білімін, білігін және дағдысын бағалау критерийлері

Әріптік жүйе бойынша баға Білімді бағалау критерийлері
А Жауап толығымен дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген. Пәннің негізгі терминдері мен күрделілігі жоғары оқу материалдарын саналы пайдаланады. Алған білімін шектес оқу пәндері бойынша алған білімімен біріктіре алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді түсіндіре алады, талдайды және дәлелді қорытынды шығара алады.
А- Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі әдебиеттерді терең меңгерген және бағдарламамен ұсынылған қосымша әдебиеттермен таныс. Шектес пәндер бойынша алған білімімен білімін байланыстыра алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе пәнге байланысты тағы басқа) дағдылары бар, тәжірибе нәтижесіне талдау жасай алады.
В+ Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті жетік біледі, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, сол немесе басқа үдерістердің рөлі мен маңызын сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап беруде өздігінен бір-екі елеусіз қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе пәнге байланысты тағы басқа) дағдылары бар және алынған тәжірибе нәтижесін талдап, ресімдей алады.
В Жауап толық. Студент бағдарламалық оқу материалын меңгерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті меңгерген. Пәндік терминологияны дұрыс қолданады, бірақ оқутышының жетелеуші сұрақтары кезінде түзететін білім мен әрекетте бірнеше елеусіз қате жібереді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе пәнге байланысты тағы басқа) дағдылары бар және оның барысын талдай алады
В- Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті түрде толық емес. Студент бағдарламалық бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті меңгерген, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, сол не басқа үдерістің негізгі даму механизмдерін атай алады, бірақ түсіндіруде қиындыққа тап болады. Жауап бергенде оқытушының көмегімен түзететін бірнеше елеусіз қате жібереді. Тәжірибе өткізу дағдылары (химиялық немесе пәнге байланысты басқа да)бар. Тәжірибе нәтижесін талдауда қиындыққа тап болады.
С+ Жауап толық емес, оқытушы жетелеуші сұрақтар қойғанда түзететін елеусіз қателіктері бар. Одан әрі оқуға қажетті көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиеттерді меңгерген. Пәндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді атайды, бірақ олардың негізгі маңыздылығын сенімді анықтай алмайды, нақты мысалдарда білімін еркін қолдануда қиындықтарға тап болады. Тәжірибе жасаудың негізгі дағдыларын меңгерген, бірақ оның нәтижелерін талдау мен ресімдеуде қиындықтарға тап болады.
С Пән бойынша білімі толық емес, оқытушы жетелеуші (қосымша) сұрақтар қойған кезде түзететін бірнеше елеусіз қатесі бар. Пәндік терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ сипатталатын құбылыстардың механизмдерін анықтауда қиындыққа тап болады. Тәжірибені (химиялық немесе пәнге байланысты басқа да) өткізудің негізгі дағдыларын меңгерген, бірақ оның барысы мен нәтижелеріне талдау жасай алмайды.
С- Жауап бағдарламалық оқу материалы бойынша білімнің жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Студент бір бөлігін оқытушының көмегімен түзететін елеулі қате жібереді. Пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ бірқатар терминдер мағынасын анықтауда қиындыққа тап болады. Құбылыстар механизмдерін, сипаттауда, формулаларды жазуда қате жібереді. Өз білімі мен шектес пәндер материалымен көп жағдайда біріктіре алмайды. Тәжірибе жасауға оқытушының немесе топ көшбасшысының жетекшілігімен белсенді қатыса алады, бірақ оның нәтижелерін жалпылай және талдай алмайды.
D+ Жауап толық емес, олқылықтар көп. Елеулі қателіктер бар. Студент тек жеке жағдайларда ғана пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ толық дұрыс емес. Негізгі құбылыстардың механизмін сипаттауда қиындыққа тап болады, олардың өзара байланысын белгілей алмайды, пәннің негізгі түсініктерінің анықтамасын дұрыс бере алмайды. Тәжірибе жасау дағдыларын нашар меңгерген
D Жауап студент оқытушының жетелеуші (қосымша) сұрақтар қойғанының өзінде түзете алмайтын көптеген елеулі қателерді құрайды. Студент терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдарды тұжырымдай алмайды, жіктелуін білмейді. Негізгі үдерістер мен механизмдердің маңызын түсінбейді, материалды жазбаша мазмұндай алмайды. Тәжірибе жасау дағдылары туралы біледі, бірақ тек жеке түрлерін ғана меңгерген.
F Студент жауап беруден бас тартады немесе оның жауабы оқу материалы бойынша білімінің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Студент бірде-бір есепті шеше алмайды, тәжірибеге қатыспайды, оны өткізудің ешбір дағдысын меңгермеген.