Пәнді оқудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:

 

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ Білім (когнитивті) домені: Қолданады: кенеттен науқастанған адамдардың немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын бағалау немесе зардап шегушінің өміріне қауіпті және шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайларды анықтауда осы пәннен алған білімін; Дағдылар (психомоторлы) домені:. Дәлділік:зардап шегушілердің немесе кенеттен науқастанғандардың өмірін құтқаруда алғашқы медициналық көмек көрсетуді дәлдәкпен орындайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.  
Б2.1   ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР Білім (когнитивті) домені: Қолданады: науқаспен,оның туыстарымен және басқада медицина қызметкерлерімен барынша сенімді қарым-қатынас құру барысында этикалық принциптерді; Дағдылар (психомоторлы) домені:. Дәлділік:медициналық сұхбатты тиімді түрде бере алады; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: коммуника-циялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді.  
Б2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды:науқасқа немесе зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайда,шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайларды; Түсінеді: науқасқа немесе зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайлардажүйелер бойынша дамыған патологиялық процестердің негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдарын;клиникалық белгілердің айқындалу дәрежесін бағалауды; Қолданады: науқасқа немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын,жарақаттану түрін ерекшелігін бағалау,көрсетілетін жедел көмек түрін анықтап,соған сәйкес көмекті кезектілігімен орындау барысында білімін; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: анамнез жинау,физикалық тексеру (қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді,ЭКГ түсіру) және осы дағдылардың нәтежесінде диагноз қойып алғашқы көмек көрсетуді,ӨЖЖ-ді,жүрекке тікелей емес массаж жасауды,интубация жасауды,асқазанды жууды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үйлестіре отырып,дұрыс ұйымдастырады;  
Б2.3 (1)МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді Білім (когнитивті) домені: Қолданады: науқасқа немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын,жарақаттану түрін ерекшелігін бағалау,көрсетілетін жедел көмек түрін анықтап,соған сәйкес көмекті кезектілігімен орындау барысында білімін; Дағдылар (психомоторлы) домені:. Дәлділік: анамнез жинау,физикалық тексеру (қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді,ЭКГ түсіру) және осы дағдылардың нәтежесінде диагноз қойып алғашқы көмек көрсетуді,ӨЖЖ-ді,жүрекке тікелей емес массаж жасауды,интубация жасауды,асқазанды жууды,шина,таңғыштар салуды,қан тоқтату әдістерін дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үйлестіре отырып,дұрыс ұйымдастырады;

 

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

· науқастың (зардап шегуші) өміріне қауіпті және шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайлардың негізгі клиникалық белгілерін;

· зардап шегушілердің және кенеттен науқастанғандардың өмірін құтқаруда дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларының кезектілігін;· төтенше жағдайлар кезінде жұмыс жасауда дәрігер мен пациенттің негізгі қауіпсіздігін; Студент істей алуы тиіс: · кенеттен науқастанғанның немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын бағалау;· өмірге қауіп тудырушы жағдайларда жедел жәрдем көрсету;

· пациентпен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас туғызу;

· командамен жұмыс істеу.

· ЭКГ түсіру және талдау.

· «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беруді өткізу;

· жүректің жабық массажын жасау;

· коникотомия;

· жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау;

· гипертониялық кризді басу;

· шаншулар кезіндегі ауыру синдромын басу;

· бронхообструкция синдромын басу;

· талма кезінде жедел жәрдем көрсету;

· сыртқы қан кетуді тоқтату;

· асқазанды сүңгісіз жуу;

· жарақаттар кезінде аяқ-қолды иммобилизациялау;

· анафилактикалық шокты, Квинке ісінуін және есекжемді басу;

· гипогликемиялық жағдайды басу;

· жіті коронарлық синдром кезінде ауыру сезімін басу;

 

2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:

Реквизитке дейінгі:анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

Реквизиттен кейнгі:акушерия және гинекология, педиатрия, хирургия, травматология, жалпы дәрігерлік тәжірибе, интернатура.