Мәтінді оқып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

Зарядтың сақталу заңы – кез келген тұйық жүйенің (электрлік оқшауланған) электр зарядтарының алгебралық қосындысының өзгермейтіндігі (сол жүйе ішінде қандай да бір процестер жүрсе де) туралы табиғаттың іргелі дәл заңдарының бірі. Ол 18 ғ-да дәлелденген. Теріс электр зарядын тасушы электронның және электр зарядының шамасы электрон зарядына тең оң электр зарядты протонның ашылуы, электр зарядтарының өздігінше емес, бөлшектермен байланыста өмір сүретіндігін дәлелдеді (заряд бөлшектердің ішкі қасиеті болып саналады). Кейінірек электр заряды шамасы жөнінен электрон зарядына тең оң не теріс зарядты элементар бөлшектер ашылды. Сонымен, электр заряды дискретті: кез келген дененің заряды элементар электр зарядына еселі болып келеді. Әрбір бөлшектің өзіне тән белгілі бір электр заряды болатындықтан, бөлшектердің бір-біріне түрлену процесі болмаған жағдайда, зарядтың сақталу заңын бөлшектер саны сақталуының салдары ретінде қарастыруға болады. Мысалы, макроскопиялық дене зарядталған кезде зарядты бөлшектер саны өзгермейді, тек зарядтардың кеңістікте қайтадан тарала орналасуы өзгереді: зарядтар бір денеден басқа бір денеге ауысады. Бөлшектерге бір-біріне түрлену процесі тән – элементар бөлшектер физикасында бір бөлшек жоғалады, бір бөлшек жаңадан пайда болады. Бұл жағдайда да зарядтың сақталу заңы қатаң сақталады, яғни бөлшектердің өзара әсерлесуі және түрленуі кезінде қосынды заряд өзгермейді. “Жаңа” зарядты бөлшектің пайда болуы не сондай заряды бар “ескі” бөлшектің жоғалуымен, не заряды оған қарама-қарсы зарядтар жұбының пайда болуымен (мысалы, бөлшек-антибөлшек жұбының пайда болу процесі) бір мезгілде өтеді. Оның үстіне, мұндай түрленулер кезінде зарядтың сақталу заңынан басқа да сақталу заңдары (энергияның сақталу заңы, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы, т.б.) орындалады.

2. Зарядтың сақталу заңы дегеніміз-

А) кез келген тұйық жүйенің электр зарядтарының алгебралық қосындысының өзгермейтіндігі

В) кез келген тұйық жүйенің электр зарядтарының алгебралық қосындысының өзгеруін айтамыз

С) кез келген тұйық жүйенің электр зарядтарының алгебралық айырымының өзгермейтіндігі

Д) кез келген тұйық жүйенің электр зарядтарының алгебралық айырымының өзгеруін айтамыз

2) Аттас зарядтар бірін-бірі ......., ал әр аттас зарядтар бірін-бірі ........

А) тартады, тебеді

В) тебеді, тартады

С) тартады

Д) тебеді

3) Трек сөздеріне анықтама беру

4) Тақырыпқа байланысты трек сөздерін жазып беру

5) Мәтінді оқып, түсінгенін айту

 

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу– Дене козғалғанда оның жылдамдығы тұрақты болуы немесе өзгеріп отыруы мүмкін. Дененің жылдамдығы тұрақты болса, ондай қозғалыс ты бірқалыпты қозғалыс деп атайды. Ал дененің жылдамдығы өзгеріп отырса, ондай қозғалысты айнымалы қозғалыс дейді. Айнымалы қозғалыстың қарапайым түріне теңайнымалы қозғалыс жатады. Теңайнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралықтарында бірдей шамага өзгеріп отыратын қозғалысты айтады.Теңайнымалы қозғалыстардың қарапайым түрлеріне теңүдемелі және теңбаяулайтын қозғалыстар жатады. Теңүдемелі қозғалыс кезінде жылдамдық бірқалыпты артады. Теңбаяулайтын козғалыстың жылдамдығы әрбір уақыт бірлігінде бірдей шамаға кеміп отырады. Бірінші секундтың аяғында дененің жылдамдығы Зм/с, екінші секундтың аяғында 6 м/с, үшінші секунд тың аяғында 9 м/с болсын, яғни жылдамдық әр секунд сайын тең шамаға артып отыр. Мұндай қозғалыс теңүдемелі қозғалыс болады. Ал, керісінше, бірінші секундтың соңында дененің жылдамдығы 9 м/с, екінші секундтың соңында 6 м/с, үшінші секундтың соңында 3 м/с болса, ондай қозғалыс теңбаяулайтын қозғалыс болады. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттау үшін удеу деп аталатын шама енгізіледі. Үдеу — жылдамдықтың өзгеру шапшандығым сипаттайтын шама; ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болган уақыт аралығына қатынасын береді.

1. жылдамдықтың өзгеру шапшандығым сипаттайтын шама; ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болган уақыт аралығына қатынасын береді.

