Лекция сабақтарының календарлық-тематикалық жоспары

ЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША

БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (силлабус)

 

Кафедра: Философия және әлеуметтік-саяси пәндер

Оқу жыл: 2012-2013

Несие саны: 2 несие

Пәннің коды:

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 1,2

Семестр: 1,2,3,4

Сағат саны: 90 сағат

Лекция: 15

Семинар сабақтары: 15

СӨЖП: 30

СӨЖ: 30

Емтихан: 3,4 семестр

 

ТАРАЗ-2012


Бағдарлама 2005 жылғы «Социология» пәні бойынша ҚР ҒБМ Мемлекеттік стандартқа сәйкес бекітілген типтік бағдарламасы негізінде жасалды.

Курс бағдарламасын құрған: Мыңбаева Мираш Бердалықызы, аға оқытушы.

 

 

«Философия және ӘСП » кафедрасының мәжілісінде талқыланды

 

«___01___»___қыркүйек___2012 ж. Хаттама №___1____

 

 

«Философия және СӘП» кафедрасының меңгерушісі _________________ Байтілен С.А.

 

 

«Тарих және география» факультетінің әдістемелік бөлімімен бекітілген

 

«___05___»___қыркүйек___2012 ж. Хаттама №___1____

 

 

Төрағасы___________________Махашова П.М.

 

 

Оқытушы жайлы мәлімет:

Мыңбаева Мираш Бердалықызы, аға оқытушы. Жүргізетін пәндер – социология.

Оқу әдістемелік құралдар: социология пәнінен әдістемелік нұсқаулар

Қатынау ақпараты: Философия және ӘСП кафедрасы, 1-корпус, 305 аудитория, мекен жайы Төле би көшесі, 62.

Кесте:аптасайын екі сабақ әрқайсысы 50 минуттан

Консультация сағаттары: консультация графигіне сәйкес

 


Алғы сөз

Әлеуметтану интегративті, пәнаралық ғылым болып табылады, оның ішінде жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың негізгі мазмұның құрайды. Сондай-ақ жаратылыстану ғылымының ішінде математика, демография, экономика және әлеуметтік статистика, инфарматика, бұлар қоғам өмірінің барлық қырын зерттеуге көмектеседі және әлеуметтануда өзіне тән бағыт қалыптастырады, бұлар социография, социомедицина, социобиология және т.б., әлуметтік ортадағы оқиғалар мен процестерді түсінуге және болжауға көмектеседі.

Курс мақсаты және міндеті

Курс мақсаты :Қоғамдағы болып жатқан және сізді қоршаған әлуеметтік құбылыс пен процестерді ұғынуға, сонымен қатар тереңдетілген теориалық білім алуға көмектеседі.

Курс міндеті :

1. Білімгерлерге пән бойынша ғылыми әдебиеттер мен негіздің әдістемесін игеруге көмектесу;

2. Талдау жүргізу тәсілдерін меңгеруге, социологиялық әртүрлі ғылыми концепциясын құруға көмектеседі;

3. Социологиялық білімді қоғам өмірінде пайдалану үшін үйрену мен бейімделуге көмектеселді;

 

Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар

Білімгерге қажет:

Таныс болуы- әлеуметтік ғылымның дану және пайда болу тарихымен, оның негізгі концепцияларымен және персоналияларымен

Білуі -әлеуметтану ғылымының ңегізгі проблемаларын, институттарының, мекемелерін, әлеуметтік қоғамдастықтарды, олардың даму және қызмет ету заңдылықтарын

Істей алуы -өзінің алған білімдерін тәжірибелі міндеттерді шешкен кезде қолдануы, әлеуметтік зерттеу бағдарламасын құрастыру, зерттеу кезіндегі алған мәлеметтерге талдау жасау және тәртіпке келтіру

4. Курс пререквизиті :Әлеуметтану курсын ЖОО-да оқу үшін міндетті пәндермен қатар, сіздің орта мектеп бағдарламасында ″Математика″,″Психология″, ″Қоғамтану″ пәндерін толық білуінізді талап етеді.

Курстың сипаттамасы

Курс 15 сағат лекция және 15 сағат семинар сабақтарынан тұрады. Олар әр тұрлі белсенді тұрде өтеді – дискуссия, ойындар, тренингтер, коллоквиумдар, әнгімелесулер т.б. сонымен қатар аудиториялық (БӨЖП) және аудиториядан тыс (БӨЖ) – білімгердің өзімдік жұмыстарынан.

БӨЖП рефераттық жұмыс ретінде жазылады және оны соңында қорғау қажет, рейтинг және басқада тапсырмаларды орындау қажет, білімгердің жеке консультациясы.

БӨЖ – практикалық сабақтарға дайындалу ұшін білімгер қала және университет кітәпханаларында дайындалу жұмысы. Және оқытушы берген тапсырмаларға дайындалу

Сабақта студентте жалпы дәптер болуы керек лекциядан бөлек, семинардан бөлек және үй жұмыстарына арналған дәптер болуы керек, сонымен қатар қаламсап қажет.

Курс мазмұны

Лекция сабақтарының календарлық-тематикалық жоспары

 

Күні Номер, модуль және лекция тақырыбының аттары Лекцияны өткізу түрі ОТҚ және танымдықты белсендендіру әдістері Білімгерде қалыптасатын білім мен іскерлік
1. 1 апта Әлеуметтану және қоғамды зерттеу. Әлеуметтану ғылым ретінде Күрделі лекция Көрнекті материал Әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуының басты этаптарың білу
2. 2,3 апта Әлеуметтік білімнің даму тарихы (шетелдік және отандық социология) Күрделі лекция Көрнекті материал Әлеуметтік білімнің негізгі этаптары, әлеуметтанушылар
3. 4 апта Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік Күрделі лекция Көрнекті материал Қоғамның әлеуметік- таптық құрылымын сипаттау
4. 5 апта Әлеуметтік өзгерістер Күрделі лекция Көрнекті материал. Эволюциялық және революциялық өзгерістер
5. 6 апта Әлеуметтік зерттеулер Күрделі лекция Көрнекті материал Әлеуметтік зерттеулердің түрлерін қарастыру, оның негізгі элементтерін көрсету
6. 7 апта Әлеуметтік зерттеудегі бағдарламасы Күрделі лекция Көрнекті материал. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын құрастыру
7. 8,9 апта Әлеуметтік зерттеудегі әдістеме, әдіс және техника Күрделі лекция Көрнекті материал Анкета құрастыру, сұхбат текстін құрастыру, әдіс түрлерін қарастыру
8. 10,11 апта Әлеуметтік зерттеуге талдау жасау Күрделі лекция Көрнекті материал Гистограмма, диаграмма, Х2 талдау, кумулятив құрастыру
9. 12 апта Қоғам: тұсініктемесі, құрылымы, типологиясы Күрделі лекция Көрнекті материал Қоғамның негізгі типтерін сипаттамалау, қоғамды зерттеу негізгі жолдары
10. 13 апта Әлеуметтік институттар Күрделі лекция Көрнекті материал. Қоғамдағы негізгі институттарды білу, олардың қызметі Қоғам дамуындағы әлеуметтік институтардың ролі
11. 14 апта Әлеуметтік өмірдегі тұлға субъект және объект ретінде Күрделі лекция Плакат Жеке тұлғаның түсініктемесін талдау
12. 15 апта Мәдениет және қоғам Күрделі лекция Көрнекті материал Субмәдениет, контрмәдениет сипаттамасын беру, олардың қоғамдағы негізгі мәдениетпен байланысы