;

· трансплантацияның иммунологиялық проблемаларын;

· ісікке қарсы иммунитеттің негізін, қатерлі ісіктердің иммунды терапия мен иммунды диагностика әдістерін;

· Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдық механизмдерінің жіктелуін, жоғары сезімталдықтың негізгі түрлерінің патогенезі мен клиникалық мысалдарын; аутоиммунды аурулардың патогенезін;

· вакцинды профилактика принциптерін, жаңа вакциналардың жіктелуін, вакцинация кезіндегі асқынулар мен оларды алдын алу шараларын.

Студенттерде іскерліктің қалыптасуы:

· лейкограмма мен иммунограмма көрсеткіштерін талдау;

· шеткері қандағы лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының салыстырмалы және абсолютті санын анықтау;

· иммунды ферментті талдау (ИФТ) әдісімен анықталған негізгі цитокиндер мен сарысулық иммуноглобулиндердің концентрациясын талдау;

· фагоциттердің жұту қабілетін, сонымен қатар, спонтанды және индукцияланған НКТ-тестінде олардың тотығу-тотоқсыздану потенциалын анықтау;

· трансплантациялау үшін лайық донор мен рецепиенттің HLA-антигендерін іріктеу;

· ғылыми, медициналық әдебиеттермен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс істей алуы керек.

Тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы:

· лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы санын есептеу;

· иммундық статустың зертханалық көрсеткіштерін интерпретациялау (иммунограмма);

· ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау;

2.5 Пререквизиттер: молекулярлы биология және медициналық генетика, биохимия, анатомия-1, физиология-1, гистология-1, патологиялық физиология-1, микробиология, фармакология-1.

2.5 Постреквизиттер:ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, онкология.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:Иммунология пәні мен міндеттері. Иммунология дамуының тарихи кезеңдері. Иммунитет түсінігі. Иммунды жүйе бойынша түсінік. Антигендер. Гуморальды иммунитет жүйесі. Иммунологиялық үрдістерде комплемент пен макрофагтың ролі. Жасушалық иммунитет жүйесі. Клиникада адамның иммундық статусын бағалаудың заманауи әдістері. Біріншілік және екіншілік иммунды тапшылық жағдайлар. АИВ-жұқпасының иммунопатогенезі және иммунодиагностикасы. Вакцинды профилактика. Гистосәйкестік жүйесі. Трансплантациялық иммунитет негіздері. Жоғары сезімталдық механизмі. Аутоиммунды аурулардың индукция механизмі, патогенезі және клиникалық көріністері.

Дәрістің тақырыпытық жоспары