Араб шығыстық ортағасырлық философиясы

Мақсаты мен міндеттері:Ортағасырлық батысеуропалық және арабтілдік философияның ерекшеліктерін анықтап, салыстырмалы талдау жасау

 

Жоспар:

1. Ортағасырлық батысеуропалық философияның ерекшеліктері мен формалары.

2. А.Августин және Ф.Аквинский философиясы. Универсалий мәселесі. Номинализм және реализм, концептуализм

3. Ислам мәдениеті және философиядағы негізгі бағыттар мен ағымдарының қалыптасуы.

4. Шығыстық перипатетизм философиясы (әль-Кинди, әль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд).

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

4.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002

5. Соколов В.В. Средневековая философия. М., 1979 (1990).

6.Коплстон Ф,И. История средневековой философии. М., 1997.

7. Сагадеев А.В. Ибн-Сина (Авиценна) – М.,1980

8. Средневековая арабская философия. Проблемы и решения – М., 1998.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

ü Абсолюттік тұлға қағидасы; Монотеизм;

ü Теоцентризм (бүкіл дүние, адамзатты Құдай жаратты, Құдай философиялық ойлаудың негізгі тақырыбына айналды);

ü Креационизм-Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда;

ü Провиденциализм-Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі;

ü ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние құбылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінбеді, өйткені олар Құдайдың жаратқаны;

ü философияда екі дәстүрдің синтезі-антикалық философия мен христиандық аян ілімінің қабысуы;

ü мән мен тіршілік, ерік пен парасат, сенім мен білім арақатынасы;

ü жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде) үстем болды;

ü Құдай тағылымы шеңберінде адамның ерік еркіндігі принципі сақталды;

ü Құдайға құлшылық еткен жағдайда келешекте қайта тірілу (жан мен тән) идеясы дәріптелді;

ü адам мен адамзатты Иса пайғамбар құтқарады, әрі ол бүкіл адамзаттың күнәсін мойына алып кешірімділік жасайды (арылу идеясы);

ü дүниені тану Құдайды тану, Құдайға сену арқылы жүзеге асады.

Жаратылу догматы:

ü Құдай дүниені жоқтан жаратты;

ü дүниенің жаратылуы Құдайдың қалауының, ерігінің нәтижесі;

ü дүние Құдайдың құдіретімен тұр;

ü табиғат өздігінен өзін жарата алмайды;

ü Әлемдегі жалғыз жасампаздық бастама-Құдай;

ü Құдай мәңгі, тұрақты және бәрін білуші;

ü нағыз болмыс тек Құдай болып табылады;

ü Құдай жаратқан дүние нағыз болмыс емес, ол Құдайдан пайда болған, туынды;

ü дүниені Құдай жаратқандықтан, дүние өзіне-өзі ие емес, тұрақсыз, өзгермелі және уақытша;

ü Құдай мен Оның жаратқанының арасында шек жоқ, шекара жоқ.

Аян догматы:

ü дүниені тек Құдайды тану арқылы тануға болады;

ü таным үшін Құдай тылсым (Құдайға біліммен жете алмайсың);

ü Құдайды тануға болмаса да, Ол Өзін аян арқылы - Інжілде (өзі туралы ізгі хабар) Өзін тануға мұрсат берді;

ü Құдайды және барлық мәнділікті танудың жалғыз жолы -Інжілді ұғу;

ü Құдайды тек сенім арқылы тануға болады.

 

Ортағасырлық философияда қайырымдылық пен зұлымдылық(жамандық пен жақсылық) мәселесі де қарастырылды;

Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесінің шешімі жаратылу идеясынан туындайды:

ü дүниедегі барлық шарапат Құдайдан;

ü Құдай қайырымдылық пен әділетілікті беруші, демек қоршаған дүние басталуынан қайырымды;

ü дүниеге залымдықты күнәқар періште-ібіліс әкелді, ол Құдайға қарсы шықты;

ü бастапқы дүниеде зұлымдылық болмағандықтан, ол жиі қайырымдылықты бүркініп өзінің қара мақсатарына жетеді;

ü дүниеде қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі толастамайды, бірақ дүниені Құдай жаратқан, Құдай мейірімді, сондықтан түбінде қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.

 

Патристика(лат.patres -әке)-II-VIIIғ.ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Патристика шеңберінде мына кезеңдерді атап өтуге болады:

ü Апологетика (грек. апологемай-қорғаймын, ақтаймын)-II-IIIғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;

ü Классикалық патристика-(IV-Vғ.ғ.)-тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялықмәселе, яғни Исадағы (Христос) екіұдайлық, яғни құдаи және адами екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәқарлық табиғаты жөніндегі ілім;

ü соңғы кезең (VI-VIIIғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика (лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:

ü ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);

ü кемелденген схоластика (XIIIғ.);

ü соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

ü құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

ü білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

ü креационизм, провиденциализм;

ü пантеизм мен аввероизммен күрес;

ü сенімнің парасаттан үстемдігі;

ü жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

ü Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

ü Номинализм (лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".

Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;

Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:

ü универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;

ü олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;

ü адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: Монотеизм, креционизм, провинденциализм, догматизм, патристика, апологетика, схолостика, реализм, номинализм, концептуализм, универсалий, томизм, суннизм, шиизм, суфизм, шығыстық перипатетизм т.б.

 

Дәріс № 5.