ОСӨЖ тақырыптары

 

1. Тілдің ұлттық әуезділігі және фонетикалық ережелер.

2. Сөз мағыналарының топтары мен типтері.

3. Грамматикалық категориялар семантикасы.

4. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар.

5. Тіл – ұлтты біріктіруші фактор.

6. Гендерлік лингвистиканың мәні.

7. Коммуникативтік лингвистиканың мәні.

8. Кәсіби қазақ тілі терминдерінің қалыптасуы.

 

Аралық бақылау тапсырмалары:

1-ші аралық бақылау:

Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт.

Кәсіби бағыт және фонетикалық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және интоннациялық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және морфонологиялық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және лексикалық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және грамматикалық заңдылықтар.

Қазақ тілінің артикуляциалық базасы және фонетикалық ережелер.

Сөз мағыналарының лексика семантикалық жүйесі.

Сөздердің морфологиялық құрамы.

Сөздердің синтагматикалық байланысу жолдары.

2-ші аралық бақылау:

Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар.

Тілдің ұлттық әуезділігі және фонетикалық ережелер.

Сөз мағыналарының топтары мен типтері.

Грамматикалық категориялар семантикасы.

Кәсіби бағыт және стилистикалық заңдылықтар.

Сөз мәдениеті заңдылықтарының кәсіби қазақ тілінде алатын орны.

Антропоөзекті лингвистиканың кәсіби қазақ тілінде алатын орны.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның психологиялық қырлары.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның педагогикалық қырлары.

Тілдің әлеуметтік мәні.

Гендерлік лингвистика және тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары.

Кәсіби қазақ тілінің терминдік қоры.

Коммуникативтік лингвистика және тілдік бірліктердің қатысымдық қызметі.

Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер.

Қорытынды бақылау:

- емтихан.

Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт.

Кәсіби бағыт және фонетикалық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және интоннациялық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және морфонологиялық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және лексикалық заңдылықтар.

Кәсіби бағыт және грамматикалық заңдылықтар.

Қазақ тілінің артикуляциалық базасы және фонетикалық ережелер.

Сөз мағыналарының лексика семантикалық жүйесі.

Сөздердің морфологиялық құрамы.

Сөздердің синтагматикалық байланысу жолдары.

Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар.

Тілдің ұлттық әуезділігі және фонетикалық ережелер.

Сөз мағыналарының топтары мен типтері.

Грамматикалық категориялар семантикасы.

Кәсіби бағыт және стилистикалық заңдылықтар.

Сөз мәдениеті заңдылықтарының кәсіби қазақ тілінде алатын орны.

Антропоөзекті лингвистиканың кәсіби қазақ тілінде алатын орны.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның психологиялық қырлары.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның педагогикалық қырлары.

Тілдің әлеуметтік мәні.

Гендерлік лингвистика және тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары.

Кәсіби қазақ тілінің терминдік қоры.

Коммуникативтік лингвистика және тілдік бірліктердің қатысымдық қызметі.

Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер.

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

 

«Бекітемін»

Оқу және оқу-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі проректор

_______________

«_____» _________ 2014 ж.

 

 

 

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

 

қазақ тілі мен әдебиеті

 

Жалпы орта білім негізіндегі күндізгі

 

 

 

Ақтөбе 2014

Алғысөз

Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілін оқытудың мақсаты: студенттердің кәсіби және қарым-қатынас құзіретін қалыптастыру; лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік–мәдени компетенциясын интегративтік негізде қалыптастыру.

Бұл пәннің негізгі мақсаты қазақ кәсіби сөз мәдениетін теориялық пән ретінде тілдік қана емес, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік және лингвомәдениеттік, этикалық, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін айқындау, сондай-ақ сөздің коммуникативтік сапаларын объективті түрде анықтаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру;

ЖОО қазіргі студенттері – мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың ертеңгі басшылары немесе қызметкерлері. Сондықтан келешекте мекемедегі жұмыстарды жүргізетін, ұйымдастыратын қазіргі студенттер үшін іскери – кәсіби қазақ тілін меңгеру аса қажет болып табылады.

Курстың бастапқы сатысында студенттер сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу.

Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.

Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу, полилогке қатысу.

Курстың қысқаша мазмұны: 15 сағат дәріс, 15 сағат практикалық сабақ көлемінде 1 жартыжылдыққа арналған бағдарлама (аптасына 2 кредит сағат).

Белгілі бағдарлама көлемінде оқытылатын тілдің фонологиялық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық құзірет мазмұнына кіреді.

