ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана. Ол – бұрынғы Ақмола қаласы. Қала 1824 жылы салынған. 1961 жылға дейін қала – Ақмол, 1961 жылдың 24 сәуірінен бастап Целиноград деп аталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан республикасының жаңа астанасы болып жарияланды. Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.

Қала Сарыарқада, Есіл өзенінің екі жағасында орналасқан. Ертеден Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған ірі тасымал торабы.

«Астананың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» деп аталатын бағдарлама бойынша бой түзеген көрікті үйлер, «Океанариум», «Дарын орталығы», «Салтанат сарайы», «Бәйтерек», Астана әуежайы, Елбасының резиденциясы - Ақорда осының бәрі ғажайып ертегілерді еске салады.

Қазір Астанада С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеті, Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана мемлекеттік медицина академиясы, педагогикалық, медициналық колледждер, бірнеше кәсіптік білім беретін оқу орындары бар.

Астана ХХ ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сөздіктер құрастырыңыз.

3. Астана қаласы туралы не білесіз? Әңгімелеңіз.

4. Мәтіннен жалқы, жалпы есімдерді тауып мысалдар келтіріңіз.

5. Мәтіннен септік жалғауларын тауып, мысал келтіріп,сөздерді септеңіз.

ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ ӘУБӘКІРОВ

Сынаушы ұшқыш, СССР Қорғаныс министрлігі әскери-әуе күштерінің Микоян атындағы конструктор бюросының қызметкері, Совет Одағының Батыры атағын 1988 жылы алған.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарқаралы ауданындағы «1 Май» совхозында туды. Ол ауыл мектебінен сегізжылдық білім алды, мектепте алғыр, пысық оқушы ретінде көзге түсті.

Тоқтар жас кезінен-ақ ұшқыш болуды армандаған еді. Тіпті оның балалық ойындарының өзі тәуекелге толы, қиын да күрделі жағдайлардан тайсақтамайтын болған. Ұшқыштар даярлайтын оқу орнына түсудің оңай емес екендігін білген арманшыл бала өзін осы кәсіпке жасынан дайындады. Бірақ тағдыр адамның айтқанымен жүрмейді ғой. Үйдегі бас көтерер жалғыз өзі болған соң он бес жасында еңбекке араласты. Тұрмыс тауқыметі қиындап, Теміртаудағы әпкесінің үйіне көшіп келді.

Теміртауда Тоқтар әуелі асханада жүкші болды. 1962 жылы құю механикалык заводқа шәкірт болып еніп, аз уақатта танымал шебер дәрежесіне көтерілді.

1963 жылы Тоқтар заводта жұмыс істей жүріп кешкі мектепте оқыды. Оның үстіне Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы аэроклубта дәріс алды.

1965 жылы ол Теміртау қалалық эскери комиссариатына өтініш беріп, Армавирдегі әуе училищесіне окуға кетті. Оны 1969 жылы инженер-ұшқыш мамандығы бойынша лейтенант шенімен тәмамдады. Бұдан кейін Қиыр Шығыста әскери бөлімдерде қызмет етті.

Тапқыр да табанды, білімді әрі жүректі жігіт жолдастарының көзіне бірден түсті, 1976 жылы сынаушы-ұшқыш - мектебін бітіргеннен кейін Қорғаныс министрлігінің Микоян атындағы конструктор бюросына жұмысқа шақырылды. Қазір сонда істеп жүр.

1988 жылдың қараша айында «Правда» газетінде бүкіл облыс жұртшылығына қуаныш әкелген хабар шықты. Онда Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың Кремльде Совет Одағы Батырының Алтын жұлдызы мен Ленин орденін алғаны жазылған.

Былтыр Тоқтар елге келіп қайтты. Оның жанында досы әрі ұстазы Совет Одағының Батыры П. М. Остапенко бар еді. Қарқаралының көрікті аймақтарын аралап, өскен Теміртауын қызықтады. Қарағандыдағы Нүркен ағасы атындағы авиа-мектепте болды.

Қазір сынаушы-ұшқыш, біздің жерлесіміз Әубәкіров тағы да талай маңызды тапсырмаларды орындау үстінде...

 

Тапсырмалар:

1.Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

2.Сөздерді оқып, аударыңыз. Айтылуына, жазылуына көңіл бөліңіз

СОӨЖ : 1. Жағдаятты дамыту.

а) Қонаққа келген досыңызды қалаңыздың мәдени, тарихи

орындарымен таныстырыңыз.

б) Сіз басқа қалаға келіп, қонақ үйге орналастыңыз. Сол жерде

танысыңызды кездестірдіңіз, алған әсеріңізбен бөлісіңіз.

2. Бейнефильм

СӨЖ: «Ғалам және ғасыр» тақырыбына реферат. «ХХІ ғасырдың жетістіктері» тақырыбына шығарма. «Қазақстан және ғарыш» тақырыбына әңгіме.

 

 

Тақырып. Азаматтық қалай анықталады.

а) ҚР-ның Конституциясы (Ата заңы)