Дауысты дыбыстардың алмасуы

Дауыссыз дыбыстардың алмасуы.

Дауысты дыбыстардың алмасуы.Дауысты дыбыстардың алмасу жайы қазақ тілінде, негізінен диалегтологтар тарапынан зерттеліп, әдеби тіл мен диалектизмдер арасында және диалектизмдердің өз ішінде кездесетін дыбыс сәйкестіктерін фонетикалық ерекшелік ретінде түсіндірді. Қазақ диалектологтері С.А. Аманжолов, Ж. Досқараев, Ш.Ш. Сарыбаев, А. Нұрмағамбетов, Ғ. Халиев, С.Омарбеков, Т.Айдаров, О. Нақысбеков, Н. Жүнісов еңбектерінде дауысты дыбыстардың алмасу жайы бірсыпыра сөз болады. Бұлардың ішінде дауысты дыбыстардың диалектизмдердегі алмасуын арнайы зерттеген Н. Жүнісов болатын. Ә. Қайдаров бір буынды түбір және негіздердің вариантын жасаудағы дауысты дыбыстар сәйкестігін зерттеп, а-ә,а-е,е-і,ы-і жұптарының жиі алмасып қолданылатынын әңгімеледі. Дауысты дыбыстардың алмасу жайын қарастыру барысында ашық дауыстылардың қысаңға алмасуы жиі байқалатынын көреміз. Мысалы, арқалы-арқылы, анда-анды, арбай-арбый, томпай-томпый т.б. Дауысты дыбыстардың алмасып қолданылуына жуан-жіңішке, ашық-қысаң, езулік-еріндік дыбыстардың сәйкестігіне қарай бөлуге болады.

Жуан – жіңішке дауыстылардың алмасуы: А-Ә: Ары-әрі, абиыр-әбүйір, абдыра–әбдіре, ажым-әжім. Кейде сөз ортасында ғ,п дыбыстары түсіріліп айтылғанда, олардың алды артындағы дауысты дыбыстар а болса, олар ә дыбысына айналады. Мысалы, бағасы –бәсі, мағына-мән, сағат-cәт. А-Е: сандалу-сенделу, дамыл-деміл, адырай-едірей, бадырай-бедірей, бекер-бекар. Ұ-Ү: ұшыр-үшір, үбір–шүбір, мұжы-мүжі. Бұл сөздердің қайсысы болса да жуаннан жіңішкеге алмасқаны байқалып тұр. Шұңғыл–шүңгіл. Мысалы: ауылда шұңғыл сай бар. Шүңгіл көз тура өзім сияқты. Түркологиядағы пікірге сүйенсек, негізінен алғаш сөздер жуан айтылған да, кейіннен жіңішке нұсқалары пайда болған. Бұл пікірді Д.Г.Киекбаев, А.М. Щербак, С. Омарбеков қолдайды. Бірқатар сөздерде Қарақалпақстанда тұратын қазақтар әдеби тілдегі а дыбысы орнына е дыбысын айтады. Қалегенін – қалағанын. Қалегенің осы болса алып кетің. Мақсет – мақсат, бикарга–бекерге.
А/Ы. Бұл алмасу Шу, Маңғыстау сөйленістерінде, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында тұратын қазақтар тілінде, Семей облысының кей аудандарында кездеседі. Дыбыл – дабыл, жуап – жауап, шатқыл – шатқал, аз-мыз – аз-маз.
О/Ұ. Бұл алмасу Шу, Арал, Маңғыстау сөйленістерінде кездеседі. Ұйран – ойран, сұрақы – сорақы, құтару – қотару, құрамсақ – қорамсақ, құрқақ – қорқақ, дұп – доп. Соншалықты сұрақы іске баруға бола ма екен.
Ұ/Ы. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы, ШҚ кей аудандары тұрғындарының тілінде кездеседі. Пышық – пұшық, жылын – жұлын, бықтыру – бұқтыру, шыбар – шұбар, ымыту - ұмыту. Төрт қыбыласы түгел.
Ө/Ү. Бұл алмасу батыс сөйленістеріне тән: үрлік – өрлік, үгей – өгей, күміскі – көмескі, бүлдірік – бөлтірік, төнеру – түнеру.

