Күтілетін нәтижелері

Силлабус

(Syllabus)

Пән (электив): «Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудағы халықаралық тәжірибе»

Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі (кредит) – 135 сағат (3 кредит)

Курс 5

Семестр – 9,10

 

 

 

Алматы, 2014 ж

 

 

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «халықаралық денсаулық сақтау» кафедрасының доценті Жантуриев Б.М пен мемлекеттік жалпы білім беру стандартына ГОСО РК 3.08.388 – 2006, 5В130100 «Жалпы медицина» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес негізделіп кұрастырылған.

 

 

Авторы: м.ғ.к, кафедра доценті К.У. Рахметова

 

«Халықаралық денсаулық сақтау» кафедрасының отырысында келісіліп бекітілді.

№ 2 протокол 8 қыркүйек 2014ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор Қ.Қ. Құрақбаев

 

Оқытушылар жөніндегі мәліметтер:

 

Аты жөні Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Ғылыми жетістіктері/категория
1. Куракбаев К.К.   Заведующий кафедрой, д.м.н., профессор Главный стоматолог МЗ РК () Директор Алматинского филиала РЦРЗ () Отличник здравоохранения Обладатель ордена «Курмет»
2. Мейманалиев Т.С. д.м.н., профессор Министр здравоохранения Кыргызской Республики (1999-2002 гг.). Разработчик программы реформирования здравоохранения КР “Манас”. Эксперт ВОЗ, советник Министра здравоохранения Кыргызской Республики
3. Рахметова К.У. к.м.н., доцент научно-педагогический стаж-25лет; публикаций-свыше 60, соавтор 2 монографий, 1учебника. Отличник здравоохранения. Направления: Экспертиза качества мед.услуг, план.научных исследований, инновационные технологии в мед. образовании
4. Жантуриев Б.М. к.м.н., MPA, DBA, и.о.доцента, Общий стаж 29 лет, научно-педагогический 18 лет. Интересы научные: Health & low literacy, health care reforming, international and domestic experiences of PHC
5. Кошербаева Л.К. PhD, и.о.доцента Направления: Оценка технологий здравоохранения, Клинические руководства. Разработка отчета ОМТ по кохлеарной имплантации. Научно-педагогический стаж 6 лет.
6. Кумар А.Б. PhD, и.о.доцента Направления: Практика госпитализации, Клинические руководства. Научно-педагогический стаж 6 лет.
7. Абуов Д.Ж. Магистр общественного здравоохранения КазНМУ «лечебное дело»1997г. ВШОЗ 2009 г. докторантура 2013г.1 категория. Отличник Здравоохранения2012г. общий стаж 27 лет научно-педагогический 7 лет. Публикаций – свыше 10.
8. Толганбаева К.А. Магистр общественного здравоохранения КазНМУ им. С.Д Асфендиярова «Медико-профилактическое дело» 2001-2007гг; Магистратура при КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова 2007-2009 гг; 2007-2014гг – Специалист НЦПФЗОЖ по профилактическим программам
9. Нуракынова С.Т. Начальник отдела стратегического планирования КазНМУ , преподаватель. Магистр медицинских наук   Маркетинг в здравоохранении. Научно-педагогический стаж 1 год
10. Байзаханов А.А. Магистр общественного здравоохранения КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова «Лечебное дело» 2004-2011; ВШОЗ МЗ РК «Общественное здравоохранение» 2011-2013;17 публикаций, в том числе зарубежные.
11. Серикулы М. Магистр медицины КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова «Лечебное дело» 2007-2011; магистратура «Медицина»; 5 публикаций, в том числе зарубежные.

Контактілер: Алматы қ., Райымбека көшесі,50А, Джангильдина көшесінің қиылысы, клиника№2, аудитории№№ 105, 111, 112, 113 и др.), телефон: 386-28-62, электрондық адрес:<interhealth@kaznmu.kz>

 

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

• Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

• БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

• Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

• Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

• Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

• Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

• себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

• Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

• Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

• Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

• Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

• Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

 

Бағдарлама

2.1. Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының басты приоритеттернің бірі болып қоғамның тұрақты әрі үдемелі түрде даму көзқарасы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі жетілдірілуі болып отыр, денсаулық сақтау жүйесі тиімді, икемді, әлеуметтік, қазіргі таңдағы озық халықаралық тәжірибелерге негізделген, халыққа барлық деңгейде медициналық көмек корсетудегі сабақтастықты, сапалылығы, дер кезінде қол жетімділігін қамтамасыз ететін жүйе ретінде қалыптастырылу кажет. Бұдан былайғы негізделуші принциптері сектораралық өзара іс қимылдылық, азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақтастық жауапкершілігі, аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі таңда нарықтық экономика жағдайында медициналық ұйымдарды басқарудың жаңа бағыттарының қажеттілігі туындап отыр. Алайда, экономиканың басқа салаларына қарағанда медициналық ұйымдар немесе ауруханаларды басқару ісі қоғам қажеттіліктері мен уақыт талаптарынан артта қалып тұр. Сондықтан медициналық ұйымдарды басқаруда дүниежүзілік алдыңғы катарлы тәжірибелерді дәлелді жүйелерге негізделген халықаралық басқару технологияларының трансферттерін тарту қажет, бұл барлық деңгейде көрсетілетін медициналық көмектің сапалы, тиімді әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етпек.