Студенттердің тіл нормаларын, тіл құралдарын білуі, дағдылануы және оларды сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде, мәтіндер мен өз ой-пікірлерін құрастыруда пайдалануы дискурстық компонентке жатады.

Студенттердің ұлттық тіл құбылыстарының ерекшеліктерін оқытылып отырған тіл құбылыстары мен сол елдерге тән ерекшеліктермен салыстыру әлеуметтік–мәдени компонентті құрайды.

Курс міндеттері сөйлеу әрекетінің: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу сияқты барлық түрлері дискурсты қабылдау мен тудыру (диалогтық қарым-қатынас), медиацияға (арнайы мәтіндерді аудару) байланысты талаптармен анықталады.

Пән бойынша қазақ тіліндегі тәжірибелік курс бағдарламасы төмендегідей тапсырмаларды қамтиды, яғни болашақ магистранттардың білім алуы мен іскерлік талабын қамтамасыз етеді:

- оқу ролінің негізінде сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін қазақ тілінде іске асыру;

- келешектегі кәсіптік қызметті жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнында, жоғары оқу орнынан кейінгі алған білімін және іскерлігін өз бетінше арттыру;

- тілді тұрмыстық, кәсіптік, іскерлік байланыс мақсатында пәнге берілген сағат бойынша лексика-грамматикалық, фонетикалық минимум (ең аз шама мөлшерінде) негізінде меңгеру және тұрмыстық, кәсіби және іскерлік қарым-қатынаста пайдалану.

Студент семестрдің соңында өзін таныстыруда, тұрғылықты орнын, айналасындағы адамдарды суреттеуде қолданатын белгілі фразалар мен ілікпе сөздерді күнделікті қарым-қатынас ситуацияларында пайдалана білуі керек және оқулықпен, анықтама материалымен, құжаттармен, мерзімді баспасөз, әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдылану керек.

Оқу:

1) оқу тәсілдерін меңгеру;

2) оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс-графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түпнұсқасын түсінуге тырысу;

3). Таныса және зерттеп оқу элементтерін меңгеру;

4). Анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.

Жазу:

1) Графика мен орфографияны меңгеру;

2) Диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білу.

Тыңдау:

1) Оқытушы мен студенттің арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;

2). Оқылған тақырып көлемінде қазақ тілінде айтылған сөйлемдерді түсіну.

Сөйлеу:

1) Диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтің әр түрлі функцияларын меңгеру;

2) Ілікпе фразаларды пайдаланып, әңгімені жалғастыра білу, ақпарат алуды, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бас тартуды, алғыс айтуды, кешірім сұрауды, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерлік құрылымдарды меңгеру;

3) Монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);

4) Басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестей) білу керек.

Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға жетуге көмек ретінде жоспарланған:

- қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырмасын орындау, құжаттарды толтыруда жазу дағдыларын, мәтінді сыни талдау дағдысын, критикалық оқу және жетілдіруге көмектеседі.

- дәрісханадағы ситуацияларды дамытуда қойылған сұрақтар және алынған жауаптар, талдау дағдысына, сыни оқу дағдысына, сөйлеу дағдысына және құжаттарды толтыруға;

- талдау кезінде қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін дамытуға, лексика-грамматикалық талдауға, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін жалғастыруға серіктесімен өзара талдауға;

- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Жұмыс түрлері және оларды орындаудың тізімі:

а) нақты оқу ситуациялары (Case study) – студенттерге көптеген ситуациялар ұсынылады, оларды дамытып, сұрақтарға жауап беріп, мәселеге байланысты көзқарасын білдіру және өзінің кейсін жазу;

б) жылдам оқу (Skim) – оқу бағдарламасына (Syllabus) байланысты берілген деректерді оқу;

в) тақырып бойынша шолу жасау (Review) – Интернет, ақпараттық қор және мерзімді баспасөз материалдарынан алынған қосымша деректер мен берілген тақырыпқа 1-2 бет қысқаша әдеби шолу жасау;

г) глоссарий (Glossary) жасау – кез келген тілдегі терминдер және түсініктемелердің қазақ тіліндегі аудармасы мен қысқаша түсіндірме тақырып бойынша орындалады;

д) таныстыру - өзін таныстыруда студент кез келген тақырыпты таңдауына болады және кез келген аспект бойынша өзінің түсінгенін немесе түсінбегенін білдіре алады. Таныстыру уақыты – 8-10 мин. Таныстыру бойынша бағаланады: қаншалықты тақырып ашылғаны, аудиторияның көңілінен шығуы студент мәселені қаншалықты кәсіби қарастыруы;

е) аударма сайма-сай, толық, логикалық байланысты, мағынасы бойынша барабар болуы керек.