Пәннің қысқаша сипаттамасы. Студенттерге арналған пән силлабусы

Студенттерге арналған пән силлабусы

1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы Заңгердің кәсіби этикасы Пәннің коды PrEYU-2213 Кредит саны Курс, семестр 2, 3
Мамандық атауы Заңтану Мамандық шифрі 5В030100 Кафедра Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу Факультет экономика және құқық
Оқу түрі іштей Оқыту тілі мемлекеттік
Кеңес беру уақыты – сабақ кестесі бойынша  
Рейтинг кестесі (7, 15 аптасы)  
Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы Рамазанова Айнур Серикхановна, доцент, з.ғ.к.   Байланысу ақпараты (жұмыс телефоны, ұялы телефон номірі, e-mail) 8(7232) 540-149, 87772981297, e-mail – aynura_9999@mail.ru
Оқытушының қолы   Кафедра меңгерушісі Сабитова А.А.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Курстың өзектілігі: «Заңгер кәсіби этикасы» пәні кәсіби салалық пәндердің бірі ретінде заңдардың жиынтығын ұсынады, арнайы қоғамдық топтарды бақылау, кәсіби қызметті атқару барысында әр түрлі заңгер мамандары – судьялар, адвокаттар, құқық қорғау органдары қызметкерлері, бизнес – заңгерлері және т.б. Олар әр түрлі заң мамандықтарының қатысушылары ретінде өз қызметін тек бақылаушы және реттеуші нормаларымен ғана емес, кәсіби этика нормаларымен де реттеледі. Ережеге сай бұл нормалар арнайы актілерде, локалды корпаративтік мінез танытушы ретінде, мысалы Сот этикасы кодексі, полиция қызметкерлерінің ар – намыс кодексі, кеден қызметкерлерінің ар – намыс кодексі және т. б.

Адамгершілік талаптары мен этикалық мінез құлық осы немесе өзге де заң мамандарына жүріс – тұрыс ережелері бекітіледі, осы талаптардағы іске асыру бағыттарын бұзған жағдайда жауапкершілік шаралары қолданады. Ережеге сәйкес заңгерлік қызметпен айналысатын тұлғаларға жариялық сипатта шығарылған міндетті түрде сақталатын негізгі этикалық талаптар, осы қызметті мүлтіксіз орындауды рұқсат ететін, мамандық және адамгершілік тұрғысынан бұл нормаларды шығару және қабылдау күрделі және тынымсыз процесс. Нәтижесінде бір жүйеге келтірілген тәртіп болуы тиіс, күрделі моральдық конгломераттар және құқық нормаларымен қойылуы тиіс. Солардың мазмұнына әр түрлі заңгерлік қызметтер мүлтіксіз әсер етеді.

Пәнді оқытудың мақсаты: Этика туралы білімді, сонымен қатар кәсіби білімді меңгеру тұлғаның адамгершілікті және кәсіби білімін жетілдірудің негізгі факторы болып табылады. Осыған байланысты студенттерге кәсіби заңгер этикасын теориялық меңгеру моральдық ой - өрісінің дамуына, сонымен қатар құқықты түсіну кәсіби заңгерлік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, осы пәнді меңгерудің мақсаты болып күндізгі оқу бөліміндегі студентердің білімдері мен философиялық және заң ғылымдар пәндерін өз бетінше меңгерудің тұрақты көрінісі болып табылады.

Пәнді оқытудың міндеті – студент этика мен моральдың негізгі түсінігі мен моральдың функциясын және маңызын; кәсіби заңгерлік қызметтің адамгершілік қағидаларын; пәнді оқу барысында негізгі категорияларын қолдану; жеке заңгер мамандығы қызметінің адамгершілік аспектілерін; адамгершілік спецификасын қызметте жүзеге асыруды білуі тиіс. Сонымен қатар «Заңгердің кәсіби этикасы» пәнін студентке үйретуде: құқықтық бақылау кезінде жағдайды адамгершілік тұрғысынан қорытындылап бағалауды: сот өндірісі қызметінің аспектілерін адамгершілік тұрғысынан қорытындылап бағалау; өзінің кәсіби мамандығында белсенділікті арттыру үшін моральдық реттеу әдісін қолдану, қорыта келгенде, өзінің кәсіби қызметін ұсынылған кәсіби этика талаптарына сай жүзеге асыруды үйрету.

3. Пәннің пререквизиттері - Бұл пәнді меңгеру үшін алдын ала меңгерілетін пәндер мемлекет және құқық теориясы, ҚР құқық қорғау органдары. Осы аталған пәндердің шеңберінде азаматтардың құқықтық ара қатынасы, моральдық және өзге де әлеуметтік реттеу, ҚР – ның жеке тұлғаларының конституциялық құқықтары мен міндеттері, құқық қорғау органдары жүйесінің лауазымды тұлғалары, сонымен қатар құқықты сотта қорғау негіздері, тұлғалардың бостандықтары мен құқықтық қызығушылықтары, адам және қоғам туралы сұрақтар қарастырылады.

4. Пәннің постреквизиттері -Кәсіби этика негізіндегі ғылыми – теориялық білімдер студентке заңгер қызметінің, кәсіби қызметінің негіздері мен заңгерге қойылатын талаптар, мемлекет тарапынан, қоғамдық сонымен қатар заңгерлердің кәсіби қауымдастығы туралы түсінік алуына рұқсат береді. Курс кәсіби қызметке дайындықтың алғашқы сатыларының бірі болып табылады.