Ы/І. Тірнектеп-тырнақтап, пысқан-піскен, зәлім-залым, іләж-ылаж, т.б.

Дауыссыз дыбыстардың алмасуы.Дауыссыз дыбыстардың алмасу жайы қазақ тіл білімінде диалегтологтар қатарынан әдеби тіл мен жергілікті сөз арасындағы дыбыс сәйкестігі тілге тиек болып келді.

Б-П дауыссыздарының алмасуы. Бұл шұғыл дауыссыздардан тұратын жұптардың алмасып қолданылуы қазақ тілінде жиі кездеседі. Бұт, бұтақ, балуан, бесін, бенде, бәкі, болат, бал, бақыр сияқты сөздердің пұт, палуан, пәкі, полат сияқты варианттары бар. А.М. Щербак түркі тіліндегі б-п дыбыс алмасуына тоқталғанда алғаш сөз басында п дыбысы пайда болып, келе келе ұяңдану процесімен б болып айтылатын болған деп есептейді. Осыған ұқсас пікірлерді Н.З. Гаджиевадан, өзбек ғалымы Ф.А. Абдуллаевтан да оқуға болады.

П/Б-У дыбыстарының алмасуы. Еріндік п және б дыбыстарының, еріндік у дыбысымен алмасу жайы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, тек сөз ортасында морфемалар жігінде байқалады. Мысалы: дыбыс-дауыс, қабақ-қауақ, қапсыр-қаусыр, кепсен-кеусен т.б сөздерден байқауға болады. Б /П-М дыбыстарының алмасуына бағана-мана, бөлтек-мәлтек, бекем-мекем, бекіре-мекіре, бұны-мұны.

Керігу (диссимиляция) құбылысының морфонологиялық сипаты. Диссимиляция –ұқсамау, өзгешелену, ассимиляцияға қарама – комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Ассимиляциялық құбылыстардың бәрі бірдей морфонологиялық құбылысқа жатпайды. Ал диссимиляциялық құбылыстар түгел морфонологиялық дыбыс алмасуға жатуы тиіс. Қазақ тіліндегі диссимиляциялық құбылысқа К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» деген еңбегінде тоқталып кеткен. Ғалым қазақ тіліндегі ауылда молда деген сөздердің әуеллі ауыллар, молла болып айтыла келе қатар тұрған екі л дыбысының соңғысы д ға айналғанын, ауылды деген сөздің ауылны болып айтылу орнына н дыбысының д дыбысына айналғанын

диссимиляциялық құбылыс ретінде қарастырады. Қазақ тілінде сөз бен қосымша жігінде де диссимиляциялық құбылыстарды жиі байқауға болады. Бұл құбылыстар негізінен қосымшалардың өзі жалғанған сөзінің соңғы дыбысына қарай вариант вариантқа бөлінуінен аңғарылады.Л –д дыбыс алмасуы көне түркі тілінен келе жатқан келе жатқан жалпы түркілік қарастырылуы тиіс. Н-Д-Т дыбыстарынан басталатын қосымшалардың қолданылуы. Бұл қосымшаларға –ның, -нің,- дің,-тың,-тің ілік септігінің жалғаулары мен – ны,-ні,-ды,-ді табыс септігінің жалғауларын атауға болады. Бұл екі қосымша да алғашқы кезден н дыбысынан басталған. Н.К. Дмитриев башқұрт тіліндегі н –д алмасуына тоқталып, бұл жағдайдың л,м, н,ң және з дыбыстарынан кейін ілік , табыс септігінің жалғаулары жалғанатын кезінде іске асатынын айтқан болатын: қазан(дың), қазан(ның) т.б. Ал қазақ тілінде де ң-д дыбыс алмасулары осыған ұқсас, бірақ өзгешелікте жоқ емес. Қазақ тіліндегі аталған қосымшалардың басында келетін н дыбысын дға айналдыратын дыбыс саны көптеу.Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде бес дыбысты атаса (л,м,н,ң,з) қазақ тіліндегі осы дыбыстармен бірге р,у,й үнділерін де қосады.

