Жылдар, айлар, ай күндері

§479. Ертедегі римдік күнтізбе бойынша жыл он айдан тұрған, сонымен қатар бірінші ай болып наурыз есептелген. Б.з.д. VII-VI ғасырлар аралығында Этрурияда қаңтар мен ақпан айлары желтоқсаннан кейін болған және 12 айдан тұрған күнтізбе қолданылды. Римдік күнтізбедегі айлардың атаулары (сын есім-анықтауыш mensis-месяц) мынындай болды:

mensis Martius наурыз (март – Марс құдайдың құрметіне)

m. Aprilis сәуір (апрель)

m. Maius мамыр (май)

m. Junius маусым (июнь – Юнона құдайдың құрметіне)

Келесі алты ай атауларымен өздерінің жылдың басынан санағанда нешінші екенін көрсетіп тұрды:

m. Quintilis, кейіннен Julius (бесінші; б.з.д. 44 жылдан бастап – июль, Юлий Цезарьдің құрметіне

m. Sextilis, кейін Augustus (алтыншы; б.з. 8 жылдан бастап – август, рим императоры Августаның құрметіне

m. September қыркүйек (сеньтябрь – жетінші)

m. October қазан (октябрь – сегізінші)

m. November қараша (ноябрь – тоғызыншы)

m. December желтоқсан (декабрь – оныншы)

Содан кейін:

m. Januarius қаңтар (январь – Янус құдайдың атына)

m. Februarius ақпан (февраль – тазартылған ай, februare – тазарту, жыл соңында құрбандық шалу).

§480. Б.з.д. 46 жылы Юлий Цезарь египет астрономы Сосигеннің кеңесімен Египетте болған үлгі бойынша күнтізбенің түпкілікті реформасын жүргізді. Қазірге дейін сақталып қалған бірқалыпсыз айлар ұзақтығымен төрт жылдық күн айналымы (365 + 365 + 365 + 366 = 1461 күн) құрастырылды: 30 күн (сәуір, маусым, қыркүйек, қараша) және 31 күн (қаңтар, наурыз мамыр, шілде, тамыз, қазан, желтоқсан), ақпанда 3 жыл бойы 28 күн және төртінші жылы 29 күн. Цезарь жылдың басын осы күні консулдар жұмысына кірісіп, римдік шаруашылық жылы басталатын болғандықтан бірінші қарашаға қойған.

§481. Римдіктердің айларды санмен белгілеу ондағы алғашқы ай фазасының өзгеруімен байланыстырылған үш басты күндерді ерекшелеуге сүйенді:

1) Әр айдың бірінші күні – календалар, Kalendae немесе Calendae (қысқ. Kal., Cal.); бастақыда айдың тууының бірінші күні (calare шақыру етістігінен шыққан, осы кезекте айдың тууы туралы хабарлау үшін).

2) Айдың 13-і немесе 15-і күні – идалар, Idus (қысқ. Id.); бастапқыда толық айда айдың ортасы, айдың толуы (римдік ғалым Варронның айтуы бойынша эторыстың iduare бөлу деген сөзінен шыққан).

3) Айдың 5-і немесе 7-і күні – ноналар, Nonae (қысқ. Non.), айдың бірінші тоқсанының күні (nonus, a, um тоғызыншы реттік сан есімінен шыққан, нон күнін қоса санағанда идалардың алдындағы 9-шы күн).

Наурызда, мамырда, шілдеде, қазанда идалар 15-іне, ноналар 7-ісіне келген, ал басқа айларда – идалар 13-іне, ноналар 5-іне келген. Тарихта белгілілері, мысалы, наурыздағы идалар – б.з.д. 44 жылғы 15 наурыз – Юлий Цезарьдің өлген күні: Idus Martiae.

Бұл күндердің атаулары (календалар, ноналар, идалар) ablatives temporis-те күнді белгілеуде қойылды: Idibus Martiis наурыз идаларында, Kalendis Januariis қаңтар календаларында, яғни 1 қаңтарда.

Календалардың, ноналардың, идалардың алдындағы күндер табыс септігімен pridie – қарсаңында сөзімен белгіленген: pridie Idus Decembres желтоқсан идасының қарсаңында, яғни 12 желтоқсан.

Қалған күндер алдағы негізгі күнге қанша күн қалғандығымен белгіленді; сонымен қоса санаққа белгіленіп отырған және жақын арадағы негізгі күн кірді. Мысалы, 24 тамызды латынша белгілеу керек делік, Тамыщдық идалар (13 тамыз) өтіп кетті, келесі негізгі күн – қыркүйектегі календалар, яғни 1 қыркүйек. Санаймыз: 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 тамыз, 1 қыркүйек – сонда 9 күн шығады. Осыдан, 24 тамыз былай деп белгіленеді: ante diem nonum Kalendas Septembres қыркүйектің календаларына 9 күн қалды; әдетте қысқартылып a. d. IX Kal. Sept. деп жазылды.

Ерекше грамматикалық құрылым мынандай көріністен шықты die nono ante Kalendae Septembres (қыркүйектің календаларының алдындағы 9-ы күні); ante шылауы бірінші орында анықталып отырған күннің атауы табыс септігінің формасын қабылдайтын болғандыұтан тұр: ante deim nonum Kal. Septembres. Ante Diem тіркесі кей кездерде түсіп қалуы мүмкін.

§482. Циклдың төртіншіжылы 24 ақпаннан кейін қосымша күн қойылды, яғни наурыз календасының алдындағы 6-ы күннен кейін (24, 25, 26, 27, 28 ақпан және 1 наурыз – 6 күн), және ол ante diem bis sextum Kalendas Martias (наурыз календаларының алдындағы қайталанған алтыншы күні) деп аталды.

Қосымша күні бар жыл bi(s)sextilis (қайталама алтыншы күні бар) деп аталды, осыдан орыс тіліне високосный атауы енді.

Жылдың үлгісі Kalendarium (осыдан календарь – күнтізбе) деп аталды, осылай қарыз кітабы да аталған ( пайыздарды календа кезінде төлеген).

 

Оргеторикс Швейцариядағы, сөзсіз, ең атақты және бай адам болған. Оның білікті жұрт арасында келісімшарт құрып, қарапайым халықты өздерінің барлық күш-жігерімен өз аралдарынан шығуға сендіріп, егеменді елді айдап салушы М. Мессала және М. Писоне деген елшілері болды. Оларға Галлияны түгелдей жаулап алу оңайға түсті. Бұл үшін ол елшілерді жеңіл жолмен, яғни гельтветтер әрбір жақтан табиғи байлықпен қамтамасыз етілген деп сендірді: бір жағынан өте ауқымды және терең Швейцария территориясын Немістерден бөліп тұрған Рейн өзені, келесі бетінде гельтветтердің биік шыңы Юра, үшінші беті гельтветтердің губерниясы, Рон өзені мен Женева көлі. Бірақ соғысқанды жақсы көретін жігіттері бар көршілерімен соқтығысу оларға қиындау болды. Соғыс бітті, 180/240 қатерге тігілгенмен, ол халықтың және мемлекеттің пайдасына шешілді.