Денсаулық сақтау жүйесінде инновациялық саясаттың іске асуы жүйенің жетілдірілуінің стратегиялық принциптерін анықтап бекітуі қажет.

Денсаулық сақтауда инновациялық саясат жүргізу жүйені жетілдірудің стратегиялық принциптерін анықтап бекітуі қажет. Жүйенің стратегиялық принциптері халықтың денсаулығын сақтап күшейтуге, медициналық қызметтердің қолжетімді және сапалы түрде көрсетілуін қалыптастырып, тиімді қызмет етуіне бағытталған және де саланың әрі қарайғы тұрақты дамуына негізделіп денсаулық сақтауды басқару мен медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа схемаларын дайындап енгізу.

Айтып өткендей, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жағдайында клиникалардың тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып тиімді басқару, соның ішінде қорларды басқару /кадралар, материалдық, қаржылық, білім, технологиялар және т.б./ болып саналады.

Соңғы жылдарда мемлекет денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен жетілдіруге бағытталған бірқатар іс шаралар іске асырда. Бүгінде осы саланың дамуын сипаттайтын негізгі бағдарламалық құжаттар қойылған талаптарға сәйкес еді. Қазіргі кезде экономика мен қоғамның басқа да секторларының өзгеру темптері мен талаптарынан қалыс қалуда. Жиналған мәселелер денсаулық сақтау саласын басқару тәсілдерін радикалды түрде қайта қарастыру қажеттілігін туғызып отыр. Бұл саланың басқару жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтауды қаржыландырылуы, медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру, бірінші кезекте алғашқы медико санитарлық көмек көрсету деңгейінде және де қорларды тиімді пайдалану сияқты сұрақтарын қамтитын бөлімдерінде маңызды өзгертулер жүргізу қажеттілігі туындауда.

Бүгінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі жаңа стратегияларды енгізе отырып құрылымын жетілдіруді қажет етеді, бұл айқын көзделген мақсаттарға, экономиканың барлық секторларымен интеграциялануына және де дамудың қазіргі заманғы ғылыми және институциональді технологияларды қолдану негізінде жүргізілуі керек. Денсаулық сақтауда реформаларды іске асыруда жетістікке жетуге маркетинг пен менеджмент принциптерін, денсаулық сақтау мекемелерін басқарудың экономикалық және әлеуметтік психологиялық әдістерін енгізу мүмкіндік береді.

Орталықтандырылған басқару ілгісі жағдайындағы ұйымдастырушы рольін менеджерлерге ауыстыру, жаңа буынды басқарушыларды қалыптастыру маңызды.

2.2. Пәннің мақсаты

Дүние жүзінің әртүрлі елдерінің денсаулық сақтау жүйесін реформалау тәжірибелерін, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің реформалаудың негізгі бағыттарын ғылыми зерттеу негізінде студенттерге білім беру, халыққа медициналық көмекті модернизациялау жолдары мен принциптерін үйрету және келешекте олардың медициналық мекемелерді басқару технологиялары мен ептілігін, дағдыларын қалыптастыру.

 

Міндеттері

Студенттердің Әлемдік және Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін ғаламдық реформалау процестері түсінігін қалыптастыру. Ауруханалық менеджменттің кешенді, мультидисциплинарлы ғылым ретінде көзқарастарын қалыптастыру. Ауруханалық менеджмент бойынша минимальді білім қалыптастыру. Медициналық мекмелерді басқару дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру. Медициналық мекемелердің қызметтері мен менеджменттің әртүрлі сұрақтары жөніндегі жүйелендірілген білім беру.

