Талап және нәтиже

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АқӨМУ

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

 

Азақ филологиясы студенттеріне арналған

 

 

Ф.ғ.к., доцент Макешова Ж.М.

 

 

Ақтөбе, 2014

 

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен кафедраның доценті Ж.М.Макешованың құрастыруымен жасалды.

 

«Қазақ тілі теориясы және оқыту технологиясы» кафедрасының отырысында

« » _____________ _______ жылы № хаттама қаралды.

 

 

Кафедра меңгерушісі ________________ Садирова К.К.

 

 

Университеттің әдістемелік кеңесінде бекітілді.

«______»___________2014ж. № _____ хаттама

 

Әдістемелік кеңестің төрағасы _____________

 

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жұбанов атындағы АқӨМУ

 

 

«Бекітемін»

Оқу, оқу-әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректор

___________ Ботағариев Т.Ә.

«___» _______ 2014ж.

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

( СИЛЛАБУС)

 

 

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ пәні бойынша

Бакалавриат бағытына арналған

 

 

Ақтөбе, 2014

Кіріспе

 

Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау, зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ кәсіби сөз мәдениетіндегі өзекті мәселелер болып табылады.

Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілін оқытудың мақсаты: студенттердің кәсіби және қарым-қатынас құзіретін қалыптастыру; лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік–мәдени компетенциясын интегративтік негізде қалыптастыру.

ЖОО қазіргі студенттері – мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың ертеңгі басшылары немесе қызметкерлері. Сондықтан келешекте мекемедегі жұмыстарды жүргізетін, ұйымдастыратын қазіргі студенттер үшін іскери – кәсіби қазақ тілін меңгеру аса қажет болып табылады.

Курстың бастапқы сатысында студенттер сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу.

Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.

Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу, полилогке қатысу.

Курстың қысқаша мазмұны: 15 сағат дәріс, 15 сағат практикалық сабақ көлемінде 1 жартыжылдыққа арналған бағдарлама (аптасына 2 кредит сағат).

Белгілі бағдарлама көлемінде оқытылатын тілдің фонологиялық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық құзірет мазмұнына кіреді.

Студенттердің тіл нормаларын, тіл құралдарын білуі, дағдылануы және оларды сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде, мәтіндер мен өз ой-пікірлерін құрастыруда пайдалануы дискурстық компонентке жатады.

Студенттердің ұлттық тіл құбылыстарының ерекшеліктерін оқытылып отырған тіл құбылыстары мен сол елдерге тән ерекшеліктермен салыстыру әлеуметтік–мәдени компонентті құрайды.

Курс міндеттері сөйлеу әрекетінің: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу сияқты барлық түрлері дискурсты қабылдау мен тудыру (диалогтық қарым-қатынас), медиацияға (арнайы мәтіндерді аудару) байланысты талаптармен анықталады.

Пән бойынша қазақ тіліндегі тәжірибелік курс бағдарламасы төмендегідей тапсырмаларды қамтиды, яғни болашақ магистранттардың білім алуы мен іскерлік талабын қамтамасыз етеді:

- оқу ролінің негізінде сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін қазақ тілінде іске асыру;

- келешектегі кәсіптік қызметті жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнында, жоғары оқу орнынан кейінгі алған білімін және іскерлігін өз бетінше арттыру;

- тілді тұрмыстық, кәсіптік, іскерлік байланыс мақсатында пәнге берілген сағат бойынша лексика-грамматикалық, фонетикалық минимум (ең аз шама мөлшерінде) негізінде меңгеру және тұрмыстық, кәсіби және іскерлік қарым-қатынаста пайдалану.

Студент семестрдің соңында өзін таныстыруда, тұрғылықты орнын, айналасындағы адамдарды суреттеуде қолданатын белгілі фразалар мен ілікпе сөздерді күнделікті қарым-қатынас ситуацияларында пайдалана білуі керек және оқулықпен, анықтама материалымен, құжаттармен, мерзімді баспасөз, әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдылану керек.

