Бірінші модуль. Модульдің атауы 1 страница

«Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт»

1.1. Кәсіби бағыт және фонетикалық заңдылықтар.

Жоспары:

1. Қазақ тіліне тән дыбыстар, олардың жазылуы.

2. Үндестік заңына тән ережелер.

Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos - есті

Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:

1)Дыбыс ырғағы.

2)Дыбыс күші.

3)Дыбыс әуені.

4)Дыбыстың созыңқылығы.

Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан, 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.

Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.

Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).

2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).

3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.

4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).

Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

Дауысты дыбыстар кестесеі
Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысына қарай Тілдің қатысына қарай
Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, Ү А, Ә, Ы, І, (Э) А, Ә, О, Ө, Е Ы, І, (И), У, Ұ, Ү А, О, (У), Ұ, (И) Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)

 

Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.

Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)

Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар.Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у), һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.

Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц; в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ

 

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық. Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі – конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды. Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады. Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.

Сөздік

Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы

Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы

Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім

Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин

Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин

Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім

Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы

Лингвистика – тіл туралы ғылым

Лингвист – тіл маманы

Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім

Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі

Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім

Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин

Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин

Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала

Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім

Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Семиотика – таңбалар жүйесі

Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді

Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі

Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала

Синхрония – гректің бір кездегі

Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі

Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы

Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс

Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім

Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы

1.2. Кәсіби бағыт және интоннациялық заңдылықтар.

Жоспары:

1. Интонема және оның сөйлемдерді ажыратудағы қызметі

2. Қазақ тілінің интоннациялық заңдылықтары

 

Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық

Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б

Буынға тән негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. 2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді. Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:

Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.

Буынның түрлері

Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға бітетін буын ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла...

Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. М-ы: ат, ақ, ін...

Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы: жоқ, зор, бұлт..

Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады.

1.Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді немесе динамикалық екпін деп аталады.Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады.(славян,герман,түркі т.б.тілдерге тән)

2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді.Екпінің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады (қытай,корей,жапон,литва).

3.Квантитативті екпін (количество).Басқа буынның ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстыларды

1. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.

Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы: Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады - деген сөйлемнің мелодикалық кестесі мынадай болады:

 

Жауын

 
 


 

Түні бойы

Сіркіреп жауған

Басылмады.

2) Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы;3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді; 4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай «көңілді», «ойнақы», «қайғылы» немесе «қорқынышты» секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.

Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.

1.3. Кәсіби бағыт және морфонологиялық заңдылықтар.

Жоспары:

1. Үнем принципі

2. Морфонологиялық дыбыс алмасу

Морфонология – морфеманың фонологиялық құрылымын және фонеманың морфологиялық қызметін зерттейтін тіл білімі саласы. Морфонологияның зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар (сеп-сеуіп) мен дыбысталудың түрлі нұсқалары (мұнда-бұнда) танылады. Зерттеушілер морфонологияны фонетика мен морфологияны жалғастырушы буын ретінде қарастырады кейде морфологияның бір саласы деп таниды. Қазақ тіл білімінде морфема жігінде болатын дыбыстық өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы, апакопа, гаплология құбылыстары морфонологияға жатады. Мысалы, ағайын, әкел, әпер, қарлығаш, бүгін, былтыр, сәресі, сексен. Дыбыстық алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың барлығы тек фонетикалық тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс өзгерістері морфемалар жігінде пайда болып, Морфонологияның зерттеу нысаны болады. Морфонология тар және кең мағынада қолданылады: алғашқы мағынасында бір морфема морфтар құрамындағы фонемалардың алмасуын зерттейді. Кең мағынасында:

· морфемалардың дыбыстық құрамын, оларды ажыратуды;

· сөзжасамда морфемалар жүйесін қарастырады.

Ықшамдалудың барлық түрі морфонологиялық құбылысқа жатады. Өйткені олар сөйлеу дәстүрінің қалыптасуына байланысты ықшамдалып, сөздің бұрынғы толық қалпымен жарыса айтылады. Бұған дауысты дыбыстардың редукциясы (орын орны, ауыз - аузы, жеңеше -жеңше), дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы (недәуір - едәуір, жубану - жуану, суғару - суару, бірдеңке бірдеңе, барғансын - барғасын), апокопа (ерсілі-қарсылы - ерсіл-қарсыл, келеді - келед, барамын - барам), гаплология (әнәугүгүні - әнәугүні, Мәмедәлі - Мәдәлі, Мәметжан - Мәтжан) жатады.

