Сананы философиялық ұғыну

Мақсаттары мен міндеттері:Сана философиялық категория ретінде. Философия тарихында сананың феноменiнiң түсiнуiн қалыптасуы.

 

Жоспар:

1. Философия тарихында сана мәселесі. Сананың генезисі.

2.Сананың болмысы. Қоғамдық және жеке сана, олардың арақатынасы.

3. Саналық пен бейсаналық. З. Фрейдтің бейсаналық концепциясы. К. Юнгтің архетипттері.

4. Қоғамның сана формалары.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

Доброхотов А.Л. Категория бытия в классической западноевропейской философии. М., 1986.

Мир философии. В 2-х частях. М., 1991.

Алексеев П.Л., Панин А.В. Философия. МГУ. 1999.

Диалектическая логика в 3-х т. Алматы. 1987.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:

· сана бар, ол шындық;

· сана ерекше, идеалды мәнге ие.

Сана мәселесін зерттеуде философияда мына әдістер бар:

· физикализм;

· солипсизм;

· объективтік идеализм;

· байсалды материализм.

Физикализм-сана мәселесін қарастырудағы шектен шыққан материалистік көзқарас, олардың пікірінше, өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды және оны физика, өзге жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерімен ұғынуға болады,- дейді.

Физикализм мына деректерге сүйенеді:

· адам миы шын мәнінде табиғаттың ең күрделі"механизмі", материя ұйымдасуының жоғары деңгейі;

· адам санасы мисыз өмір сүре алмайды, ал ми - биологиялық орган;

· адамзат жасанды интеллект- компьютер, яғни материалдық объект жасай алады;

· адам организміне, ағзасына медикаментоздық әсердің болуы, оның санасын өзгертуге әкелуі.

Бірақ, физикалистерді сананың идеалдығы тұйыққа тірейді. Адам санасындағы бейнелер материалдық сипатқа, яғни масса, иіс, форма және т.б. ие емес. Соған қарамай физикализм (әсіресе неопозитивизм шеңберінде) кең тараған:

· "барабарлық теориясы" (Д.Армстронг, Дж. Смит) - рухани процестерді өзге тәндік процестерге - қан айналым, дем алу, мидағы құбылыстарға телу;

· "элиминация" теориясы (Ф.Фейерабенд) - "рух", "руханияттық" ұғымдары ескірген, ғылыми емес, сенушілікке негізделген деп дәлелдеу;

· тұрпайы материалистер теориясы (Фохт және т.б.) - "бауыр өтті қалай шығарса, мида ойды солай шығарады".

Солипсизм– бұл да шектен шыққан көзқарас, жеке адам санасы – ең айқын, дәлелденген шындық, ал материалдық дүние – тек жеке сана туындысы (Бұл субъективтік идеализм өкілдері – Беркли, Юм, Фихте және т.б.).

Физикализм мен солипсизм аралығында тұратын көзқарастар:

· объективтік идеализм– сананың да, материяның да барлығын мойындайды, бірақ сананы алғашқы, «объективтік, әлемдік сана» деп ұғынады.

· байсалды материализм– сана материяның ерекше қасиеті, жоғары ұйымдасқан материяның өзін өзі бейнелуі (идеалдықты да мойындау) деп ұғыну. Бұл кеңестік, ресейлік философияға тән көзқарас.

Сонымен қатар сананың шығу тегітуралы мәселе де күрделі, оның негізгі үш түрін атап өтейік:

· сананың ғарыштық (немесе құдаи) пайда болуы;

· сана барлық тірі организмдерге тән;

· сана – тек адамға ғана тән құбылыс.

Ғарыштық (құдаи) көзқарасбойынша сананы Құдай жаратқан, ғарыштан Жерге келген, біртұтас, бірегей «әлемдік сана» әрбір жеке адамға, тірі организмдерге дарыған, тараған. Осы көзқарасқа жақын өзге де теориялар кездеседі:

· монада теориясы – монадология – Лейбництің пікірінше дүниеде бөлінбейтін, мәңгілік, алғашқы рухани бөлшек – монадалар болады, оларда Әлем энергиясы сақталған және монадалар сана мен материяны туындатады;

  • П.Шарден теориясы бойынша сана – адамнан жоғары тұрған мәнділік, материяның «ішкі жағы», «миы»;
  • Рейзердің психосфералық теориясы бойынша Галактика – орасан зор парасат, ақыл, ол адам миымен түйісіп оны парасатпен «зарядтайды»;
  • гилозоизм теориясы бойынша барлық материя (тірі, өлі, алуан түрі) жанданған, жаны бар.

«Биологиялық» көзқарастасана – тірі табиғаттың жемісі және барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Инстинктер тек туа біте ғана пайда болмайды, сонымен бірге жүре біте пайда болады. Жануарларға өзіндік «мораль», тіршілік тәртібі, сапа және т.б. тән.

"Адами" көзқарастұрғысынан алғанда сана - тек адам миының жемісі және адамға ғана тән құбылыс, ал жануарлар санаға емес, тек инстинктке ие. Бірақ қазіргі заман ғылыми зерттеулер жануарларда да сана элементтерінің болуын жоққа шығармайды.

Бұрынғы кеңестік, қазіргі ресейлік философияда сана мәселесін материалистік тұрғыдатүсіндіру бейнелеу теориясынасүйенеді. Бұл теорияның мәні: "Сана- объективтік шындықты бейнелейтін жоғары ұйымдасқан материя - адам миының функциясы, қасиеті. Ол - объективтік дүниені психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы".

Бұл көзқарастың негізіне Ф. Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі" деген шағын шығармасы арқау болды. Еңбек - адамның мақсатталған қызметі, адамды адам еткен еңбек. Ф. Энгельстің пікірінше сана генезисі, адам эволюциясы шамамен мына кезеңдерден өткен:

· онтогенездің филогенезді қайталауы. Тік жүру, аяққа тұру;

· отты пайдалану, тамақты сіңіру процесі;

· ет тағамы, витаминдер, фосфордың маңызы;

· хайуанаттарды қолға үйрету - дайын ет, сүт, жүн, киім -кешек;

· өсімдіктерді культивациялау;

· көру қабілетін (183°) жетілдіру, зейіннің шоғырлануы;

· қолдың рөлі, еңбек құралын жасау; Адам мыңдаған операция жасайды;

· еңбек процесі - миды дамытады, сөз бен тілді, сананы жетілдіреді.

 

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:сана, физикализм, солипсизм, жеке сана, қоғамдық сана, өзіндік сана, т.б.

 

Дәріс№13.