Оқу:

1) оқу тәсілдерін меңгеру;

2) оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс-графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түпнұсқасын түсінуге тырысу;

3) таныса және зерттеп оқу элементтерін меңгеру;

4) анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.

Жазу:

1) графика мен орфографияны меңгеру;

2) диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білу.

Тыңдау:

1) оқытушы мен студенттің арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;

2) оқылған тақырып көлемінде қазақ тілінде айтылған сөйлемдерді түсіну.

Сөйлеу:

1) диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтің әр түрлі функцияларын меңгеру;

2) ілікпе фразаларды пайдаланып, әңгімені жалғастыра білу, ақпарат алуды, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бас тартуды, алғыс айтуды, кешірім сұрауды, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерлік құрылымдарды меңгеру;

3) монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);

4) басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестей) білу керек.

Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға жетуге көмек ретінде жоспарланған:

- қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырмасын орындау, құжаттарды толтыруда жазу дағдыларын, мәтінді сыни талдау дағдысын, критикалық оқу және жетілдіруге көмектеседі.

- дәрісханадағы ситуацияларды дамытуда қойылған сұрақтар және алынған жауаптар, талдау дағдысына, сыни оқу дағдысына, сөйлеу дағдысына және құжаттарды толтыруға;

- талдау кезінде қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін дамытуға, лексика-грамматикалық талдауға, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін жалғастыруға серіктесімен өзара талдауға;

- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Жұмыс түрлері және оларды орындаудың тізімі:

а) нақты оқу ситуациялары (Case study) – студенттерге көптеген ситуациялар ұсынылады, оларды дамытып, сұрақтарға жауап беріп, мәселеге байланысты көзқарасын білдіру және өзінің кейсін жазу;

б) жылдам оқу (Skim) – оқу бағдарламасына (Syllabus) байланысты берілген деректерді оқу;

в) тақырып бойынша шолу жасау (Review) – Интернет, ақпараттық қор және мерзімді баспасөз материалдарынан алынған қосымша деректер мен берілген тақырыпқа 1-2 бет қысқаша әдеби шолу жасау;

г) глоссарий (Glossary) жасау – кез келген тілдегі терминдер және түсініктемелердің қазақ тіліндегі аудармасы мен қысқаша түсіндірме тақырып бойынша орындалады;

д) таныстыру - өзін таныстыруда студент кез келген тақырыпты таңдауына болады және кез келген аспект бойынша өзінің түсінгенін немесе түсінбегенін білдіре алады. Таныстыру уақыты – 8-10 мин. Таныстыру бойынша бағаланады: қаншалықты тақырып ашылғаны, аудиторияның көңілінен шығуы студент мәселені қаншалықты кәсіби қарастыруы;

е) аударма сайма-сай, толық, логикалық байланысты, мағынасы бойынша барабар болуы керек.

Талап және нәтиже

Студент өз қызығушылығын жеткізе алу қажет. Барлық тапсырмалар берілген мерзімге дейін орындалуы тиіс.

Тақырыптарды талдап, қажетті сұрақтар қою, мәселелерге сын көзбен қарап, оларды шешу үшін сіз сабаққа жақсы дайындықпен келуге міндеттісіз. Сонымен қатар, курс бойынша өзара жұмыс істеуге, сіз өзіңіздің оқуыңызға жауапкершілік алуыңыз қажет.

Оқу уақытын бөлу

 

Семестр аптасы Барлығы
Дәрістік сабақ  
Практика лық сабақ                 Аралық бақылау                   Аралық бақылау    
  ОСӨЖ                                      
барлығы  

 

2. Пререквизиттер:тіл білімі салалары, Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, педагогика т.б пәндерді, мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсын игеруде септігін тигізетін қажетті пәндердің бірі болып табылады.