Сөз құрамының ұлғаю амалдары.Қазақ тілінде ықшамдалу амалы мен ұлғаю амалы қатар жүреді. Ол амалдар жолы тіл білімінде белгілі болып, ұғым терминдері де қалыптасып үлгерген. Ықшамдалу мен ұлғаю амалдары бір біріне тең келетін симметрияны көрсететіндіктен қанша ықшамдалу амалы болса сонша ұлғаю амалдарын білдіретін антонимдес термин қалыптасқан. Олар мыналар:

Протеза– сөз басында келетін артық дыбыс. (ырахмет, ылайық, ырза, ірет, ыстақан)

Эпентеза – сөз ішінде қойылатын артық дыбыс. Эпентеза – сөз ішінде екі дауыссыз дыбыстың арасында дауысты дыбыстың қосылып айтылуы. Эпентеза белгілі бір тілде сол тілге бөгде дыбыс тіркесімді кірме сөздерді игеру, меңгеру барысында пайда болады. Эпантеза құбылысы негізінен қалыптаспаған, яғни әдеби тілден басқа тұрпайы сөздер, диалектілер, балалар тілі, т.б. сөйлеу тілінде кездеседі. Мысалы: Акт – Акыт, метр – метір, пленум – піленум, т.б.

Ертеректе тілімізге еніп, айтылуымен жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жеребий), кереует (кровать), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы. Ал бірқатар сөздер тек айтылуда ғана Эпантеза құбылысына ұшырайды (

Эпитеза – сөз соңында қойылатын артық дыбыс. (бүк-бүге, шік- шіге, лық-лықа, мүлде-мүлдем т. б.);

Селбеспелі дыбыстар.Селбеспелі дыбыстар - сөз соңына қойылып айтылатын дауысты және дауыссыз дыбыстар. Бұндай дыбыстар оұулықтар мен кейбір әдебиеттерде сөз боп жүрген банк банкі, киоск киоскі, ромб ромбы сияқты сөздерде жиі кездеседі. С.дыбыстардың тілімізде пайда болу жолына қарай бөлсек, үстемелеу принципі жиі жабық буынмен айту үрдістері қайталанды. 1)Үстемелеу принципі көбіне бір ғана жабық буында айтылатын бүк, шік, тік, нақ, тарс, лық, сияқты сөздерде дауысты дыбыс қосылып айтылып бүге, шіге, тіке, нақа, тарса, лықа түрінде айтылады. Сөз соңында кездесетін а,ы,і сияқты дыбыстардың сөзге қосар лексикалық немесе грамматикалық мағынасы болмағанымен кездейсоқ құбылыс емес сияқты. Оны мына жағдайдан аңғаруға болады «біріншіден дау\ы дыб. Қосылып айтылып жүрген сөздер экпрессивті эмоц\қ мағыналы сөздерден тұрады, оларға дауысты дыбыс қосылып айтылғанда экс.эмоц. мағына күшейіп, айтылғанда сөйлеушінің ойын артығымен ерекшелеп жеткізуге көмектеседі.Екіншіден, дау\ы дыб. Қосылып айтылған сөздер ішінде бір буынды сөздердің ішінде көбірек кездесуінде де білінер білінбес сыр жатқан сияқты. Тік, нақ, тарс, лық, жон т,б сөздерді сөйлеуші оны дағдылы айтылысынан өзгертіп созу арқылы ерекше естілу мүмкіндігін жасайды. Ал екі я оеае да көп буынды сөздерде д\ы дыб. Қосылып айту аз кездеспеуі бұл тәсілдің көтере бермейтінін көрсетеді.» 2) Жабық буынмен айтылу үрдісіне

байланысты сөз соңына қосылып айтылатын дау\з селбеспелі дыбыстардың көпшілігі (Б) АБ БА буын үлгісіндегі сөзге жалғанып Б АБ БАБ үлгісінде айтылады. Мыс. Мүлде мүлдем, майса майсақ, тақта тақтай, бәлкі бәлкім, қалқа қалқан т.б Бұл үлгі қос сөздерде де кездеседі. Бірте бірте, бертін бертін, алқа салқа, алқам салқам т.б.

