Ауыр ағымды тұмаумен негізделген психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы» клиникалық жағдай

  Жауап эталоны
1. Науқастың жүріс-тұрысын бағалау Төсекте болған кездегі науқастың жүріс-тұрысын бағалау және оның дәрігер кіргендегі реакциясы (қорқыныш күшейеді, үрей, қорғану).
2. Аурудың басталуын нақтылау Науқастың психикалық жағдайының өзгеруі дене температурасы жоғарылауымен және психомоторлы қозу пайда болуымен сәйкес келеді.
3. Науқастың жүріс-тұрысын нақтылау Психопатологиялық бұзылысы бар науқастың жүріс-тұрысын нақтылау (үрей, қорқыныш сезімі, дене қалпын үнемі ауыстрады, бір жаққа ұмтылады, үстінен бірдеңелерді алып тастайды, біреуден қорғанады).
4. Дәрігердің науқаспен сөздік байланысқа түсуге әрекеттенуін бағалау Сұрақты қайталау жолымен, қайда отырғанын, кіммен сөйлесіп отырғанын, бүгін қандай күн екенін анықтау мақсатында науқаспен сөздік байланысқа түсу (науқас қайда отырғанын, қандай күн екенін, кіммен сөйлесіп отырғанын білмейді, өзінің аты-жөнін айтпайды).
5. АҚ, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу және интерпретациялау Бұл ем-шаралар диагнозды нақтылау үшін ғана емес, дұрыс емдеу үшін де маңызды.
6. Науқастың жүріс-тұрысын бақылау және қойынған сұрақтарға реакциясын бағалау, спонтанды баяндауларды, орынға, уақытқа және тұлғалық бағдарын есепке алу Психикалық жағдайдың сыртқы көріністерін талдау толық жүргізілді (мимикалық, сөйлеу, эмоциональды реакцияларын, науқастың вербальды қатынас дәрежесін ескеру)
7. Спонтанды баяндауларды интерпретациялау Спонтанды баяндауларды интерпретациялау: «жылан», «аңдар», «адамдар», «жібермеңдер» және оның уайымын нақтылау әрекетіне реакциясы («міне олар өрмелейді, шабуылдайды», үрейді сезінеді).
8. Психикалық жағдайды синдромалды бағалау Науқастың көңіл-күйін, сырт келбетін, психомоторлы қозу, галлюцинациялық бұзылыстар ерекшеліктерін, сананың қарауытуы және оның түрлері болуын бағалау керек.
9. Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Психотикалық бұзылыстармен соматикалық аурулар фонында алғашқы көріністер басталуы.
10. Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Жоғары температура фонында делирий түріндегі психомоторлы қозу және сананың бұзылысы.
11. Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Тұлғалық бағдары сақталуы кезіндегі, орынға, уақытқа дезориентировка
12. Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Қорқынышты көру галлюцинациясының басымдығы және оларға белсенді реакция.
13. Ажырату диагностикасы Делирийдің сананың қарауытуынан және вербальды галлюциноздан айырмашылығын көрсете отырып, делирий белгілерін толық көлемде атап шықты.
14. Мүмкін болатын асқынулар Әлеуметтік-қауіпті әрекеттер жасау.
15. Психотикалық жағдайды жоюға арналған препараттар тағайындау Емдеу тактикасын тағайындады: 1. б/е 10 мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізу; 2. 2,5% аминазин ерітіндісі 2-3 мл б/е; 3. Реланиум 2-3 мл б/е; 4. 6% гексенал ерітіндісі 6 мл б/е; 5. Зипрекс 10 мл б/е; 6. Гипертермиялық қасиетіне байланысты галоперидол, тизерцин, мажептил тағайындамау.
16. Психотикалық жағдайды жою үшін тағайындалған препараттарды негіздеу Соматикалық жағдайдың ауырлығын, психопатологиялық көріністер айқындылығын, сананың бұзылысы түрін бағалады. Оценив общее состояние больной и выраженность психомоторного возбуждения в результате делириозного помрачения сознания
17. Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау · Науқасты оқшаулау (мүмкін болса) · Жеке тәулік бойы санитарлық пост · Психомоторлық қозу кезінде есі қалпына келгенше жоғарыда аталған препараттардың бірін енгізу · Массивті дезинтоксикация және витаминотерапия · Негізгі ауруды белсенді емдеу · Көп мөлшерде сұйықтық ішу және рационалды калориялы тамақтану · Қанның жалпы және биохимиялық талдауы · Психиатр кеңесі · Невропатолог кеңесі · Инфекционист кеңесі
18. Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу дұрыстығы Психофармакологиялық және психофармакологиялық емес заттармен психикалық бұзылысты емдеудің адекватты тактикасын анықтады.

 

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Интернге арналған тапсырма;

2. Стандартталған науқасқа арналған сценарий;

3. Емтихан алушыға арналған ақпарат (қадамдарды бағалау критерийі, жауаптар эталоны);

4. Әртіс – науқас.