А) жылдамдық

В) қозғалыс

С) түзу сызықты айнымалы қозғалыс

Д) үдеу

2) дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралықтарында бірдей шамага өзгеріп отыратын қозғалыстыайтады

А) жылдамдық

В) Теңайнымалы қозғалыс

С) қозғалыс

Д) үдеу

3) Трек сөздеріне анықтама беру

4) Тақырыпқа байланысты трек сөздерін жазып беру

5) Мәтінді оқып, түсінгенін айту

 

 

Физика және математика кафедрасының ортасында талқыланып, бекітілді

№ хаттама « » ________ 2014 жылы

Физика және математика кафедрасының меңгерушісі: А.А.Кульжумиева

Факультеттің ОӘК талқыланып бекітілді

№ хаттама « » ________2014 жылы Ж.С.Иксебаева

 

 

Кәсіби қазақ тілі

Нұсқа

1. Дене импульсінің өзгерісі

A) Күш импульсына тең.

B) Кинетикалық энергия өзгерісіне тең.

C) Потенциалдық энергия өзгерісіне тең.

D) Жұмысқа тең.

2. Темір шатырдың астына антенна орнатқан жағдайда

A) радиотолқындардың өтімділігі жоғары.

B) сигнал қосарланып кетеді.

C) темір шатыр сигналды күшейтеді.

D) темір шатыр радиотолқындарды өткізбейді.

3. Тұйық өткізгіш контурда токтың пайда болатын жағдайы

A) Контур ауданын қиып өтетін магнит индукциясы сызықтарының саны өзгергенде.

B) Контур магнит өрісінде тыныш тұрғанда.

C) Контурды электр өрісіне енгізгенде.

D) Магнит индукциясы векторының бағытын өзгерткенде.

4. Инерция заңын ашқан ғалым

A) Аристотель.

B) М.Ломоносов.

C) Гераклит.

D) Г.Галилей.

5. Электр өрісінде теріс зарядталған бөлшек орналасқан. Бөлшек өрісте қандай бағытта қозғалады?

A) Өріске перпендикуляр төмен қарай

B) Өріске қарсы горизонталь бағытта

C) Өріске перпендикуляр жоғары бағытта

D) Өрісте шеңбер бойымен

6. Атомның беретін толқын ұзындығының дара шығарылған жарық толқынының ұзындығынан айырмашылығы:

A) Тек қана жиілігінде.

B) Жиілігі мен фазасында.

C) Жиілігі, фазасы және поляризациясында.

D) Поляризациясында.

7. Радиоактивті элементтерді археологияда қолданудың мақсаты:

A) Құрылысын түсіндіру.

B) Заттардағы элементтерді анықтау.

C) Өте ертедегі нәрселердің жасын анықтау.

D) Нәрселердің беріктілігін анықтау.

8. Геометриялық оптиканың қолдану шегін айқындап беретін, оптикалық құралдар – телескоп пен микроскоптың мүмкіндік қабілітіне шек қоятын жарықтың қасиеті:

A) Дифракция.

B) Дисперсия.

C) Толық шағылу.

D) Интерференция.

9. Жіпке ілінген шарикті горизонталь жазықтықта айналдырғандағы центрге тартқыш күштің табиғатын аны?таңыз.

A) Шарик салмағы

B) Жерге тартқыш күш

C) Үйкеліс күші

D) Серпімділік күш

10. Контурдан өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығы арқылы анықталатын шама

A) Магниттік индукция.

B) Тұйық контурдағы индукцияның ЭҚК-і.

C) Контурдың индуктивтілігі.

D) Өздік индукцияның ЭҚК-і.

11. Фотолюминесценцияның мысалы бола алатын құбылыс:

A) Күннің сәуле шығаруы.

B) Қараңғыда ағаш шіріктерінің жарық шығаруы.

C) Теледидардың электронды-сәулелік түтігі экранының жарықталынуы.

D) Жол белгілерінің жарқырауық бояуларының жарық шығаруы.

12. Дене тұрақты жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғады. Тең әсерлі күш туралы дұрыс берілген тұжырым:

A) Нөлге тең емес.

B) Нөлге тең емес, бағыты бойынша тұрақты емес, модулі бойынша тұрақты.

C) Нөлге тең емес, модулі бойынша тұрақты емес, бағыты бойынша тұрақты.

D) Нөлге тең, немесе модулі және бағыты бойынша тұрақты.

13. Дененің импульсі немесе қозғалыс мөлшері дегеніміз

A) Денеге әсер ететін күштің жылдамдығына көбейтіндісі

B) Дене массасының жылдамдығына қатынасы

C) Денеге әсер ететін күштің массасына көбейтіндісі

D) Дене массасының жылдамдығына көбейтіндісі массасына қатынасы

1 4. Зарядталмаған конденсатордың электр сыйымдылығы бар ма?

A) Бар, себебі, сыйымдылық геометриялық өлшемдері мен диэлектриктің өтімділігіне байланысты

B) Жоқ, себебі сыйымдылық зарядқа тәуелді

C) Жоқ, себебі сыйымдылық потенциал айырмасына тәуелді

D) Сыйымдылықтың бар немесе жоқ болуы конденсатордың түріне байланысты

15. Телестанцияның әсер ету аймағы көкжиек жазықтығымен шектелу себебі

A) әдетте таратқыш қуаты онша үлкен болмайды.

B) әсер ету аймағын аттыру үшін таратушы антеннаны биіктету керек.

C) телевизиялық толқындар әр түрлі заттарда жақсы жұтылады.

D) телеорталықтар ультрақысқа толқында жұмыс жасайды. Бұл толқындар дифракцияланбайды.