САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

Силлабус

Мамандығы: 051301 "Жалпы медицина"

Сағат саны - 90 сағат     Тәжірибелік сабақтар -30 сағат  
СОӨЖ –30 сағат  
Өзіндік (аудиториядан тыс) жұмыс – 30 сағат    
     
Курс – үшінші   Семестр - бесінші – алтыншы  
Бақылау түрі – емтихан  

 

Алматы, 2014

 

Силлабусты проф. Хамзин А.Х. , доц. Тулеутаева З.К құрастырған. Силлабус пәннің жұмыс бағдарламасы мен №:6 инструктивті хатқа сәйкес құрастырылды және қайта қаралды. Кафедраның отырысында құпталды хаттама № 9. 13.04.2012.

 

Толықтырулар мен өзгертулер проф.Жолдыбай Ж.Ж. басшылығымен ассистенттер: Нурумбетов К.М., Далиева Г.А., Мусаев Н.Г., Аманкулова Ж.Б. енгізілді және кафедра отырысында құпталды хаттама № _1_ «2 6 » тамыз 2014ж.

 

Визуалды диагностика кафедрасының

меңгерушісі __________ проф.Жолдыбай Ж.Ж.

1. Жалпы мағлұмат:

1.1 ЖОО атауыС.Д. Асфендияров атындағы Қазақтың Ұлттық Медициналық Университеті

1.2 Кафедра«Визуалды диагностика»

1.3 Пән «Визуалды диагностика»

1.4 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағатының саны -90 (2 кредит) сағат

1.6 Оқу курсы мен семестрі -3 курс; 5-6 семестрлері

1.7 Оқытушылар туралы мағлұмат:

Аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі
Жолдыбай Жамиля Жолдыбаевна кафедра меңгерушісі м.ғ.д. , профессор
Нурумбетов Кенес Мертеевич Ассистент д/ж
Далиева Гулжан Ахылбековна Ассистент д/ж
Мусаев Надир Гюльгуйсенович Ассистент д/ж
Бурхан Нурдаулет Ассистент д/ж
Касымбекова Гульжан Джумалиевна Ассистент д/ж
Ахметбаева Алия Бахытовна Ассистент д/ж
Аманқулова Жаннур Бақытжановна Ассистент д/ж

1.8 Байланыс ақпараты:кафедраның орналасқан орны Абай даңғылы 91

ҚазО және РҒЗИ, поликлиникалық корпустың 2 қабаты, телефон: 2920061 (232)

1.9 Пәннің саясатыоқу үрдісін бірізді және мақсатты түрдеқамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.

1. Міндетті түрде тәжірибелік сабақтарға және СОӨЖ- ге қатысу.

2. Оқу үрдісіне белсенді қатысу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

3. Тәжірибелік сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

4. Сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

5. Тақырыптық жоспарға сәйкес мерзімдік бақылауларды уақытында өткізу.

6. Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.

7. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.

8. Мерзімдік бақылаудың рейтингтік бағасы ағымдағы бақылаудың рейтингісіне қарағанда жоғары болады.

Бағдарлама

2.1.Кіріспе.«Визуалді диагностика» пәнінің меңгеру объектісі диагностикалық суреттер (рентгенограммалар, томограммалар, сонограммалар, сканограммалар, КТ, МРТ), сонымен қатар диагностикалық зерттеуге көрсеткіш пен қарсы көрсеткішті анықтауды талап ететін науқастар және әрбір жеке жағдайларда нәтижелі зерттеу әдісін таңдау болып табылады.

2.2.Пәннің мақсаты: студенттерге жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорту, эндокринді, тірек-қимыл, қантүзу, жүйке, несеп жыныс жүйелері аурулары кезінде қолданылатын визуалды диагностиканың жалпы қағидалары, артықшылықтары және негізгі зерттеу әдістері туралы жаңа заманға сай білімді қалыптастыру.

2.3.Оқыту тапсырмалары: - жаңа заманға сай диагностикалық суреттерді алу қағидалары жөнінде білім беру (дигиталды рентгенография, УДЗ, КТ, МРТ, РД);

- аурулар кезіндегі өзгеріске ұшырайтын мүшелер мен жүйелердің визуалды диагностика алгоритмдерімен таныстыру.

- рентгенограммалар, томограммалар, сканограммалар бойынша әдістің түрін, зерттелген аймақты, түсірілген бағытын, суреттің сапасын және барлық анатомиялық түзілістерді ажыратуға сонымен қатар визуалды симптом мен синдромды тауып, негізгі синдромды анықтау.

2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері:

Қорытынды сабақ, тестілеу, студенттің өзіндік жұмысы, рентгенограммалар, КТ, МРТ, УДЗ – суреттер арқылы қорытынды білімді интерпретациялау. Ситуациялық тапсырмаларды шешу. Әрбір жүйе соңында аралық бақылау өткізіледі. Курс соңында емтихан тестілеу және ауызша түрде өткізіледі.

2.5.Пререквизиттер:

Оқылатын пәнді меңгеру үшін негізгі білімді білу: рентгенологиялық сәуленің физикалық негізі, қалыпты анатомияны, физиологияны, патанатомияны, патофизиологияны.

 

 

2.6.Пәннің постреквизиттері: ішкі аурулар пропедевтикасы, балалар аурулары пропедевтикасы, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар,акушерство және гинекология, эндокринология, урология, неврология, травматология, гематология.

 

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны:

-Сәулелік диагностикада қолданылатын диагностикалық аспаптар

-Сәулелік диагностиканың зерттеу әдістері.

-Сәулелік диагностиканың зерттеу әдістемелері

-Мүшелердің қалыпты сәулелік анатомиясы

-Патология кезінде сәулелік белгілерді анықтау

-Ауруларды анықтауда сәулелік диагностиканың алгоритмін жасау.

САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