Сөз құрылымының ықшамдалу амалы.Сөз құрылымының ықшамдалу жолы тек морфонологиялық құбылысқа жатады; Сөз басындағы ықшамдалу жолдары; Сөз ішіндегі түсіріліп айтылатын дыбыстар; Эллизия құбылысы; Прокопа құбылысы; Апокопа құбылсы Ықшамадалу амалдарына: прокопа – сөз басындағы дыбыстың түсірілуі.Элизия- сөз ішінде түсірілетін дыбыс. Элизия (лат. elіsіo – ысыру, ығыстыру) – сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа аяқталып, оған тіркесіп айтылатын сөздің, жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы дауысты болған жағдайда қатар тұрған бір дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде кейде алғашқысы, кейде соңғысы түсіріліп айтылады. Мыс., бара алмады – бар(а) алмады – баралмады, не үшін – не(ү)шін – нешүн. Дауыссыздардан тұратын қосымшалар (-қ, -к, -с, -п) дауысты дыбысқа аяқталған сөзге жалғанғанда Э. жолымен ықшамдалып жасалған. Мыс., тара+ақ – тара-қ, күре+ік – күре-к, т.б. Бірақ қатар келген барлық дауыстылар түсіріле беруі шарт емес. Бір ритмик. топтағы тіркестердің жігіндегі екі дауысты қатар сақталып та айтылады. Мыс., өте ақ, аса алыс, тұра ұмтылды дегенде өте, аса, тұра сөздерінің айтылуы дауыстылардың сақталуына себеп болады. Кейде сөз бен қосымша жігінде дауыстыларды сақтау үшін араларына дауыссыз қыстырма дыбыс қойып айтылады. Мыс., зырылда+ық – зырылдауық дегенде Э. бар да, зырылда+у+ық – зырылдауық дегенде у дауыссызы арқылы а және ы дыбыстары сақталып тұр. Апокопа – сөз соңындағы түсірілетін дыбыс. Апокопа (гр. ἡ ἀποκοπή - қысқарту) - сөздің кысқаруына әкеліп соқтыратын соңғы екпінсіз дауыстының түсіп қалуы (орыс. или - иль, чтобы - чтоб ). Сөздің акценттік-фонетик процесінің нәтижесінде соңғы бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалған түрі. Мұндай құбылыс батыс тілдерінде жиі кездеседі. Орыс тіліндегі чтобы-ның орнына чтоб деу де осыған жатады. Аз да болса, қазақ тілінде де Апокопа ұшырасады. Мысалы , жергілікті тілдік ерекшелік ретінде жұмсалатын бер кел (бері кел-дің орнына), керім (керемет-тің орнына) осының дәлелі.Қысқарту арқылы жаңа сөздердің жасалуы. Ғылым терминдер мен кәсіби лексикада, публицистикада мүның мысалдары мол кездеседі және олар көп жағдайда шет тілдер мен орыс тілінің әсерінен пайда болып жатады. Мысалы , метро (метрополитен-нің орнына), агроуниверситет (аграрлық университет-тің орнына), физгеография (физикалық география-ның орнына) т. с. с. Мұндай процесс апокоптану процесі деп аталады.