3. Постреквизиттер:бұл курстан алған білім негіздері қазақ тілін жеткілікті дәрежеде меңгеруге;

- мамандыққа қатысты термин сөздермен кеңінен танысуға;

- ресми іс қағаздары үлгілерін мемлекеттік тілде еш қиындықсыз толтыра білуге;

- мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдарды, әдеби шығармаларды,

заң, үкім, қаулыларды оқып, түсіне алуға мүмкіндік береді.

 

4. Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Қатысымдық мақсаты:Студенттер өз кәсібіндеқазақ тілін сөйлеу құралы ретінде меңгеруге үйрену тиіс; емін - еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет - дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Танымдық мақсаты: Мамандыққа сай білімді игеріп, дүниетанымдық ой - өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс.

Тәрбиелік мақсаты: Болашақ тіл маманының жалпы тұлғалық әдеби, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беріп, ана тілін құрметтеуге бағытталуы тиіс.

Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және істей білуі қажет:

- қазақ тілінде ойын жеткізе білуі керек;

- қазақ тілінің грамматикалық және фонетикалық жүйелерінің ерекшеліктерін білуі қажет;

- елтану материалдарымен, қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен таныс болуы керек;

-мамандығы бойынша терминологияны игеруі қажет.

АЛҒЫСӨЗ

Құрметті студент! Бұл силлабус Сіз үшін дайындалған Сол себепті бағдарламадағы барлық тармақтармен мұқият танысыңыз. «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша өзіңізге қажетті ақпаратты таба аласыз.

Пәнге жауапты оқытушы: ф.ғ.к., АӨМУ доценті Макешова Ж.

Офис: Қазақ тілі теориясы және оқыту технологиясы кафедрасы (410 каб.)

Толық мекен-жайы: Ақтөбеқаласы, Ағайында Жұбановтар көш., 263

Сабақ жүргізу уақыты: бекітілген кестеге сәйкес

Пән туралы мәлімет:

Атауы:Кәсіби қазақ тілі

Кредит саны2

Аптадағы сағат саны 3

Оқу жоспарынан көшірме:

 

Курс Семестр Квартал Кредит Лекция Практ. сабақ Барлығы Бақылау түрі
Ү семестр   емтихан

 

Пререквизиттер: тіл білімі салалары, Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, педагогика т.б пәндерді, мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсын игеруде септігін тигізетін қажетті пәндердің бірі болып табылады.

Постреквизиттер:бұл курстан алған білім негіздері қазақ тілін жеткілікті дәрежеде меңгеруге;

- мамандыққа қатысты термин сөздермен кеңінен танысуға;

- ресми іс қағаздары үлгілерін мемлекеттік тілде еш қиындықсыз толтыра білуге;

- мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдарды, әдеби шығармаларды,

заң, үкім, қаулыларды оқып, түсіне алуға мүмкіндік береді

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

* Қатысымдық мақсаты:студент болашақ мамандығына кәсіби қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

* Танымдық мақсаты: Мамандыққа сай білімді игеріп, дүниетанымдық ой-өрісін дамытуды кәсіби қазақ тілі деңгейінде меңгеруі тиіс.

* Тәрбиелік мақсаты: Тіл үйренушінің жалпы тұлғалық әдеби, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беріп, құрметтеуге бағытталуы тиіс.

Құзыреттілік:Кәсіби қазақ тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік, тілдік, ақпараттық, және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңыздылығы.

Коммуникативтік құзыреттілік:Студенттер сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін пайдалануы тиіс. Студенттер тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім бойынша қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы пәнінен алған мәліметтерді, теориялық білімдерді игеріп, алған білімдерін теорияда пайдалана отырып, түрлі пікірлерді саралай, өз пікірлерін дәлелдей алатындай, соны өзгеге үйрете алатындай дәрежеде болулары керек.

Ақпараттық құзыреттілік:Сөйлесім әрекеті арқылы игерілетін түрлі ақпараттар жүйелі және көптеген пікірлерден тұруы тиіс. Студент өзінің алған мол ақпараттары арқылы пікірін қалыптастыруы тиіс. Оларды жүйелі талдай алуы керек.