ДӘРЕТ САУЫТЫН (СУДНОНЫ) БЕРУ

Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішегін және қуығын босату кезінде қолданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған дәрет сауытын (судноны), кленканы, жаялықты, қолғаптарды, кермені, суды, әжетхана қағазын, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз.

3. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына кленканы, оның үстінен жаялықты тосеңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасқа аздап бір жақ қырына бүрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.

6. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз.

7. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.

8. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.

9. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет сауытын оң қолмен ұстап түрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз.

10.Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет сауытына салыңыз.

11.Дәрет сауытын, кленканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз.

12.Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз.

13.Дәрет сауытын жаялықпен немесе кленкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.

14 Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз.

15.Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек жэне төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде колданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дэке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

3. Корпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жақка алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны оз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Оң қолыңызға зэр қабылдағышты алыңыз жэне оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

7. Сол қолыңызға дэке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

8. Жыныс мүшесін зэр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дэке сүрткілерін алып тастаңыз.

9. Науқасты көрпесімен жабыңыз жэне оны жалғыз қалдырыңыз.

ІО.Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып,

кермені жинап алыңыз.

11.Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке_сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 12.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

КӨЗДІ КҮТУ

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын- алу, қалі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинңетті (іскекті), ундннканы, көз стакандарын, 1:2000 фураңиллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.

3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.

6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.

7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).

8. Дәке тампонын фураңилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.

9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.

10.Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде:

сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын қүрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.

11.Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.

12.Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14.Қолыңызды жуып ,кептіріңіз.

 

Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жүғуы мүмкін.

 

 

ЛАҚТЫ КҮТУ

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.

Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз.

3. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.

4. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз.

5. Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).

6. Алдын-ала су моншасында (1-36-37°С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.

7. Оң қолыңызга мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; қүлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.

8. Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.

9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөліністер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.

10.Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

11 .Қолғаптарды шешіңіз.

12.Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.

 

МҰРЫН ҚУЫСЫН КҮТУ

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын, науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.

4. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.

5. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.

6. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

7. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.

8. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мүрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (катып қалған қабыршықтар болған кезде).

9. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.

10.Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

11 .Қолғапты шешіңіз.

12.Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.