Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия

Мақсаты мен міндеттері:Ренессанс дәуірі философиясының ерекшеліктері.

Қайта өрлеу заманы философиясының өкілдеріне жалпы сипаттама беру.

 

Жоспар:

1. Қайта өрлеу заманы философиясының ерекше белгілері, сипаты.

2. Ренессанс кезеңіндегі гуманизм прнципі (Ф. Петрарка, Д. Алигьери, Л. Валла).

3. Натурфилософия және пантеизм (Н. Кузанский және Дж. Бруно).

4. Философия және әлеуметтік утопия (Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла).

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Горфункель А.Х. Философия Эпохи Возрождения. Л., 1980.

4. Лосев А.Ф. Эстетика Возрождения. М., 1978.

5. Рутенбург В.И. Титаны Возрождения. Л., 1976.

6. Данте А. Божественная комедия. М., 1967.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.

Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:

ü еңбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталистік қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;

ü сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;

ü ұлы жағрапиялық жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);

ü ғылыми-техникалық жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);

ü ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;

ü ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;

ü Шіркеу мен схоластикалық философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.

Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:

ü антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;

ü мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;

ü гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытқа деген құқын анықтай бастау;

ü антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;

ü пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;

ü аристотелизм, платонизм, стоикалық және Эпикурлық философиясы ойларының модификациясы;

ü дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);

ü Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;

ü индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;

ü әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;

ü философиялық ойлаудың антифеодалдық, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары:

ü гуманистік;

ü неоплатондық;

ü натурфилософиялық;

ü реформациялық;

ü саяси;

ü социалистік- утопиялық.

Соңғы үш ағымды "әлеуметтік - саяси бағыттар" деп атауға болады.

Гуманистік бағыт ХІV ғ.-ХV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:

ü адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті;

ü антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;

ü ортағасырлық Құдаи, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;

ü антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;

ü гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жақын болды.

Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.

Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: "Құдіретті комедия" (Тозақ, Арылу, Жұмақ), "Той", "Жаңа өмір". Өз шығармаларында Данте:

ü христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;

ü адамды мадақтады;

ü адамды құдаи жаратылым деуден алшақтай берді;

ü адамды құдаи және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну;

ü адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.

Франческо Петрарка(1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары : "Өлеңдер кітабы", "Менің құпиям".

ü адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;

ü адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;

ü адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;

ü адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;

ü о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;

ü адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.

Лоренцо Валла (1507-1557) - "Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы" деген трактаттың авторы.

ü Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;

ü адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;

ü адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;

ü әйел мен еркек теңдігін жақтады;

ü белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;

ü аскетизмді терістеді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды ұғынды.

Неоплатондық бағыт (XVғ. ортасы- XVI ғ. ) Платон ілімін дамытты, идеализм тұрғысында табиғатты, Ғарышты, адамды тануға ұмтылды.

Неоплатонизмдік ағым негіздері:

ü мызғымастай орныққан, жүйеленген схоластикалық философияға қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге әкелді;

ü дүниенің жаңа бейнесін жасады, Құдаи дүниеден гөрі, заттар дүниесінен бұрын алғашқы идеялардың маңызын дәріптеді;

ü адамның құдаи табиғатын мойындай келе, сонымен бірге оның өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды;

ü бұрынғы өткен философия қағидаларын қайта қарастырып, біртұтас әлемдік философиялық жүйе құруға тырысты.

Николай Кузанский (Кребс) (1401-1464) неміс ойшылы, діндар, Қайта Өрлеу заманының диалектигі. Оның шығармалары: "Ғалымдық білімсіздік" , "Ғалымдық білімсіздік апологиясы" және т.б. Куза идеялары:

ü Құдай мен дүние болмысында қайшылық жоқ, қарама-қарсылықтардың бірлігі диалектикасы;

ü "Бірлік" (Құдай) пен "шексіздік" (жаратылым) минимум мен максимум қатынасындай қатынаста болады;

ü абсолюттік минимум және абсолюттік максимум дегеніміз бір нәрсе;

ü сызық нүктеден қалай басталса, дүние Құдайдан солай басталады;

ü қарама-қарсылықтың бірлігінен форма мен материя, мән мен тіршілік, эссенция мен экзистенция сәйкестігі туындайды;

ü идея мен материя бір;

ü актуалды шексіздік (бәрін өзіне сіңіретін) шындықта бар;

ü Әлем шексіз, оның басталуы да, аяғы да жоқ, орталығы да жоқ, Жер Әлем орталығы болып табылмайды;

ü Әлемнің, қоршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі;

ü абсолюттік (толық) білімге жету мүмкін емес, білімнің көбеюі ғалымдыққа әкеледі, бірақ ақиқи білім бермейді ("ғалымдық білімсіздік"- Николай Кузанский термині);

ü Құдаиадамилық, христиология идеялары.

Джованни Пико делла Мирандола (1463-1494) өзіне белгілі барлық діни және философиялық ілімдерді біріктіріп эклектикалық "900 тезистер" деген кітап жазды. "Гептапл" (жеті күндік жаратылу) деген де шығармасы болды.

Мирандола идеялары:

ü үш дүниенің иерархиясы: періштелік-аспандық-жердегі;

ü адамды қоршаған дүниеден бөле қарастырды (адам ғарыштың "төртінші дүниесі");

ü адамның еркіндікті таңдау мүмкіндігін мойындау;

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, гелиоцентризм, гоецентризм, реформация, утопиялық социализм т.б

 

 

Дәріс №6.