Дауысты дыбыс редукциясы. Д\ы дыб\ң түсіріліп айтылуына келгенде ең көп әрі жиі кездесетін құбылыс редукцияға байл. Болып келеді. Негізінде қазақ тіліндегі д\ы дыб. Редукциясы мына жағдайда жүзеге асады. 1)ьД\ы дыб. Редукциялануы үшін біріншіден сөз құрылымы үш буыннан кем болмауға тиіс, екіншіден, сөз құрылымында кемінде екі ашық буын қатар тұруы керек, Осы екі шарт бойында бар сөздерде ғана д\ы дыб. Редукцияланады. М. Мағына мағна, араба арба, жоғарығы жоғарғы т.б Д\з дыбысқа аяқталған сөзге д\ы дыбыстардан басталған қосымша жалғанғанда қатар тұратын ашық буынды сөздер п.б. М. Орын\ы о\ры\ны, ауыз\ы а\уы\зы, о\ры\ны ор\ны, а\уы\зы ау\зы т.б Д\з дыбысқа біткен сөзге д\ы дыбыстан басталған қосымша жалғану арқ. Сөздер де жасалады, сөзпішін де жасалады. М. Ойын\а ойна, бүйір\ек бүйрек, бұйыр\ық бұйрық дегенде сөз жасалып тұр. Д\з дыб.қа аяқталған сөзге д\ы дыб. Басталған сөздер тіркесіп бір бунақта айтылса да қатар тұрған ашық буындар п.б редукция құб. Жүзеге асады. Қайын аға\ қайнаға\, қайын ене\ қайнене\, барған еді\барғанды\. дауысты дыбыстардың редукциясы (орын орны, ауыз - аузы, жеңеше –жеңше) Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар редукциясы атты Қалиевтің 1984 жылы шыққан еңбегі бар.

Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде және сөз жапсарында түсіріліп айтылуы.Қазіргі қаз. тілінде сөз ішінде және сөз жапсарында түсетін дау\з дыбыстар мына жағдайда түсіріліп айтылады. 1)Д\ы дыб. Арасында келген к,қ, ғ,г,һ,л дыб. Түсіріліп, екі жағындағы дауыстының біреуі өзімен бірге ала кетеді, әрі жуан айтылып сөздер жіңішке буынға айналады. Нақыш \нәш\, махамбет\мәмбет\, егер\ер\, солай ет \сөйт\ т.б :нді р,ң,м, у дыб.ң кейін келген қ,к,ғ,г дыб. Түсіріліп айтылады. М. Уқала уала, жиіркен жирен, емгіз еміз, тамғыз тамыз т.б 2) Ал, болғ кел, қал, қыл, сал етіс.көсемш. ып, іп жұрнағы жалғанғанда л дыбысының түсуіне байл. Алып ап, болып боп, салып сап варианттары жасалады. Са, се шартты рай жұрнағы: алса аса, болса боса, келсе кесе т.б Мақ, мек есімше жұрнағы: алмақ амақ, болмақ бомақ, қылмақ қымақ т.б. Ған, ген, есімш, жұрнағы алған аған, келген кеген, салған саған, Л дыб. Түсуі, ол, бұл, сол есімд, көптік жалғауыжалғ. Да байқалады. М. Ол лар олар, сол лар солар. Бұйрық райдың үшінші жақ жіктік жалғауы

алсын асын, болсын босын, келсін кесін. Дегеминаңиы жолымен Махаббат махабат, ләззат ләзат, өшшер осы жер т.б Және адамдарды сыйлауда Жәке, Сәке,Мырзеке, Еркелету мәнде Сақыпжамал Сақып, Жұмабек Жұмаш т.б 1. Аферезис. Сөз басындағы кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы. Әзір-кәзір, қазір, үрмет-құрмет, әжет-қажет, айран қалу-қайран қалу т.б. Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстарының Түлкібас, Сайрам ауд. тұрғындарының тілінде, Шу бойы қазақтарының тіл-е, араб-парсы т-нен енген сөздерде кездеседі.
2. Эпентеза. Сөздерге дауыссыз дыбыс қосылып айтылуы. Шоршып-шошып, суғару-суару, құмған-құман, заһар-зәр, һардагер-ардагер, һәулет-әулет, һәл-әл. Оңтүстік облыстарда кездеседі.
3. Синкопа. Сөз ортасында кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы. Ұсармын-ұқсармын, уқалау-уалау, жантаспа-жақындаспа, бәсі-бағасы, боған-болған, уақия-уақиға, тақан-талқан, қамауы-қалмауы.
4. Метатеза – сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы, не буынның өзара алмасып келуі. Айлану-айналу, тәпкіш-тәптіш, екші-ешкі, дайра-дария, қапқыш балық-қақпыш балық, мәниға-мағына, әпке-әкпе, өпке-өкпе, сепкіл-секпіл, тексеру-тескеру, құрмысқа-құмырсқа.

