ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Республикасы қазір әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі. Ол саяси картада 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Парламенті мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылдағаннан кейін пайда болды. Қазір біздің елімізді барлық құрлықтағы елдер біледі. Ол әлемнің барлық беделді мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақстан – жаңа қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы – Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себеп болып отыр. Осы салалардың өсуі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. «2003-2015 жж. арналған индустриялы-инновациялық даму стратегиясы» Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған. Инновациялық даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан елді тиімді басқару жүйесін құрып, шекара мәселелерін толық шешіп, өзінің экономикалық-географиялық жағдайын жақсартуға кірісті.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз:

2.Қазақстан қандай мемлекеттермен байланыс орнатты?

3.Қазақстан шаруашылығының басты саласы не?

4.Инновациялық даму қандай мүмкіндік береді?

5. Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

6.Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.

7.Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: шаруашылығының,

тәуелділігін, мәселелерін.

8.Досыңызбен осы тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы,

1991.

 

СОӨЖ: Ұлы іс отаншылдықтан туады» тақырыбы бойынша әңгімелеу.

Әңгіме жазу

СӨЖ: «Отан» тақырыбына бйланысты мақал-мәтел жазып жаттау. «Туған жер» тақырыбына өлең жаттау. «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» тақырыбына слайд жасау.

Тақырып. Білім –байлығымыз.

А) Ы. Алтынсарин

Кітап білім-бұлағы

Грамматика: Зат есім

БІЛІМ – БАЙЛЫҒЫМЫЗ

 

«Әр халықтың дамуы үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек», - деген екен Ш.Уәлиханов. Ел азаматтығын алысымен тарихи-әлеуметтік болмысына сай жаңа білім жүйесін құрудың аса қажеттілігі туды. Бұл міндетті атқару бұрынғы білім проблемалары институты үшін салмағы ауыр жүк болатын.

Мемлекетіміздегі үздіксіз білімді дамыту мақсатында құрылған Академия құрамындағы үш ғылыми-зерттеу институттарының (Жоғары білім институты, Кәсіптік білім институты, Орта білім институты) құрылуы да Республиканың білім беру болашағынан үлкен үміт күтетіні сөзсіз.

Ғылым мен практика, бейнелеп айтқанда, құстың қос қанатындай немесе ашық мұхиттағы қайықтың ескексіз жүзе алмайтындай бір-бірімен тығыз байланысты. Ертеңгі ұрпақтың мектеп қабырғасынан сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуына осы байланыстың әсері мол.

Қазақстандық экономиканың жетістігі, көбінесе, бәсекелесуге қабілетті жоғары технологиялық экономика үшін мамандардың жаңа буынын дайындауды қамтамасыз етуге арналған жоғары білім беру жүйесін қайта құру. Біздің Республикамызда қоғамдағы және еліміздің білім беру саясатындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерден туындайтын жалпы стратегиялық міндеттерді бейнелейтін жоғары білім берудің мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы дайындалды.

 

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, аударыңыздар.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3.Мәтінді аударып, әңгімелеңіздер.

4.Мәтіннен жалқы зат есімдерді теріп жазыңыздар.

5.Мәтіннен туынды зат есімдерді теріп жазыңыздар.

 

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

(1841-1889)

 

Қазақ әдебиетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға-Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңшыл педагог, жазушы, ауыз әдебиетін зеттеуші этнограф. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Арқақарағай болысында, қазіргі Затобол ауданында туған. Атасы Балқожа белгілі би болған.Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болды.Ол өз бетімн оқып, білім алған. Ыбырайдың білім алуына шығысьы зерттеуші ғалым В.В.Григорьевтің үлкен әсері боды. Ол халыққа білім беруді арман етті. Ыбырай Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарды. 1860 жылы Торғайда қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылды, әрі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді.Ыбырайдың ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталды.Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса бырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады.

Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, балаларға білімнің ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарда оқушыны Отан суйгіштікке, еңбекке, кісілікке тәрбиелейтін ғибратты шығармалары орын алған. Текқана оқу-ағарту жұмыстары ғана емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық-саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, этнографияға қатысты мақалалар жазды.

Жаңа сөздер:

аса көрнекті – выдающийся фольклоршысы – фолклорист белгілі би - известный бий атасы Балқожа - дед Балхожа өз бетімен оқып - занимался самообразованием шығысты зерттеуші – востоковед тілмаштық - переводческий бастауыш мектеп-начальная школа кемелденуіне – развитию басталады - начинается қаржы - финансы ғимарат- корпус, сооружение әдістемелер - методики еңбек - труд ғылым - наука мақалалар – статьи тұлға - личность

 

1. Ыбырай Алтынсарин кім»?

2. Ы.Алтынсариннің қандай педагогикалық еңбектерін білесіздер?

3. Ы.Алтынсарин мектеп пн интернат ғимаратын салтанатты түрде қай жылы

ашқан?