 

 

Күтілетін нәтижелері

Студенттерде келесі біліктілікті қалыптастыру:

Когнитивті білім:

- Шет елдегі денсаулық сақтау жүйесін реформалау практикасы мен әлемдік тәжірибесі;

- Отандық денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық мекемелерді реформалаудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары;

- ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен оңың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің құрылымы мен қызметтері;

- Қазақстан Республикасындағы әртүрлі меншік формасындағы медициналық ұйымдардың қызметінің нормативті-құқықтық базасы;

- Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері;

- Медициналық мекеменің (ұйымның) болмысын анықтайтын жаңа тәсілдер(подход);

- Емдік профилактикалық мекемелердің қолданыстағы бірыңғай номенклатурасы;

- Бірыңғай Үлттық денсаулық сақтау жүйесі (ЕНСЗ);

- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;

- Соңғы нәтижеге байланысты төленетін, тегін кепілдік берілген көлемдегі медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа моделін енгізу;

- Денсаулық сақтаудағы аккредитация мен стандартизация сұрақтары;

- Кәсіби өзарақатынас субъектілерінің тиімді менеджмент принциптері;

- Ақпараттық менеджмент;

- Басқару қызметіндегі кешенді қауіпсіздік сұрақтары;

- Бассқару қызметтіндегі этика және коммуникация сұрақтары;

 

2.5.Пәннің пререквизитері: қоғамдық денсаулық сақтау, құқық негіздері, коммуникативті дағдылар 1, 2.

Пәннің постреквизитері: ЖДП, терапия, педиатрия, хирургия, акушерства және гинекология бойынша интернатура.

 

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:Денсаулық сақтау саласындағы ДДҰ саясаты. «Здоровье 2020» бағдарламасы. Негізгі мақсаттары, міндеттері, іске асыру механизмдері. Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың халықаралық тәжірибесі. Әлемдегі денсаулық сақтау жүйелерінің негізгі модельдері (бюджеттік, сақтандыру, ақылы). Берілген модельдерді қолданатын елдер (Ұлыбритания, Канада, Германия, АҚШ, Жапония). Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізгі принциптері. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметі (құрылымы, Департаменттер мен Комитеттерінің функциялары). 2011-2015 жж. « Саламатты Казахстан» бағдарламасы. Амбулаторлық-поликлиникалық (ПМСП) және стационарлық мекемелердің қызметтерін реттеу. Медициналық мекемелердің ресурстары - материалдық және материалдық емес: адамдар, қаржылар, құрылғылар, ғимараттар, білім және технологиялар, беделі және т.б. АМСК пен стационарлық көмек дамуының халықаралық және отандық тәжірбиесі. Медициналық мекемелерді басқару. Ауруханалық менеджмент спецификасы, басқа да менеджмен түрлерінен ерекшелігі. Медицинадағы корпоративті басқару. Халықаралық тәжерибе мен ҚР тәжерибесі ( «Медицинский Холдинг» АҚ). Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық менеджмент негіздері. Ұйымның стратегиялық мақсаттары мен миссиясы. Операционды менеджмент негіздері. Медициналық ұйымның бизнес жоспары. Негізгі түсінік, құрылымы мен құрастырылу принциптері. Медициналық ұйымның қаржылық менеджмент негіздері. Оның ерекшеліктері. Қаржылық анализ туралы жалпы түсінік. Медициналық мекеменің бюджеттелуінің негіздері. КГЗ түсінігі (клинико-затратных группах). Аұпараттық менеджмент. Медициналық мекемелерді басқарудағы IT – технологиялар. Медициналық маркетинг негіздері. Оның ерекшеліктері, басқа маркетинг түрлерінен айырмашылығы. Заманауи медициналық мекемелердің қызметіндегі маркетинг ролі. Медициналық мекемелердегі сапа мен қауіпсіздікті басқару негіздері. Риск-менеджмент негіздері. Медициналық мекемелердегі сапа мен қауіпсіздік сұрақтарының өзара байланысы. Аккредитация стандарттары (EFQM, JCI). Халықаралық және отандық тәжерибе. Клиникалық протоколдар мен нұсқаулар. AGREE Технологиясы. Денсаулық саласындағы технологияларды бағалау (HTA –Health Technology Assessment). Бағалау кезеңдері. Клиникалық және экономикалық тиімділігі. Технологияларды бағалаудың әлеуметтік және этикалық аспектілері. Халықтың қартаюының медико-әлеуметтік және экономикалық аспектілері: осы үрдісті басқарудағы Қазақстандық және дүние жүзіндегі тәжірибесі. Осы мәселені шешуге жұмылдырылған құрылымдар мен ресурстар.

Медико әлеуметтік тұрғыдағы егде жастағы адамдардың қажеттіліктерін бағалау. Арнайы қызметтер мен ведомстволардың және қоғамдық ресурстарды жоспарлау. Гериатриялық және паллиативті көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Тәжіребиелік сабақтардың, студенттердің оқытушылармен жүргізетін өзіндік жұмысы мен студенттердің өзіндік жұмыстарының тематикалық жоспары.