Гаплология құбылысының морфонологиялық сипаты. Гаплология ( гр. gaplos - жай,logos – түсінік ) - диссимиляцияның әсерімен біркелкі буындардың біреуінің түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде гаплология құбылысы негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.

1.Қазіргі қазақ тілінде варианттас дегеннен гөрі жеке-жеке сөз ретінде қалыптасқан

Буылтық-бұлтық

Буалдыр-бұлдыр

Буырқан-бұрқан т.б сөздер бар. Бұлардың алғашқы жолынан крігу жолымен соңғылары пайда болғанын мағына жағынан да, құрылымы жағынан да көруге болады.

2. Соң шылауы шығыс септігіндегі сөзбен тіркесіп айтылады. Бірақ -ған, -ген пішінді есімшеден сөйлемнен кейін шығыс септігінің дыбысталуы да, дыбысталмауы да мүмкін:

Барғаннан соң- барған соң

Келгеннен соң – келген соң

3. көсемшенің-ып, -іп,-п, -а, -е, -й қосымшалы пішіндері жіктелгенде үшінші жақта жіктік жалғауы –ды, -ді, -ты, -ті болып келетіні белгілі . Бірақ көсемшенің осы жіктелген түріне сұраулық шылау тіркесіп айтылса –ды, -ді жалғауы түсіп қалады:

Бара(ды) ма?

келіп(ті) ме?

4.жедел өткен шақ пішінде «е» көмекші етістігі жекеше бірінші, екінші жақта ж/е бірінші жақ көптік пішінде -ді жұрнағы түсіп:

Едім- ем

Едің –ең

Едік-ек

5.Әбділда, Әбдісаттар,Әбдіжаппар, Әбдісалам сияқты кісі есімдеріндегі тұлғасы түсіп Әбілда, Әпсаттар, Әпжаппар болып айтылады.

6.Сондай-ақ

Әзіз-әз

Менен-мен

Кешкітұрым- кештұрым

Түнеугігүні-түнеугүні т.б болып келеді.

Сөз соңында кейде дауыссыз дыбыс та, дауысты дыбыста қосарлана түсетін кездері болады. 1.Дауысты дыбыстардың түсірілуі қатарласа келген ашық буындарды жабық буындармен айту үрдісіне сәкес келеді. Мысалы: БА+БА+БА буын үлгісіндегі сөз жалғасады. Бағана-баған, барады-барат, келеді-келет т.б.

2. Дауыссыз дыбыстардың ішінде сөз соңында қ,к дыбыстары көбірек түседі: Мысалы: ұлық-ұлы, толық-толы, тыныштық-тыншы, өршік-өрші, кішік-кіші, мәңгілік- мәңгілі т.б.

3. Сөз соңында дауысты және дауыссыз дыбыстардың түсірілуі –мын, -мін, жіктік жалғауының көсемшенің –а, -е, жұрнағанан және есімшенің –ған, - ген, жұрнағынан кейін барамын (барам-ын)- барам, көремін (көрем-ін) көрем, т.б. айтылуы кең тараған. Ал шартты рай етістік пен нақтылы (жедел) өткен шақ етістіктер жіктелгенде жіктік жалғауы (-мын, -мін) тек қана түрінде жалғанып, толық түрі тіпті кездеспейді. Мәселен: бара-м, келе-м, көре-м т.б.