Пәннің қысқаша мазмұны. Пәні бойынша оқу бағдарламасы

Пәні бойынша оқу бағдарламасы

 

Құрастырушы: филос.ғ.к., доцент Есенгалиева В.А.

аға оқытушы Д.С.Муталова

«Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы

«Агрономия» факультеті 304, 320 - кабинет

 

Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2011 ж. бекітілген типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды

 

Кредит саны – 2

Дәріс – 10 сағат

Практикалық сабақ – 20 сағат

БАОӨЖ – 15 сағат

БАӨЖ – 45 сағат

Барлығы – 90 сағат

Бақылау түрі – емтихан

 

Кафедра отырысында талқыланды «___» ______ 2013ж. № ____ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі _________ Есенгалиева В.А.

 

Пәннің сипаттамасы

Саясаттану Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөлімі – ЮНЕСКО міндетті түрде оқытылатын пәндер тізіміне енгізіп, бекіткен әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясат қазіргі қоғамның тіршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарының, оның тарихи дамуының зерттейді. Саясаттанудың мазмұның сонымен қатар, билік, мемлекет аралық қатынас мәселелерінен тұрады.

1.1. Пәнді оқудың мақсаты: Саясаттану – саяси билік, саяси қатынастардың қалыптасуы мен саяси институттардың қызметтері, құндылықтар, саяси үрдістер, олардың бір елде және дүниежүзілік көлемде жүзеге асу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым болып табылады. Олардың негіздерін қазіргі демократиялық қоғамның білімді деген азаматтарының бәрі білуге міндетті.Жоғарғы оқу орындарында саясаттану пәнін оқытудағы мақсат студенттердің саясатқа қызығушылығын арттыру, саяси білім негіздерімен қаруландыру, олардың саяси белсенділіктерін тиімді жетілдіретін дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру.

1.2. Пәнді оқудағы міндеттер:

- саясаттану ғылымының қоғам өміріндегі саяси мәселелерді зерттеуінің маңыздылығын түсіндіру;

- студенттерге саясаттың негізгі түсініктерін ұғындырып, саяси қатынастарды, құбылыстарды саралап талдай білуге үйрету;

- қоғамның саяси жүйесінің дамуының маңыздылығын айта отырып, студенттердің демократиялық құндылықтарды бағалай білуін, патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру;

- студенттердің саяси танымдарын жетілдіру арқылы олардың бойындағы саяси мәдениеттерін дамыту;

- теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде нақты өмірде белсенді пайдалануға үйрету.

Пәннің қысқаша мазмұны

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсініктер мен білімдер береді.

1.4. Оқыту нәтижелері:

А- білім және түсіну:Саясат және оның мәні негізгі түсініктері, саяси билік, саяси қатынастардың қалыптасуы мен саяси институттардың қызметі, негізгі саяси ілімдер, демократиялық мемлекеттік құрылымның негіздері, қоғамның саяси жүйесі, саяси үрдістер туралы білімдерді қалыптастыру. Кәсіптік ақпараттарды өз бетімен іздестіру, талдау және бағалау.

В - білім және түсінулерді қолдану:Саяси құбылыстарды талдап, түсіндіре алу, қоғам мен мемлекеттің өткені мен қазіргі заманғы дамуына талдау жасай білу, саясат туралы қажетті білім алып, оларды өздерінің кәсіптік және күнделік өмірінде қолдана білу. Студенттердің саяси сана және саяси мәдениетін қалыптастыру.

С - пайымдауларды шығару (құрастыру):Студенттердің саяси танымдарын жетілдіріп, олардың саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденциларға өз бетінше талдау жасай білу дағдысын қалыптастыру.

Д- коммуникативті дағдылар: Студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси үрдістерді ұғыну және еркін бағдарлай алу ептілігіне үйретіп, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына ықпал ету. Жаңа білімдерді дамыту мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерді жүзеге асыруда білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Өз ойларын, пікірлерін жазбаша және ауызша түрде жеткізе білу, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білу. Ғылыми мәселелерді шешуде мақсат қоя білу және оларды шешу әдістерін таңдай білу дағдылары мен білімдерін қалыптастыру.

 

Е- оқу дағдылары:- Саяси құбылыстарды өз бетінше талдай алу дағдыларына үйрету;

- Статистикалық мәліметтерді, құжаттарды сауатты өңдеп, талдап, жүйеге келтіру дағдыларын үйрену: ғылыми және оқу әдебиеттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын меңгерту. Саяси мәселелерге байланысты пікірталасқа қатысып, өз ойларын ауызша және жазбаша жеткізе алу қабілеттерін қалыптастыру.

 

2. Университеттің барлық мамандығының 1, 2 курс студенттеріне 2013-2014 оқу жылының

1-4 семестріне арналған М1 Әлеуметтік-гуманитарлық модулінің