Бір морфема құрамында алмасып отыратын фонемалар морфонема деп аталады. Морфонологияның қалыптасуына И.А. Бодуэн де Куртене (19 ғасырда), Н.В. Крушевский, Н.С. Трубецкой, А.А. Реформатский, Е.Курилович, т.б. ғалымдар үлес қосты. Қазақ тіліндегі Морфонологияны А.Байтұрсынұлы, А.Қалыбаева, Х.Кәрімов, А.Айғабыловтар зерттеді. Дыбыстық ықпалдасудың барысында пайда болған варианттар.

Қазақ тілінде варианттардың кейбір типі дыбыстардың ықпалдасуымен байланысты бұны/мұны, мұнда/бұнда, бұрнағы күні / мұрнағы күні, бағана/мана, бағанағы /мағанағы, сүйінші/шүйінші, қысқаш/қышқаш т.б.

Сөйлеу тілінде еріндік ұяң [б]-ның еріндік мұрын жолды үнді [н]-ға алмасуы екінші буындағы мұрын жолды [н] үнді дауыссыздың әсері екені байқалады. Байырғы кезде дыбыстардың бұл типтегі ықпалдасуы едәуір сөзді қамтығаны байқалады: [бұрұн] > [мұрұн] мұрын; [бойұн] > [мойұн] мойын т.б. Егер бір кездердегі дыбыс өзгерістеріндегі үрдісті ескерсек, онда мұны (бұны емес), мұнда (бұнда емес), мұрнағы күні (бұрнағы емес) манағы (бағанағы емес) тәрізді нұсқаларға артықшылық беріп, оларды басым деп тануға негіз болады.

Ал сүйінші, қысқаш тәрізді сөздердің шүйінші, қышқаш болуы ызың [с] дауыссызының соңғы буындағы ызың [ш] дауыссызымен ықпалдасып салдыр жағынан игерілуі [сүйүншү] > [шүйүнші], [қысқаш] > [қышқаш]. Бірақ бұл жерде басым вариант сүйінші, қысқаш деп танылады, өйткені сөзге сүйін=, қыс= морфемалары негіз болып тұр.

2. Ықшамдалу үрдісімен байланысты варианттар.

Тіл – өзін-өзі реттеп отыратын жүйе. Тілдің эволюциялық дамуында екі үрдіс қатарласа жүретіні мәлім: біріншісі ой-сананың күрделенуі тәрізді факторлармен байланысты тілдік бірліктердің күрделену үрдісі болса, екіншісі – ықшамдалу үрдісі. Ықшамдылық, жинақтылық тілдің қызмет етуіне қолайлы. Сондықтан аса күрделі элементтер шектен тыс көбейіп кетуіне ықшамдалу үрдісі, жол бермейді. Тіл қолданысында едәуір варианттардың пайда болуы күрделі бірліктердің ықшамдалу үрдісімен байланысты деуге болады. Тілдік нормаларда босаң аймақтардың пайда болуы тілдегі ықшамдалу құбылысының нәтижесі.

Қазіргі қазақ тілінде бір-бірімен тайталас қолданылатын жарыспа варианттардың бір сыңары ықшамдау үрдісіне сәйкес келеді. “Қысқа” варианттардың мазмұнмежесі өзгермейді де, тұрпатмежесі құрылымдық жақтан ықшамдалады. Мазмұнға зиян келмейтін жағдайда құрылымы ықшам варианттарға артықшылық беру нормаларды кодификациялаудағы негізгі принциптердің бірі болуға тиіс. Сондай-ақ сөз жұмсау дағдысында “мазмұнға зияны тимейтін” мына тәрізді ықшам нұсқаларға жіп тағу жарыспа нұсқалардың нормалану барысын жеделдете түсер еді.

Берігірек – берірек, берігіректе – беріректе, турасында – туралы; мынандай – мынадай, шындығында – шынында; тіптен – тіпті; бекерге (барды) – бекер (барды); кейіннен (білді) – кейін (білді), әуелден – әуелде; бермен (кел) – бері (кел), әрмен (кет) – әрі (кет); мұрсатана – мұрсат – мұрша; баратындығын (айтты) – баратынын (айтты); барғаннан соң – барған соң; әдейін – әдейі; шынтуайтында, шындығында – шынында; сындайын – сынайын (бағымды сынайын), үйдейін –үйдей, мандырымды – мандымды, мандыртпады – мандытпады, мандырымсыз – мандымсыз; аласылы – аласы; көресілі – көресі; әлденендей – әлденедей; әлгінде – әлгіде.

1.4. Кәсіби бағыт және лексикалық заңдылықтар.

Жоспары:

3. Лексика-семантикалық жүйе

4. Сөздердің лексика-семантикалық топтары

Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалық құрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп қарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық системадаѓы алатын орнын, шығу төркіне қолдану қабілеттігін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология.